ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет40/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153

 

Е.Ашықбаев 



 

173 - Бөлім: Ғажайып түс (ертегі) 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1870 

 

 



Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді: 

 

-Мен  бәрін  басқарамын,  менде  көз,  ауыз,  құлақ,  мұрын  бар.  Мен  болмасам,  адам  ештеңені  көрмейді, 



естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді. 

 

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді Мойын. 



 

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:tus 

 

-Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау 



да қиынға соғар еді. 

 

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып: 



 

-Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-

деді. 

 

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет 



айтпайсыңдар, -деді Аяқ. 

 

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып 



кетті. 

 

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі? 



 

174 - Бөлім: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1871 

 

 



Осы  арадан  бір-екі  күндік  жерде  тамырын  кессең  қан  шықпайтын,  кеудесін  тессең,  жан  шықпайтын 

Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп естиді Алдар көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк 

атты түгілі, кұдайы қонағының өзіне қара су татырмайды екен. 

— Татырмай көрсін ол маған!  — дейді  Алдар көсе  әйгілі  сараң туралы әңгімеден кейін.  — Татырмай 

көрсін! 

 

Аты  жоқ  Алдар  арып-ашып,  азып-тозып,  екі  күндік  жерді  бір  апта  жүріп,  Шықбермес  Шығайбайдың 



аулына да жетеді. Кім келіп, кім кетіп жатқанын мүлт жібермей бақылап отыру үшін есігін жолға қаратып, 

киіз үйін төбенінің басына тіккен. Алдар көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай үйінің 

сыртына қамыс төсеп тастапты. Аяқ бассаң, сықырлап, хабар береді. Аддар оның бәрін бір-бірлеп жинап, 

былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің тесігінен сығалады. Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі 

құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты тазалап отыр екен. 

 

aldar-kose-2015-1 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              259 bet 

 — Ассалаумағалайкуум! — деп Алдар оқыста кіріп келді Сала құлаш шұжық та, жүні жұлынған жабайы 

қазда, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында ғайып болды Алдар көсе түк байқамағансып, төрге 

озды. 


Хош келдіңіз, Алдар-еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк жоқ! 

Өзіміз де аш отырмыз! 

— Оқасы жоқ! Маған сіздің тамағыңыз емес, қабағыңыз қымбат! 

— Соны түсінсеңіз болғаны!.. Ал онда әңгіме айта отыр. Не естіп, не қойдыңыз! 

— Қайсысы дұрыс: көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба? 

 

Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз: 



— Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым. 

Мені көрді де, сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер 

жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш 

еткіздім.  Ол  сонда  сіздің  қызыңыз  етегімен  жауып  отырған  еттің  нанындай  жалпиып  сала  берді.  Егер 

өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап 

сойсын! 


aldar-kose-2016Ашуы  бетіне  шауып,  шиқандай  боп  қызарған  Шықбермес  Шығайбай  жанбасына  басып 

отырған сала құлаш шұжықты қайнап жатқан қазанға лақтырып кеп жібереді. Бәйбішісі жүні жұлынған 

жабайы қазды, күңі қойдың үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан: — Қайна 

қазан бес ай! — деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп: — Отырайын он ай! — деп жайғаса бастайды. 

Содан кейін бәрі жатуға кіріседі.Түн ортасы ауа Алдар көсе ақырын тұрып, былқып піскен етті алып жейді 

де,иесінің  көне  етігін  кесіп-кесіп  қазанға  салады.  Содан  соң  «Асын  қимаған  аш  жатады.  Етін қимаған 

етігін жейді» дейді де, ас қайырған адамдай бетін сипайды. 

 

175 - Бөлім: ҮШ КӨБЕЛЕК(неміс ертегісі) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1872 

 

 



Күн шуақты алаңқайда апалы-сіңлілі үш көбелек тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі-ақ, екіншісі — 

қызыл, үшіншісі — сап-сары екен. 

Көбелектер гүлден-гүлге қуана ұшып-қонып, өмірлерін көңілді өткізіпті. 

Бірде тасыр-тұсыр етіп жаңбыр жауып кетеді. Көбелектердің қанаттары дымқылданып,қайда тығыларын 

білмей дал болады. Ал, себелеп жауған жаңбыр тоқтар емес! 

Малмандай су болған көбелектер лалагүлге келіп: 

— Лалагүл, лалагүл! Бізді жаңбырдан тасалашы! — деп өтінеді. Лалагүл: 

— Жарайды, ақ көбелектің түсі маған ұқсайды екен. Мені саяласын! Ал, қызыл, сары көбелек басқа жерге 

тығылыңдар! — дейді. 

Мұны естіген ақ көбелек: 

— Менің әпкелерім су болып жүргенде, жалғыз өзім сенің саяңда қалай жайбарақат отырамын. Оларды 

да тасаңа тыға алмасаң, онда мен де отырмай-ақ қояйын… — деп ұшып кетеді. 

Үшеуі ұшып келеді, ұшып келеді. Жаңбыр да қоятын түрі жоқ. Қараса, үлкен қызыл қызгалдақ өсіп тұр 

екен. 


— Қызғалдақ, қызғалдақ! Мүмкін болса, жаңбыр саябырлағанша біз се¬нің ығыңа тығыла тұрсақ бола ма? 

— Қызыл көбелек маған ұқсайды. Соны алайын қалқама. Ал, ақ көбелек пен сары көбелек басқа орын 

іздесін! — дейді Қызғалдақ. 

Бұған ренжіген қызыл көбелек: 

— Сен менің әпкелерімді қабылдағың келмесе, маған да көмектеспей-ақ қой. Тоңсақ, бірге тоңайық, — 

деп ұшып кетеді. 

Қызыл көбелек қараса, алдарында үлкен сарғалдақ өсіп тұр. Олар гүл жанына ұшып келіп: 

— О, тамаша сарғалдақ! Жаңбыр тоқтағанша сені ықтай тұрайықшы?! -деп өтініш жасайды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              260 bet 

— Жарайды, мен өзім түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғай тұрайын. Басқаларың өзге жер іздеңдер, 

— деп жауап қайырады. 

— Жо-жоқ! Сен менің әпкелеріме көмек бере алмасаң, мен де сені паналамаймын! Одан да су болғаным 

артық, — деп жауап қайырып, ұшып кетеді. 

Көбелектердің бұл сөздерін бұлттың ар жағында тығылып тұрған күн естіп қалады. Күн көбелектердің 

өзара татулығына, ауызбіршілігіне қуанады. Оларға көмектесуге ұйғарады. 

Күн бұлттарды ыдыратып жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді. Жылы шуақтарымен көбелектердің су 

болған қанаттарын кептіріп, алтындай сәу¬лелерімен арқаларынан сипайды. 

Қуанған  көбелектер  қанаттарын  шаттана  қағып,  қайтадан  көңілдене  бастайды.  Алаңқайдың  көркін 

кіргізіп,  әрі-бері  ұша  бастайды.  Бірақ,  мұнан  кейін  олар  ешқашан  лалагүл,  қызғалдақ  және  сарғалдақ 

гүлдеріне қонбайтын болыпты. 

«Шын достар — тек қиындықта сыналады» деген сөз содан 

қалса керек. 

 

176 - Бөлім: Ара мен Шегіртке 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1873 

 

 



Ен далада әндетіп ұшып келе жатқан шегіртке гүлдердің тәтті шырынын жинап жүрген араны көрді. Ол 

арадан: 


— Достым, ұзақ күнге дамыл таппай, жаныңды жеп не істеп жүрсің? -деп сұрады. 

— Сұрама. Әр гүлге бір қонып, дүниені шарлап, тырнақтап шырын жиып жүрмін. 

 

— Жиған шырынды нендей қажетіңе жаратасың? 



— Бал жасаймын. 

— Балды қайтесің? 

— Адамға сыйлаймын. Адам оны жейді, дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. 

— Адам саған не береді? 

— Үйшік жасап, қамқорлық етеді. Ал сен не істеп жүрсің? 

— Мен егіннің дәніне тойып алып, ән салып, билеп жүрмін. 

— Жиған дәніңді не істейсің? 

— Не істеуші едім. Өзім тойғанымша жеймін. Басқан ізіме у шашатын адамға сыйлайды деп пе едің? 

— Білдім, білдім, адамның сені неге қас тұтып у себетінін, — деді ара. Шегіртке араның сөзін ұнатпай, 

шыр етіп ұшып кетті. 

 

177 - Бөлім: Жидектерді кім өсіреді? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1874 

 

 



Бір күні кішкентай қыз бала далада ойнап жүріп, шөп арасынан қып-қызыл жидек тауып алады. Бірден 

қызығып, жеп алады да: 

 

— Жидек, рахмет саған! — дейді. 



 

  

 



— Сен неге маған алғыс айтасың? — деген нәзік үн шығады. 

 

  



 

— Бұл кім өзі? — дейді қыз шошып кетіп… 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              261 bet 

 

  



 

Осы кезде айналасынан алма-кезек түрлі дауыстар шыға бастайды. 

— Мен сумын, мен ол жидекті суғардым. Соның арқасында ол үлкен әрі тәтті болып өсті, — деді біреу 

сыңғырлай. 

— Ал мен ше? Маған кім алғыс айтады? — деген тағы бір жуан дауыс шықты гүрілдеген. 

— Бұл кім? — деді қыз жан-жағына қарап. 

 

  

 



— Кім болушы еді? Мен — жермін. Жидекті топырағымда өсірдім. Қоректендірдім. 

—  Маған  да  рахмет  айтуларың  керек!  Менің  сәулелерім  болмаса,  оны  кім  жылытып,  қып-қызыл  етіп 

пісірер еді?! — деп дауыстады күн. 

 

  



 

Қыз ойланып қалды да: 

— Жер, су, күн! Барлығыңызға да рахмет! Сіздердің арқаларыңызда мен тәтті жидек жедім! — деп иіліп 

алғыс айтты. 

 

және де балаларға арналған жеміс-жидектер жайлы тақпақтар топтамасын оқыңыз… 



 

күз туралы ,күз ,жеміс, жидектер, туралы, табиғат, ертегі, тақпақтар 

 

  

 



Күзгі жапырақтар 

 

  



 

Алтын сары, қызыл, көк… 

 

Алуан-алуан жапырақ.                           . 



 

Күзгі бақта күлімдеп, 

 

Көз тартады атырап. 



 

Күн шуақта маужырап, 

 

Жатыр енді атырап. 



 

Ағаштардан жамырап, 

 

Ұшты кенет жапырақ 



 

Ой, алақай, тамаша, 

 

Шашу шашты жапырақ. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              262 bet 

Бақтың іші алаша, 

 

Аунар ма еді жатып ап! 



 

  

 



Қ.Шаңгытбаев 

 

  



 

Құлпынай 

 

  

 



Бал татитын құлпынай, 

 

Саған құмар құлпынай. 



 

Жазда жылдам таусылмай, 

 

Қыста өссең, шіркін-ай. 



 

  

 



Таңқурай 

 

  



 

Жазда өседі таңқурай, 

 

Жемісін тер, қалдырмай. 



 

Апаң қақ та қайнатар 

 

Қыста керек нәр мұндай 



 

  

 



М.Әлімбай 

 

  



 

Бүлдірген 

 

  

 



Уылжыған бүлдірген, 

 

Әбден пісіп үлгерген. 



 

Бірақ оның көйлекті, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              263 bet 

 

Былғайтынын кім білген. 



 

  

 



А.Шаяхметов 

 

  



 

Қарақат 


 

  

 



Торсиған бал уызға, 

 

Кіп-кішкентай қарақат. 



 

Салып қояр ауызға, 

 

Болса егер бала тап. 



 

С. Мәуленов 

 

178 - Бөлім: Жапырақтың күзгі серуені 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1875 

 

 



Орманда зәулім терек өсетін. Оның бұтақтарындағы жасыл жапырақтарды санау мүмкін емес. Өте көп. 

Теректің ұшар басында жап-жасыл Жапырақша өмір сүрді. Ол өзгелерге Қарағанда соншалықты мазасыз 

болды. Айналадағының барлығын бақылап, барлығын білгісі келіп тұратын. Ол — ағаш діңі, тамыры не 

үшін керектігін, бұтақта тұратын тиіннің, жердегі қоянның немен қоректенетінін білгісі келетін. Тіпті, 

шырылдауық шегіртке мен қоңыздардың қайда тұратынын көруге асық еді. 

Жапырақша жаз бойы тыныш өмір сүрді. Күн шуағына қуанды, жылы жаңбыр суына шомылды. Желге 

еркеледі. Осылайша, жаз да жылдам өте шықты. 

japrak 


Алтын  күздің  жайма-шуақ  бір  күнінде  Жапырақша  ұйқыдан  оянып,  көзін  ашып,  айналасын  танымай 

қалды. Бір түнде бар жапырақ түсін өзгертіп, сап-сары болып кеткен. 

Ол-ол ма?! Күндіз қатты жел соғып, біраз жапырақтарды жұлып әкетті. Жел Жапырақшаны ауада әрі-бері 

айналдырып, ұшыра жөнелді. 

Жолай ол Құстың ұясын көрді. 

— Амансыз ба, құрметті Құс?! Балапандарыңыз өсіп жатыр ма? 

— Амансың ба, Жапырақша?! Сен қалай өзгеріп кеткенсің? Кеше ғана көйлегің жап-жасыл сияқты еді… 

Ал, менің балапандарым баяғыда ержетіп, ұядан ұшып кеткен, — деді. 

Жапырақша  әрі  қарай  ұша  жөнелді.  Жел  шуына  құлағын  тосып,  дүңгіршегінен  басын  шығара  қалған 

Тиінді байқап қалды. 

— Амансың ба, Тиін?! 

—  Амансың  ба,  Жапырақша?!  О-о,  сен  күзгі  киіміңді  киіп  үлгергенсің  бе?!  Жапырақша  болса,  жауап 

берместен, жылдам-жылдам Тиінге өз сұрақтарын қойып әлек: 

— Қысқа жинаған саңырауқұлағыңыз бен жаңғағыңыз көп шыгар?! 

— Әрине, мен қысқа дайынмын. Азығым жеткілікті! 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              264 bet 

Жапырақшаны  жел  төмен  қарай  ұшыра  жөнелді.  Қалың  шөп  арасына  ке¬ліп  түскен  Жапырақша  жан-

жағына қарап, таңдануын қойған жоқ. Шүйгін шөп арасынан өзін талай қызықтырған құмырсқаларды, 

қоңыздар мен шуылдаған шегірткелерді көрді. 

— Сәлеметсіңдер ме, достар! 

— Сәлеметсің бе, Жапырақша! Қандай әдемісің! Алтындай сары киім өңіңді ашады екен! 

— Ал, сендер қалай тұрып жатырсыңдар? Қызық, жұрттың барлығы бір жаққа асығып жүр! 

— Оған таңданар түк жоқ! Қыс қыр астында. Аязды күндер келе жатыр. 

—  Қамдану  керек!  Қысқа  дайындалып,  үйлерімізді  жылытып  жатырмыз.Осы  кезде  олардың  тұсынан 

орамжапырақ  жапырағын  аузына  тістеген  Қоян  жүгіріп  өте  шықты.  Шапшаң  жүгіргені  соншалық, 

Жапырақша оған аузын да ашып үлгермеді. Қоян балаларына орамжапырақ пен сәбіз апара жатқан. Олар 

оны кеміргенді сондай жақсы көреді!Анадай жерден Кірпі жүгіріп өте шықты. Ол болса, тікенектеріне 

тәтті алма қадап алыпты. Ол да балаларына тасып жүр.Жапырақшаны жел тағы да қозғады. Бұл жолы ол 

шалқасынан түсті. Жоғары қараса, өзі өскен терек тұр. Көзіне оттай басылды. Қандай әдемі, зәулім! Осы 

кезде Жапырақша бұл үлкен теректің тек өзіне ғана емес, өзгелерге де үлкен үй секілді пана болғанын 

ұғынды.Қалың  жапырақтар  арасына  құстар  ұя  салса,  дің  дүңгіршегін  тиіндер  мекен  етеді.  Ал,  терек 

түбінде шүйгін шөп өсіп тұр. Ол да көлеңкесін түсіріп, күйдіріп жіберер күн көзінен қорғап тұрған терекке 

риза. Шөп арасында түрлі жәндіктер өмір сүреді. Қалың шөп арасына сондай-ақ қоян, кірпі және тышқан 

балаларын жау көзінен тасалайды. 

Жапырақша өзі өскен Терек үшін қуанды, әрі мақтанды. Осы кезде Тышқан шиқылы құлағына келді. 

—  Шиқ-шиқ-шиқ!  Жапырақша  сәлем!  Сен  менімен  бір  інде  тұрғың  келмей  ме?  Мен  теректің  құрғақ 

қабығы мен жұмсақ шөптерді жинап өзімнің інімді жылылап алдым. Арасында жапырақтар да бар, саған 

бізбен көңілсіз бола қоймас! — деді Тышқан. 

Жапырақша қуанып кетті. Ол үшін ең қорқыныштысы — жалғыздық болып көрінді. Бірге тату тұрып, 

бірге өмір сүргенге не жетсін?! 

 

179 - Бөлім: Саңырауқұлақ саясында 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1876 

 

 



Достық, татулық, бірлік, жанашырлық, жайлы, туралы, ертегі 

Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? 

Қараса,  алқапта  кіп-кішкентай  саңырауқұлақ  өсіп  тұр  екен.  Жүгіріп  барып  саңырауқұлақтың  әдемі 

қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. 

Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді: 

— Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы! 

— Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол. 

—  Түк  те  етпейді,  көңіліміз  кең  болса,  жер  тарлығы  оқа  емес.  Құмырсқа  Көбелекті  саңырауқұлақтың 

астына кіргізді. 

Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді. 

— Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып. 

— Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр! 

— Сығылысып көрейікші?! 

Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. 

Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келді. 

— Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге 

бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай. 

— Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз? 

— Өтінемін, жылжып көріңдерші! 

— Жарайды, кіре ғой! 

Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғай ды да кіргізді. 

Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              265 bet 

—  Құтқарыңдар!  Менің  артымнан  Түлкі  қуып  келе  жатыр,  қай  тесікке  тығыламын,  қай  жерге 

жасырынамын? Көмектесіңдер! 

— Тағы қысылысып көрейікші, Қоянның түрі сондай аянышты! — деді Құмырсқа. 

Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді. 

— Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады. 

— Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады. 

— Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па? 

— Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық! 

Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды. 

Жаңбыр  осы  кезде  тоқтап,  күннің  көзі  жарқырай  ашылды.  Саңырауқұ¬лақтың  астындағылардың  бәрі 

қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырс¬қа ойланып қалды: 

— Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын 

табылып, кішкентай жерге сыйып кеттік! 

— Бақ-бақ!  — деп бақылдаған Бақаның дауысы естілді. Бәрі  қараса, саңырауқұлақ үстінде Бақа күліп 

отыр. 


Әй, сендер! Саңырауқұлақтың… — деп сөзін аяқтамастан ол секіріп кете барды. 

Бәрі саңырауқұлаққа қарап ойланып қалды. Басында біреуінің өзі әрең сыйып, келе-келе бірнешеуіне пана 

болған саңырауқұлақтың сырын ұға алмай бәрі дал болып қалды. 

— Ал, сендер қалай ойлайсыңдар? 

 

180 - Бөлім: Жыл патшасы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1877 

 

 



Ерте, ерте, ертеде Уақыт атты патшалықта Жыл атты патша билепті. Жыл атты патшаның мінездері  әр 

түрлі төрт ұлы болыпты. Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс. Осы төрт ұлының әрқайсысында үш баладан 

болған екен. Көктем ұлынан Наурыз, Суір және Мамыр атты үш немересі бар екен патшаның. Ал Жаз 

ұлынан Маусым, Шілде, Тамыз атты немерелері, Күз ұлынан Қыркүйек, Қазан Қараша атты немерелері 

тараса, ал Қыс ұлынан Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелері тараған екен. 

Патша өз тағына мұрагер етіп ұлдарынан емес немерелерінің арасынан тағайындауды жөн көріпті. Содан 

ол  өзінің  тағына  немерелерінің  арасынан  біреуін  тағайындайтынын  жария  етеді,  сонымен  қатар,  ол 

мұрагері  білімді, өнерлі, халыққа қызмет етуі керектігін де айтып өтеді. Барлық немерелеі Жыл патшаның 

алдына келіп, білімдерін, талантын көрсетеді, барлығы бірінен- бірі асып түседі. Немерелерінің бұл өнері 

мұрагерді таңдауда патшаға қиыншылық түсіреді. Әрі ойланып, бері ойланған патша мынадай жарлық 

етеді: 

 

— Менің мына «Уақыт» патшалығым тұрғанда менің немерелерімнің барлығы да патша болады. Олардың 



барлығы  халық  үшін  өздерінің  жайлылығын,  еңбектерін  ұсынып  отыр.  Сондықтан  немерелерімнің 

әрқайсысы отыз күннен патшалық етсін! 

 

Міне,  осы  жарлықтан  кейін  патшалықта  әр  отыз  күн  сайын  халыққа  Жыл  патшаның  он  екі  немересі 



үлкенінен кішісіне қарай заңдылықпен патшалық етіп отырыпты деседі. 

 

181 - Бөлім: «Алма» ертегісі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1878 

 

 



Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма 

ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген 

Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — се- 

кіріп жете алмайсың! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              266 bet 

Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды. 

— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян: 

 

— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді. 



Қарға  ағаш  басына  ұшып  барып,  алманы  үзіп  алады.  Бірақ  алманы  тұм-сығымен  қармап  ұстай  алмай, 

жерге түсіріп алады. 

Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, 

дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. 

— Бұл қалай? 

Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: 

— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың? 

Кірпі кідірместен: 

~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. 

Қоян да қояр емес! 

— Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. 

— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра. 

Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді. 

Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады. 

— Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап: 

— Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін айтып 

берші? — деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет