ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет109/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153

Шыңқылдақ бір күнде тоғыз арба істейді. 

–  Япырмай,  біз  тоғызымыз  бір  тоғыз  арба  істейміз,  жалғыз  Шыңқылдақ  бір  тоғыз  арба  істейді,  осы 

Шыңқылдақтың арбасын қиратайық, – деп, арбасын балталап, сындырып тастады. Шыңқылдақ арбасын 

жағып, қапқа салып алып келіп, бір ауылға келді. Сонсын әлгі ауыл қаптағыңды көрсет, – дейді. 

– Жоқ, көрсетпеймін, көрсеңдер, көмір болып кетеді, – дейді. – Бірақ көрсетейін, көмір болып кетсе, алтын 

менен күміс берсеңдер, – дейді. 

– Жарайды, береміз, – деп, көреді. Көрсе, көмір, сонсұн бір қап алтын менен күміс алады. Оны үйіне алып 

келді. Тоғыз Тоңқылдақ айтты: 

– Бұны қайдан әкелдің? – деді. 

– Жалғанда көмір бұл екен, мына жақтағы ел бір қап көмірге бір қап алтын береді екен дейді. Сонсұн 

тоғыз  Тоңқылдақ  арбаларын  қиратып,  жағып,  қапқа  салып  әкеледі.  Алтын  менен  күміс  беріп,  көмір 

алатындарың бар ма? – дейді. 

– Өзің не оттап жүрсің? – деп, ұрып қоя береді. 

– Әй, бәлем, Шыңқылдақтың бұзауын өлтірейік,  – деп, үйіне келіп, Шыңқылдақтың бұзауын балталап 

өлтірді.  Тағы  да  Шыңқылдақ  бұзауын  сойып  жатыр  еді,  алты  ақ  бас  атан  келді.  Алты  ақ  бас  атанның 

басына қанды жағып жіберді. Сонсұн бір кісі келді. 

– Әй, адам, алты ақ бас атанды көрдің бе? 

– Жоқ, көргем жоқ. Менің бір алты қызыл бас атаным көрінсе, айдап жібере сал, – дейді. Әлгі кісі алты 

қызыл бас атанды көрдік [деп], Шыңқылдаққа айдап кеп берді. Шыңқылдақ түйені үйге айдап келді. Тағы 

да тоғыз Тоңқылдақ: 

– Түйені кім берді? – дейді. 

–  Жалғанда  өлген  бұзау  бұл  екен.  Мына  жақтағы  ел  өлген  бұзауға  түйе  береді  екен,  –  дейді.  Тоғыз 

Тоңқылдақ бұзауларын балталап, арбаға салып, бір ауылға алып келеді. 

– Әй, өлген бұзауға түйе беретіндерің бар ма? – дейді. 

– Не сандалып жүрсің? Өлген бұзауға кісі түйе бере ме екен? – дейді. 

Қайтып тағы үйіне келді. 

Әй, Шыңқылдақтың шешесін өлтіріпті. Тағы Шыңқылдақ өлген шешесін киіндіріп, түйеге мініп, шешесін 

алдына алып келе жатыр еді бір ауылға, әлгі ауылдың қыздары «келіншек келеді» деп, жүгіріп келе жатыр 

еді. 


– Ой, қыздар, әрі жүр, түйем жығып кетеді, – депті. Ол қыздар тыңдамай келе жатыр еді, түйенің шабынан 

бізін пісіп алды, түйе тулап, әлгі «келіншек» жығылып қалды. 

– Айтса, болмайсың, – деп, ауылының ақсақалдарына келіп айтады. 

– Ауылдың қыздары келіп, түйемді үркітіп, келіншегім өліп қалды. Маған қатын беріңдер, – дейді. Сонсұн 

ақсақалдар орнына бір қыз беріпті. Ол қызды үйіне алып келеді. 

Сонсұн тоғыз Тоңқылдақ сұрайды. 

– Сен қатынды қайдан әкелдің? – дейді. 

– Жалғанда өлген кемпір бұл екен, – деп айтыпты, тоғыз Тоңқылдақ барып, шешесін өлтіріп, арбаға салып 

алып: 

– Әй, өлген кемпірге қыз беретіндерің бар ма? – депті. 



– Не сандалып жүрсің? Өлген кемпірге кісі қыз бере ме екен? – депті. 

Ұрып жіберіпті. Сонсұн үйіне келіп, бәрі – тоғыз Тоңқылдақ келіп, Шыңқылдақты бір бәйтерекке әкеп, 

таңып  тастайды.  Енді  өртейміз  деп,  отқа  кетіпті.  Сонсұн  Шыңқылдақ  жан-жағына  қараса,  бір  кісі  қой 

айдап келе жатыр екен, әлгі кісіні шақырды. Ол кісі келді. 

– Әй, жылдам шешіп жібер, екеуміз жолдас болайық, – дейді. Шыңқылдақты шешіп жіберді. Екеуі келіп, 

судың жағасына келіп отыр еді, тоғыз Тоңқылдақ іздеп келе жатыр екен, Шыңқылдақ қашып кетті. Тоғыз 

Тоңқылдақ келіп сұрады. 

– Бір кісі көрдің бе? – деді. 

– Көрдім, – деді. – Осы судың ішіне түсіп кетті, – деді. Бағана біреуі суға секіріп, төбесі ғана көрініп кетіп 

бара жатыр еді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              762 bet 

– Ойбай, анау өстіп ұстай алмай жүр, – деп, біреуі түсті. – Ортасына бармай жүр, деп, бәрі де түсіп, өлді. 

Сөйтіп, Шыңқылдақ қулығын өткізген дейім. 

24. ТОҒЫЗ ТОҢҚЫЛДАҚ, БІР ҚИҚЫЛДАҚ 

Бұрынғы  уақытта  тоғыз  Тоңқылдақ,  бір  Қиқылдақ  болыпты.  Тоңқылдақтың  тоғызының  тоғыз  танасы, 

тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) 

һәрқайсысы  өзінің  бір-бір  танасын  бақтырып  жүреді  екен.  Бір  күні  Қиқылдақтың  етігі  жыртылып 

қалыпты.  Қиқылдақ  танасын  Тоңқылдақтарға  қосып  жіберіпті.  Тоңқылдақтар  бір  күн  бағады,  екі  күн 

бағады.  Бір  күні  Тоңқылдақтар  ақылдасып,  Қиқылдақты  құртамыз  деп,  бірігіп  алып,  Қиқылдақтың 

танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді. 

Кешкітұрым  ауылына  барса,  нашар  Қиқылдақ  сорлының  танасы  жоқ.  Қиқылдақ  жүгіріп  келіп, 

Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар: 

– Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді. 

Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ 

оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас 

атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп: 

– Е, қор жаралған Тоңқылдақтар-ау, таналарыңды өстірмейді екенсіңдер. Таналарыңды өлтірсең, бес ақ 

бас атан болады екен, – деп, ақымақ қылса, Тоңқылдақтар бәрі жабылып, танасын батпаққа тығып өлтірсе, 

тана  түгіл,  атанның  басы  да  жоқ.  Тоңқылдақтар  ыза  болып,  Қиқылдақты  өлтірейін  деп  келсе,  үйінде 

шешесі отыр екен. Шешесін өлтіріп кетті, бәрі жабылып. Қиқылдақ тағы құн даулайын десе, әлі жетпейді. 

Өлген шешесін өгізге мінгізіп, біреудің қызылдаған қырманына апарып қояды. 

Бір уақта қырманның иесі ашуланып, қызылды жеп тұрған өгіздің үстіндегі өлген кемпірді тырмаменен 

бір салса, жығылып қалады. Қиқылдақ жүгіріп келіп, шешесіне құн даулап, бірталай мал алып, ауылына 

барып, Тоңқылдақтарға айтады. 

– Сендер шешелеріңді өлтірмейді екенсіңдер. Өлтірсең, мал болады екен, – депті. 

Тоңқылдақтар бәрі де шешесін өлтіреді. Мал түгіл дәнеме жоқ. Тоңқылдақтар: 

– Қап, мына Қиқылдақтың қорлығын–ай, – деп, Қиқылдақты ұстап алып, бір үлкен меске салып, аузын 

байлап, бір үлкен дарияға салып жібереді. Ағып барып, бір көпірге барып, местің аузы шешіліп, сол жерде 

көпірге шығып, өлең айтып отырады. Осында өлең айтып отырса, бір жігіт қайнына мал айдап бара жатыр 

екен, әлгі қайнына бара жатырған жігіт өлең білмейді екен. Қиқылдаққа: 

– Маған да өлең үйретші, – депті. Сонда Қиқылдақ: 

– Мынау жатқан сары мес мес емес, іші толған өлең екен, – депті. Сонда күйеу тұрып: 

– Мені біраз жатқызып шығарғын, – депті. Қиқылдақ күйеуді меске салып, аузын байлап, дарияға тастап 

жіберіпті, күйеудің малын айдап, аулына барып: 

–  Ей,  Тоңқылдақтар-ау,  судың  түбіне  түспейді  екенсіңдер.  Түссеңдер,  толып  жатқан  мал  екен,  менім 

ағашым  жоқ  болып,  көп  айдай  алмадым,  сендер  бір-бір  бақан  алып  барсаңдар,  малды  көп  айдап 

шығарсыңдар,  – депті.  Тоңқылдақтар бәрі  дарияға барып, алдыменен біреуі түсіп, бақаны серең-серең 

етсе, әлі айдай алмай келеді десіп, бәрі суға түсіп, өліпті. Қиқылдақ әлгі малмен байыпты. 

25. ЕЖІГЕЛДІ 

Ертеде бір бай болыпты, байдың бір жалғыз баласы болыпты, аты – Ежігелді екен. Әкесі баласына қалың 

беріпті,  баласын  қайнына  жіберіпті.  Баласы  барып,  қалыңдық  ойнапты.  Ежігелді  үйіне  қайтты.  Келе 

жатқанда ұры тонапты, жанында екі күміс теңге қалыпты. Үйіне жаяу келді, келсе, елін жау шауып кетіпті. 

Ежігелді  кім  екенін  білмейді.  Жұртында  бір  қотыр  торы  тай  қалыпты,  тайды  алдына  салып  айдапты. 

Алдынан  үш  кісі  көрініпті.  Со  кісі  жақындапты.  Ежігелді  екі  күміс  теңгесін  манағы  қотыр  тайдың 

құйрығының астына тығыпты. Бағанағы үш кісі келді, келіп сөйлесті. Үшеуі байлардың балалары екен. 

Олар келген соң Ежігелді тайды қамшыменен салды, соққан соң тай тышты, бағанағы теңгені Ежігелді 

алды. 

Бағанағы үш кісі айтты: «Е, сен тайды сат!» – деді. Ежігелді: «Сатпаймын», – дейді. «Неге сатпайсың?» – 



деді. Күнінде тайым теңге тышат», – деді. «Біз екі дүз сом берейік!» – деді. «Сатпаймын», – деді. «Байлық 

қылсаң, үш дүз теңге берсең, сатамын», – деді. 

Үш дүз теңге берді,  тайды алды.  «Мынаны қайтеміз?»,  – деді. Ежігелді айтты:  – Үйіңе апар,  – деді.  – 

Жоңышқа,  пішенге  байла!  Түн  ортасында  суғар,  таң  атып  келе  жатқанда  соны  бір  суғар!  Күн  шыға 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              763 bet 

келгенде үйіңнің ішіне ақ кигіз жай! Тайды алып келіп, ішіне қоя бер. Құйрығынан ұстап, қамшыменен 

сабасаң, үйіңнің ішін күміс теңгеге толтыра тышар, – деді. 

Үйінің ішіне торы тай теңге тышпады, боқ тышады. Үш қарындастың ағасы інілерін шақырды, олар келді. 

«Ежігелді алдапты», – деді.  «Тай теңге тышпады, боқ тышты. Ежігелдіні іздейік»,  – деді. Олар барды, 

іздеді, тапты. Байдың балалары келе жатыр, сөйлесті. Ежігелдінің қасында қазан ет асулы тұрды. Байдың 

балалары: 

– Қазанды сат, – деді. Ежігелді: 

– Сатпаймын, – деді. 

– Несі бар? – деді. «Мұны сатсам, өзім өліп қаламын», – деді. – Бұл қазаным өзі асылады, су өзі құйылады, 

ет өзі салынады, отын өзі жағылады, өзі піседі. Балалар айтты: 

– Сат! Үш дүз теңге береміз, – деді. Сатты қазанды, олар айттылар: 

– Ежігелді, мынаны қайтеміз? 

– Менің өзім алысқа кетпей, асылмайды, менің өзім алысқа кеткен соң асылады, – деді. 

Ежігелді қашты. Қазан асылмайды, от жағылмады, ет салынбады, су құйылмады. 

– Алдады бізді, – деді. 

– Қуалық, – деді. Қуды, қуып кетті, ұстап алды, әпкелді, бір судың басына әпкелді, қолын, аяғын байлады, 

«суға тастаймыз», – деді. «Бізді алып, суға түсіп кетер», – деп қорықты. Үшеуі қалаға кетті. 

– Ағашыменен итеріп жібереміз, – деді, – ағашты әпкелеміз, сен жат, – деді. 

Бір  кісі  Ежігелдінің  қасына  келді.  Ежігелді  жылады,  ойбай,  ойбай  салды.  Келген  кісі:  «Не  қылған 

жансың?» – деді. Оны сұраған кісінің астында қара жорға аты бар болған, басында қара түлкі бөрігі бар 

болған, үстінде қара мақпал шапаны бар болған. Ежігелді оны көріп айтты: «Бері жақын кел! Мен саған 

айтайын!» – деді. Кісі жақын келді. Ежігелді айтты: «Мына шәрдің патшасы өлген екен, маған «сен соған 

патша бол!» – деді. Мен болмадым. Сонан соң қол-аяғымды буды, «суға итереміз», – деді. Қара жорға 

атты кісі айтты: «Ақылың жоқ екен, – деді, – патша болсаң, не қылады?», – деді. 

Ежігелді айтты: 

– Патша болуға жарамаймын, – деді. 

Қара жорға атты кісі айтты: 

– Мен патша болайын, – деді. 

Ежігелді айтты: 

– Патша болайын десең, шеш мені! – деді. Шешті. Қара жорға атты кісі киімін шешіп, оған берді. Ежігелді 

оны буды, айтты: 

–  Қаладан  кісі  келеді,  келген  соң  сені  ағашпенен  суға  итергенде,  сен  патша  боламын  десең,  олар  сені 

шешеді,  –  деді.  Ежігелді  қара  жорға  атқа  мінді,  қара  мақпал  шапанды  киді,  қара  түлкі  бөрікті  киді. 

Ежігелді кетті, кеткен соң манағы үшеу қаладан ағаш алып келді,  «Ежігелдіні  суға итереміз»,  – дейді. 

Үшеуі аттан түсіп, байлаған кісіні итерді. Байлаған кісі айтты: 

– Мені итерме, патша боламын! 

Үшеу айтты: 

– Сен мені алдадың: қанша ақшамызды алдап алдың. Сен патша боламын десең, сені суға жіберейін, онда 

патша бол! – деді. Оны суға итеріп жіберді, енді үшеуі қалаға қайтты. 

Келді қалаға, келсе, алдынан Ежігелді келді. Үшеуі айтты: 

– Е, Ежігелді, біз сені суға жібердік. 

Ежігелді айтты: 

– Е, ағалар, суға жібергенің маған жақсы болды, судың түбінде осындай қара жорға ат екен, – деді. 

– Жалғыз ат, мен ұстадым. 

Үшеу Ежігелдіге айтты: 

– Е, ағам, – деді, – бізге көрсет! – деді. Ежігелді: 

– Жүр! – деді. Бағанағы өзін суға итерген жерге әкелді. Біреуінің қойнын тасқа толтырды, қонышын тасқа 

толтырды, беліне бір шыбық байлады,  «суға түс!»  – деді. Біреуі түсіп кетті. Онан соң үшеуінің екеуін 

шыбыққа байлап, «суға түс», – деді. Екеуі суға түсіп кетті. 

Өзі Ежігелді атқа мінді, суға түсті, арғы жаққа кетті, атты қайтарды судан өткізіп, өзі жаяу кетті. Қазақтың 

үйіне келді, со үйде алты қыз бар екен, алты басты бір жалмауыз кемпір бар екен. Ежігелді келе кемпірді 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              764 bet 

қамшыменен сабады,  алты қызды сабады, үйінен кемпірменен бес қыз қашып кетті.  Бір  қызды үйінде 

Ежігелді алып қалды, қатын қылды. Ежігелді далаға кетті. Бір күні үйіне кемпір келді. Кемпір сұрады: 

– Ежігелді келгенде қайтесің? – деді. 

Қыз айтты: 

– Есік ашып, Ежігелдіні кіргіземін, – деді. Кемпір айтты: 

– Түнде жатқанда қайтесің? 

Қыз: 


– Құшақтасып жатамын, – деді. Кемпір айтты: 

– Бүгін есікті ашып кіргізбе, түнде жатқанда, теріс қарап жат. 

Ежігелді үйіне келді, есікті ашпады, түнде жатып еді, теріс қарап жатты. Ежігелді айтты: 

– Қатын, неге теріс қарап жатасың? Қатыны айтты: 

– Өзің далаға кетесің, мен үйде жалғыз отырамын, бала менде жоқ, – деді. Ежігелді айтты: 

– Баланы бермесе, Құдай бермейді. Қатыны айтты: 

– Менде сәукеле жоқ, – деді. 

– Бір Дауғар алып маржан сатады, сонан маған маржан сатып алып келіп бер! – деді. Ежігелді айтты: 

– Жаяу бармаймын, – деді. Қатын айтты: 

– Шешемде ала өгіз бар, соны әкеп берейін, соған мін, – деді. Ежігелді «әкпел!» – деді. Әпкелді өгізін, 

өгізін мінді, кетті маржан сатуға. 

Дауғар алып түстік жерден көреді екен, күндік жерден естиді екен. Дауғар алып сейілге шықты, бағанағы 

Ежігелдіні көрді. Қырық нөкер шақырды: 

– Анау ала өгізді бала келеді, екі теңгеге өгізін сатар ма, сатса, өгізін алып кел. Сатпаймын десе, өгізін де, 

өзін де алып кел, – деді. 

– Өгізін сойып алайын, өзін қақтап, пісіріп жеймін, – деді. 

Ежігелді де түстік жерден көреді екен, күндік жерден естиді екен. Ежігелді Дауғар алыптың сөзін есітті. 

Ежігелдіге екі кісі келді. 

– Өгізіңді сат, – деді. 

– Неге? – деді. 

– Екі теңгеге, – деді. 

– Сатамын, – деді. Екі кісі өгізін алды. Екі теңгеге Ежігелді жаяу қалды. 

Бір кемпірге келді, кемпірге айтты: 

– Саған бала боламын!  – деді.  Бала қылды кемпір,  қойын жайды, кешке қойын айдап, үйге келді, түн 

болды, бір келіншектің сәукелесін ұрлап алды, қайтып үйіне келді, жатты, ертең тұрды, қойын жайды, 

сәукелені басына киді. Дауғар алыптың аулына келе жатыр. 

Оны алып келе жатқанын көрді, қырық нөкерді шақырды. 

– Анау бір келіншек келе жатыр, мен: «Ет ас», – деп айтайын, сендер аспаңдар, мен «Пісті ме?» дегенде, 

«Жоқ»  деп  айтыңдар,  түнде  соның  қойнында  жатамын,  зорлық  қыламын,  сол  қатын  түнде  ойбайласа, 

сендер келмеңдер, – деді. 

Ежігелді «қатын» болып, Дауғар алыптың үйіне келді, алып оны білмеді, ұрғашы екен дейді. Есендесті, 

сөйлесті. Алып айтты: 

– Ет асыңдар! – деді. Нөкері асқалы кетті, ет аспадылар. Күн  кеш болды,  «Енді қайтсем екен?»  – деді 

келіншек. Алып сұрады: «Ас пісті ме?» – деп. Нөкері: «Жоқ», – деді. 

Күн батты, етті әкпелді, жеді. Ежігелді айтты: 

– Түн болды, – деді. Алып: 

– Қон, – деді. Ежігелді: 

–  Қонсам,  қонайын!  –  деді.  Қонды,  тысқары  шықты,  тысқары  шыққан  соң  бір  қылмыстыны  асып 

өлтіретұғын аспа бар екен. Дауғар алып оны келіншекке көрсетті. Келіншек оны көріп айтты: 

– Бұған қайтып ойнайсың? – деді. Дауғар алып айтты: 

– Мына темір таяқпенен түртіп жіберсем, асылып кетеді, – деді. Сонан соң асылып қойған кісіні өлтіремін, 

– деді. 


Келіншек айтты: 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              765 bet 

– Жүрші! – деді, – мен көрейін! Темір таяқпенен түртейін, – деді. Алып жүрді, түртіп жіберді келіншек. 

Дауғар  алып  асылып  кетті.  Келіншектің  қолында  қамшы  бар  екен,  келіншек  жуан  алыптың  аяғынан, 

қолынан ұстады, қамшыменен сабады, сабады. Дауғар алып, ойбай, ойбай салды. Келіншек сұрады: 

– Ала өгізімнің еті тати ме екен? – деп, сабап жатыр. Алып ойбайлады, келіншек алыпты боқтады. 

Дауғар алыптың ойбай салғанын қырық нөкері есітті, алып келіншекке зорлық қылып жатыр екен деп 

ойлады. 

Енді  Ежігелді  үйіне  қайтты,  қонды,  ерте  тұрды,  қойын  жайды,  жайып  тұрса,  бір-екі  кісі  келе  жатыр, 

амандасты. 

– Ассалаумағалайкум, – деді. 

– Уаликамасалам, – деді. Сөйлесті Ежігелдіге, Ежігелді екенін білмеді. Ежігелді: 

– Қайда барасыңдар? – деді. Кісі айтты: 

–  Бір  баладан  өгіз  сатып  алып  едік,  сол  келіншек  болып  келіп,  Дауғар  алыпты  аспаға  асып  кетті, 

қамшыменен сабап кетіпті, – деді. 

– Енді алып қатты ауру болып жатыр. Бір дәрігер мында бар ма? – деп сұрады. Ежігелді айтты: 

– Мен өзім дәрігермін, мен өзім тамыр ұстаушы едім. 

Екі кісі айтты: 

– Жүр! – деді, – алыпқа! Ежігелді алыпқа жүрді, алыпқа келді, тамырын ұстап көрді. Ұстаған соң айтты: 

– Қырық құлаш жібек арқан маған алып кел, төрт темір қазық алып кел, бір табақ қара тікен тұз алып кел, 

өткір пышақ алып кел! – деді. 

Қырық құлаш жібек, төрт темір қазық әкелді, бір табақ тұз әкпелді, өткір пышақ әкпелді.  «Төрт темір 

қазықты жерге қақ», – деді. Жерге қазықты қақты, «Алыпты кер», – деді, керді алыпты, байлады алыпты, 

төрт қазыққа байлады. Ежігелді жалшыларына айтты: 

– Алып ойбайласа да, келмеңдер, – деді. 

– Менің қылған еміме шыдамас. 

Жалшылары  кетті.  Ежігелді  пышақ  алды,  пышақпенен  Дауғар  алыптың  терісін  тілді,  тұзды  құйды, 

қамшыменен сабады, сабады, сұрады: 

– Ала өгізімнің еті тәтті ме екен? – деп боқтады, боқтады, Дауғар алып ойбай, ойбай салды. Қырық нөкер 

ойбай салғанын естіді. Ежігелдінің айтқан сөзіменен келмеді. 

Ежігелді қашты, алдынан бір түйелі кісі келе жатыр, келіп амандасты, сөйлесті. Ежігелді сұрады: 

– Қайда барасың? 

– Дауғар алыптың аулына барамын, – деді. Ежігелді айтты: 

– Түйеңді маған бер! – деді. 

– Неге? – деді. 

– Дауғар алыптан ақша ап берейін. 

– Не деп ақша ап бересің? – деді. Ежігелді айтты: 

– Аулының тұсынан өте беріп, ала өгіздің иесі менмін десем, ақша маған береді, – деді. Бағанағы кісі 

айтты: 


– Оны мен өзім айтып аламын, – деді. 

Түйелі кісі ауылдың тұсына келді, айтты: 

– Ала өгіздің иесі менмін! – деді. 

– Аспаға асқан менмін! – деді. 

– Жоныңа тіліп, тұзды салған менмін. 

– Қамшыменен соққан менмін. Дауғар алып айтты: 

– Со кісіні ұстаңыз. Ұстады со кісіні, ұстап алса, сұрадылар. 

– Ол сөзге сені кім үйретті? – деділар. Түйелі кісі айтты: 

– Бір қашып баратұғын бала үйретті. Алып сұрады: 

– Со бала қайда кетті? – деді. 

– Қалаға таман кетіп барады, – деді. 

Енді  екі кісі Ежігелдіні қуды, қуып жетті  балаға, бала қалаға жеткен екен. Бала қуған кісіні көрді,  бір 

жаман үйге кіріп кетті. Кіріп келсе, бір таз бала бар екен, диірмен тартып тұрады екен. Ежігелді айтты: 

– Ой, тазым! – деді. – Ештеме білдің бе? – деді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              766 bet 

– Жоқ! – деді. 

– Дауғар алыптың қаршығасының торы жыртылып қалып, таздың басы керек деп, екі кісі келеді, – деді. 

Таз қашты. Екі кісі келді де, жаман үйге кірді. Бағанағы Ежігелді бетіне ұнды жағып, диірмен тартып 

отырды. Әлгі екі кісі сұрады: 

– Бала қайда кетті? – деді. Ежігелді «Сөйлесем, даусымнан таныр», – деп, «м! м!» – деді, сақау болды, екі 

кісі кеткен екен деді, шықты, шығып бір үйге келсе, бір таз бала тақтайға басын соғып отыр, қызыл ала 

қылыпты қанатып, кісі келді де сұрады: 

– Не қылдың? – деді. Бала айтты: 

– Басым торға жарамайды, – деді. Кісі айтты: 

– Оны кім үйретті? – деді. 

– Әлгі бір бала, соны үйретті, – деді. 

– Ол бала қайда? – деді. Бала айтты: 

– Диірмен тартып қалған, мен қашып кеттім, – деді. Екі кісі айтты: 

– Сол кісі Ежігелді екен. 

Бағанағы  үйге  қайтты,  қайтып  келсе,  Ежігелді  қашып,  кетіп  қалыпты.  Дауғар  алыптың  үйіне  кісі 

қайтыпты. Алыпқа айтты: 

– Ұстай алмадық, – деді. 

Дауғар алып қағаз сызды: 

– Қала-қалаға Ежігелді атты кісі болса, ұстасын, – деді. Ежігелді хат жетпеген бір қалаға барып, тұрды. 

Бір кемпірдің үйінде тұрды, бала боламын деп тұрды. Кемпірдің баласы жоқ екен, кемпір Ежігелдіні бала 

қылып алды. 

Ертең  Ежігелді қойын жайып кетті.  Сол қалаға тағы да хат  келді. Сол қаланың билері, хандары кеңес 

қылды. 


– Көшеге ақша төгелік, – деді, – кісінің бәрін де жүргізелік, – деді. – Сол ақшаны кім алса, сол – Ежігелді, 

соны ұсталық, – деді. 

Көшеге  ақша  салды,  кісінің  бәрін  жүргізді.  Ежігелді  жүрді,  табанына  желім  жағып  алып,  көшедегі 

ақшаның бәрін түгесті, бір теректің түбіне апарып, ақшасын тастады. Ежігелді көп кісінің ішінде жүр екен. 

Қаланың билері, хандары кеңес қылды. 

– Бізге көрінбеді. Бір  түйеге қазына артып, жүргізелік, соны алғанда, ұстап алалық,  – деді.  Жетелетті. 

Кешке таман бір үш топ арақ алып, Ежігелді түйе жетектеген балаға алып келді. 

– Іш, – деді, – шөлдедің, – деді. 

Ішті, ішіп мас болып, жығылып қалды. Түйені алып, Ежігелді кетіп қалды. Үйіне әкелді түйені. Сойды, 

сойып шешесіне берді. Түн болған соң теректің түбіне келді, ақшасын алып отыр еді. Ханның уәзірі келіп, 

Ежігелдіні көріп, ұстап алды, терекке байлап тастады. Уәзірдің өзі ханға кетті. Ханға барып айтты: 

– Ежігелдіні ұстап, терекке байлап қойдым, – деді. 

Ежігелді таңулы тұр. Бір қатын суға келе жатыр, екі шелегі бар. 

– Ай, қатын! – деді, – бері кел! – деді. Қатын келді. 

– Нағылған жансың? – қатын сұрады, – таңулы тұрған, – деді. 

– Қатынымның ойнасы бар екен, соны ұстап алып едім, – дейді. 

– Ол кім екен? – дейді. 

– Уәзір екен, – дейді. –Ұстап алып едім, алған соң уәзір «Мен қатыныңды аламын», – деп, мені терекке 

таңып қойды. 

– Ханға айтып, басыңды алдырамын, сен Ежігелді екенсің, өтірік айтып, менің үстіме қатын алайын деп 

жүр екен, – дейді. 

Ол қатын Ежігелдіні шешіп қоя берген. Шелегін тастап, қатын ханға барды. 

– Бұған нанбаңыз, – деді. – О кісіні шешіп қоя бердім, – деді. – Бір бейшара екен, қатынымен мына жүзі 

қара ойнас екен, өлтіріп, қатынын алайын деп, сізге шағыстырып, өтірік айтып отыр. Мен қоя бердім. 

Ежігелді үйіне барды, шешесіне: 

– Бір қырық құлаш арқан есіп бер, – деді. Ертең қойын жайып кетті. Хан кеңес қылды, елін жиды, кісіге 

айтты: 

– Түйенің етін тауып әкелген кісіге басынан төмен ақша құямын. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет