Желкілдек айтты:
– Атпа, - дейді, - Құдай кешсе, мен кештім! - дейді.
Өзтемір айтты:
– Жоқ, болмайды. Атысайық төбемізден.
Желкілдек айтты:
– Қой, аға!
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
495 bet
Болмады, қоймады, айтқан тілді алмады. Төбесінен оқ атысты. Өзтемір айтты:
– Інім, сен бұрын ат!
Желкілдек айтты:
– Жоқ, сен ат, ат!- дейді.
Өзтемір өз төбесінен өзі оқ атты. Оқ төбесіне келе жатыр еді, Желкілдек оқты қағып жіберді. Оқ барып
жерге түсті. Енді Желкілдек өзінің төбесінен өзі атты. Оқ келді де, жерге түсті. Өзтемір айтты:
– Кел, тағы атысайық!
Желкілдек айтты:
– Қой,болар осы атысқанымыз, болар. Екеуміз де ақ екенбіз.
Өзтемір сөзін алмады:
– Атысамыз! - деп айтты. Желкілдек:
– Атыспаймыз,- дейді. - Әлгіде мен болмасам, оқ төбеңе тиетұғын еді. Мен оқты қағып жерге жібердім!
Өзтемір:
– Мен Құдайға жалғаншы болып, жалған дүниеде жүргенімнен өлгенім артық. Өзімді-өзім Құдайға
бергенім!- деп, оқты атты басынан. Оқ келді, тиді. Өзтемір өліп қалды. Желкілдек жылады. Өзтемірді
жерге көмді. Кәпір басы - Телегей айтты:
– Мен өлген Өзтемірден де разымын. Желкілдек, сенен де разымын! Қызым, сенен де разымын! Сен
болмағанда, Нұрманбетке не қылсам, маған Өзтемір соны қылса керек еді. Сыртымнан жарып өтімді алса
керек еді. Енді мен де өзімді-өзім Құдайға беремін. Жалған дүниеде пенде кешкенмен, онда барғанда,
Құдай кешпесе, жалған дүниенің не керегі бар?-деп, ұшып түрегеліп, төбесінен оқ атты. Төбесінен оқ
келді, тиді. Желкілдек тәрбиелеп көмді. Телегейдің қызын қатын қылды, некесін қидырды. Күнікей
апасын төренің баласына берді. Өз жеріне қайтты. Жеріне келді. Сарыбай әкесі тірі екен, шешесі тірі екен.
Жалғыз қарындасын Топай құл алған екен. Той қылып жатыр екен. Әкесі, шешесі қартайыпты. Желкілдек
Топай құлға ашуланды:
– Құл болып, менің қарындасымды неге алдың?! - деп, Топай құлдың басын алды. Әкесінің жерінде тұрған
малын, бәрін де өзі алды. Өзі хан болып елін-жұртын биледі. Барша мұрат басына жетті.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19507#ixzz4WeDH4YyO
284 - Бөлім: ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ ЕРТЕГІСІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1981
ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ ЕРТЕГІСІ
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
496 bet
Түбі - тегі Қыпшақ еді. Еділ деген бай болыпты. Жайық деген қу жарғақ мерген болыпты. Еділ ағасы еді
де, Жайық інісі еді дейді. Еділ бай Еділ суының бойында болыпты да, Жайық мерген Жайық суының
бойында болыпты. Кертағы, аладомбай, бұғы, бұлан, арқар, киік, құлан елсіз, күнсіз жерлерде быжынаған
биттей, құжынаған құрттай - соларды атқан мергендігіне қызығып, құмарланып, «Қу жарғақ Жайық»
атанып, Жайық өмірін өткізіпті. Жайық өзенінде бір «Құлан суаты» - деген суат бар екен. Сол суатқа
Жайық бұрын келсе, құланды бықпырт тигендей қылады екен де, құлан бұрын келсе, аттырмай кетеді
екен. Бір күндерде Жайық түннен тұрып,сол суатты бұрын алып: «Құлан, енді келші!» - деп тосып жатса,
судың ар жағынан бір ел келіп қонып жатыр дейді. Малы ылғи құлан дейді. Уық, кереге, шаңырақ – бәрі
алтын мен күміс; киіз (кигіз) орнына ұстағаны - ылғи жібек пен торғын. Қазықтары - алтыннан, желі,
тоқпақтары - күмістен, желі арқаны - жібектен. Шатырлатып құланның қодығын байлап жатыр дейді. Қу
жарғақ Жайық есі шығып, елеуреп, сірі тоны сіресіп, аузын ашып аңқиып,қадала қарай қалып тұрғанында,
бір келіншек қатын сылаң етіп, қасына жетіп келіп:
– Жезде, амансыз ба?- деп,қарында көнегі, қолында аяғы,қымызды құйып беріп, көзін шырадай
жандырып, - Мен барып, шатыр тіге берейін. Балдыздарыңыз да келер!- деп кетіп қалды. Оның артынан
тойға баратұғын қыздардай жасанып, киім киген қыздар сау етіп жетіп келіп:
– Жүріңіз, жезде,шатыр тігілді! - деп, ала жөнелді.
Желқомдап мінген жауыр көк шолағы қалып бара жатқан соң, алаңдап еді:
– Оған алаңдамаңыз, мына қыздар алып келеді, - деп, алтыннан қазық қағып, жібек арқанмен арқандап,
өзін тұрған шатырға кіргізіп, былқылдатып белден төсек салып,үстіне отырғызып,бір керсен қымызды
алдына алып келіп құйып,бір астау құланның қазы-қарта, жал-жаясын алдына меңгертіп, ай дейін [де]се,
аузы бар, күн дейін десе, көзі бар, бір қасық сумен жұтып жібергендей бір қызды оң жағына отырғызып:
– Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда, басыңда бар бөркіңіз, не қылсаң да, еркіңіз! - деп, қыз бен екеуін
оңаша тастап, шығып кетісті дейді.
Құланның қымызын ішті, жал-жаядан таңдағанын кесті. Құшақтап, сүйіп, сұлу қызды құшты. Қымыздың
мастығымен, құлан етінің желігімен, құшырланып, құмарланып, қызды бауырына басып, қысып
жібергенде, қыздың балдағы шырт ете түсті. Бүгінгі көрген дәурені бар өміріне татырлық дәурен болды.
Жалығып, шаршап ұйықтайын деп еді, қыз жалынды:
– Ұйықтай көрмеңіз, бір күнгі ұйқыға менің татымағаным ба? Осы түн ұйықтамасаңыз, осы тігулі шатыр,
салулы төсек, мына отырған мен басыбайлы сіздікі боламыз. Егер ұйықтап кетсеңіз, сіз маған жоқ, мен
саған жоқ. Жарық дүние екеумізге де арам болады.Мен анау елде ешкімге тие алмаймын. Байы өлген
қатындай, бетім жаралы, басым қаралы. Бұл жүргендер: «Көшпелі дүние» деген дүние. Жан көрмесе,
көрінбеген бойымен көрінбей кетеді. Егер жазатайым өздерін бір жан көріп қалса, өстіп жалынып,
жалпайып, бір қыз беріп құтылып кетеді. Сен бұрын көріп қалдың. Сол себептен (себелтеден) осындай
жалынып-жалпайып жатыр. Өзіңізді де аяңыз, мені де аяңыз!- деп, қыз жылаған соң:
– Неге ұйықтайын? Бір түн ұйықтамасам, өлемін бе?- деді.
Солай дегенмен қымыздың мастығы, еттің мастығы, қыздың мастығы бойын еріксіз билеп кетіп, ұйықтап
қалды. Көзін ашып, ояна келсе, қыз да жоқ, шатыр да жоқ, жамбасының (жанбасының) астында
төсеніштің тамтыры қалыпты. О жақ, бұ жағын кесіп ап кетіпті. Атын арқандаған жібек арқан мен алтын
қазық қалыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
497 bet
Жайықта ес жоқ, есалаң, тұра келіп, жалғыз-жарым қалған жұрнақ белгіні артына бөктеріп, салған
бойымен Еділдікіне барыпты. Өң жоқ, түс жоқ, түсі қашып, көп ортасына кіріп барғанда, көрген жанның
бәрі де үрпиісіп шошып кетіпті.
– Жаным, жаймысың? Денің сау ма? Не қылды? - десіп, сұраған екен. Көрген-баққанын әңгіме қылып
айтыпты.
Ағасы Еділ ұшып тұра келіп, мылтығына қарай жүгіріпті:
– Бұл итті атып тастайын! - деп. - «Көшпелі дүние» деген болады, - деуші еді. Осындай кез болып қалғанға
көп дүние беріп кетеді» - деуші еді. Шірік, сасық, жаман шіркін, бір түнге ұйықтамаса, өле ме екен?! - деп.
Жұрт Еділге Жайықты аттырып қарап отыра ма, арашалап, айырып алыпты. Сонан соң Еділ айтыпты:
– «Ол көшпелі дүние бір түнеген жеріне жылда кез келінеді», - дейтұғын. Сол көрген жеріңді бір жыл
күзет. Тағы кез болып қалар!- деген соң, Жайық ас-су ішпей, ұйқы көрмей, бір жыл күзетіпті. Бір жылдан
соң, көрген-баққаны: бір құланға мінген, қара киген бір қатын:
– Міне, Жайық, қатын-балаң!- деп, бесігімен бір баланы тастап кете беріпті. Алтыннан шүмегі, күмістен
түбегі бар екен.
Сол баланың атын Құлан қойып: «Құлан жалғыз, құдай жалғыз» - деген сөз мәтел болып қалған деседі.
Құлан: Қыпшақтан Қошқарбай батыр шықты. Ол барып Естектен бір қыз алып келіп, Жақып деген Естек
молдасына қосып, онан жеті ұл туып, біреуі - Жайықбай, одан - Ыбырай туып: «Молда балалары» атанды.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19508#ixzz4WeDPxWon
285 - Бөлім: ҰЙҚЫНЫҢ ӘЛЕГІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1982
ҰЙҚЫНЫҢ ӘЛЕГІ
(САРЫБАСТЫҢ ЕКІНШІ БІР ӘҢГІМЕСІ)
Бір күн[і] бір төбенің басына шыға келдім. Аяғым астында бір торғын шатыр тұр. Айналасында құланның
қодығы байлаулы жатыр. Бір жалаңдаған жас келіншек жылмаң етіп, шатырдан шыға сала, маған жүгіріп
келіп:
– Жездеке, шатырға жүріңіз! - деп, қолымнан жетектеп, шатырға алып кірді. Ал шымылдық құрулы, алаша,
төсек салулы. Бір сәулем қыз отыр, ұшып тұра келіп, төсек үстіне отырғызды. Керсен тола қымызды
алдыма ап келіп қойды. Бір астау етті алдыма қойып:
– Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда, - деп, келіншек шығып жүре берді.
Етті жедім, қымызды іштім, қызды құштым, аузымнан су ақты, балжырадым, қалжырадым. Ұйықтайын
деп едім, қыз жалынып, ағатайлап ұйықтатпады. Мені ұйықтатпасқа әңгімеге кірісті:
– Қайыперен, Аушыерен деген аңның бақташысы болады. Сіз бір түн ұйықтамасаңыз, осы шатыр барлық
сайманымен басыңызда болады. Мен күндіз-түн қасыңызда боламын. Бір түнгі ояулықты көтере алмай,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
498 bet
ұйықтап қалсаңыз, сіз маған жоқ, мен саған жоқ. Анау ел мені ит тиген арам астай көреді. Онан соң
жалғанның жарық сәулесі екеумізге де арам.
– Жарайды, неге ұйықтайын?! - деген болды.
Өйткенмен бола ма, ұйықтап қалды. Ояна келсе, сопайған өз басынан басқа дәнеме жоқ. Аң аулаудан
қалды. Бір жыл күзетіп, тырп ете алмай қалды. Бір жылдан соң, басы қаралы, беті жаралы, құланға мінген
бір келіншек өңгерген бесігін, ішінде бір еркек бала бар, тастап жүре берді. Сол баланың атын Қайыпберді
қойды. Өсіп-өніп, оның нәсіл жұрағаты: «Қайыпберді - Тамамыз» деседі.
286 - Бөлім: САРЫБАС МЕРГЕН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1983
САРЫБАС МЕРГЕН
Кіші жүз: Қарабура ұранды Тамада «Қу жарғақ Сарыбас» атанған мерген болыпты. Бетпақ шөлінде
Жетіқоңыр құмында аң аулап, өмір өткізіпті.
– Бір түн далада жалғыз жатыр едім. Топтанған киік жосылып,жөңкіп өтіп барады. Оның артынан арқар,
оның артынан құлан, оның артынан бұлан, оның артынан бұғы, оның артынан аладомбай, оның артынан
кертағы, бірінен-бірі қалмай, шұбап өтіп жатыр. Ең соңында қаралдысы иттен кіші, мысықтан зорырақ,
бір кішкене жануар айсыз қараңғыда далаға жаққан оттай жарқ-жұрқ етіп, аяқпен басып бара жатқан
сияқты емес, қанатпен ұшып бара жатқан сияқты көрінген соң, бір атып қалдым, жығылды. Түн ішінде
қорқып, батып қасына бара алмадым. Таң атқан соң, ақырын аяндап қасына бардым, өліп жатыр. Аңнан
бөлектігі - қанаты бар, өмірімде көрмеген нәрсем. Терісін сойып алып, илеп, жанға айтпай, адамға
көрсетпей сақтадым. Бұрын атқан аңдарымның етін қақтап, обаға, іншіктерге тыға беретұғынмын. Тұс-
тұсынан ел келіп, алып кете беретұғын. Терісін де сондай: сауырын алып, далаға тастап кете
беретұғынмын. Сауырларын Бұхара базарына бара жатқандарға қосып, оқ-дәрі, керек-жарағымды
алдырып тұратұғынмын. Мынау қолыма түскен соң, Бұхара базарын аралауға көңілім соқты. Бұл
сықылды аң терісі болса, сонда болар деп, жаяу барып, Бұхара базарын аралап жүрдім. Бұл сықылды аң
терісі көрінбеді. Көз тұнжырататұғын аң терісін жинаған бір бай шақырды:
– Ай, қазақ, бері кел! - деп. Бардым.
– Адамға айтпай, өзіңнен басқаға көрсетуге қимай жүрген сенде бір аң терісі бар, шығар маған? Көрейін!
- деді.
Айтысымен, кідіріп қалғаным жоқ, шығарып көрсеттім.
– Уай, жарықтық-ай, құлағың естігенді көз көреді деген осы екен-ау! Айсыз қараңғы түнде аттың-ау!
Тайдай тал түсте көрсең, ата алмасаң керек еді. Бұл Зариф деген жануар: дүниеде мұнан қорықпайтұғын,
мұнан үрікпейтұғын адам болсын, аң болсын, еш мақұлық жоқ. Өзің көрген шығарсың: мұның алдына
түсіп кетіп бара жатқандар - бәрі осының зарпынан кетіп бара жатқандар. Мұнда құн, баға (баһа)
болмайды. Өзің жүре бер, үш күннен соң кел, - деп, қоя берді.
Үш күннен соң бардым. Алты түйеге жүк тиеп:
– Осы түйелер үстіндегі жүгімен сенікі, өзің өлгенше, өмірің қарығанша тіршілігіңе керек-жарақ міндетің
менің мойнымда, - деп, құшақтасып, дос болып қалды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
499 bet
«Қу жарғақ Сарыбас» атандым, атқа тақымым тиген жоқ, жарғақ құлағым жастыққа тиген жоқ. Түн
ұйқысын көрген жан емеспін, оқ тиген аңның тыпырлап жатқанын көрсем, құмарым тарқайды.
Күн қыс еді, жер қар еді. Бір нәрсе тап-тап етеді. Таң атқан соң қарасам, жалаң аяқ басқан адамның сыңар
табанының ізі бар.
Күндіз көрінбейді, түнде тықыры білінеді. Маңайымнан ұзап кетпейді. Бір түн шоқиып отырғанын көріп,
аттым. Ойбайлап жығылды. Таң атқан соң, барып қарасам, жарты адам, жарты денеден дәнеме жоқ. Терісі
тақыр, тұла бойында іске жарар дәнеме жоқ. Жалғыз-ақ тұмсығысы темірдей көкпеңбек (көпкөңбек) темір
екен. Сол тұмсығын кесіп алып сақтадым. Бұхара базарына барғанымда, наркескен соғатын ұста, сол
танып, көп құн төлеп алды. Өзіме бір қылыш, бір пышақ, бір біз (боз) соғып берді.
– Темірдің суы мұнымен суарылса, метін болады. Хандар, патшалардың қолына түспесе, анау-мынаудың
қолына түспейді. Аңгос (аңкөс) деген аң осы, - деді.
Енді бір көргенім: сексеуіл ортасында жеті қараңғы түнде аң етін асып жеп отыр едім, қарсы алдыма бір
қыз келіп қадалып отырып алды. Жеп отырған тамағымнан беріп едім, қолын жеңінен шығармады.
Жеңімен алып жеді. Ол менен көз айырмады, мен онан көз айырмадым. Сүйек кеміріп едім:
– Болатты болатқа ұрғаны несі? - деді. Қолымды шөпке сүртіп едім:
– Майды майға сүрткені несі? - деді.
Менімен аңдысты. Сонан соң бір сексеуілді адамдай қылып жатқыздым да, басына тымағымды кигізіп,
аяқ жағына етігімді кигізіп, шекпенімді айқара жауып салдым да, өзім сексеуіл арасына барып,
мылтығымды кезеп отырдым. Түн ортасы ауып, таң атуға бір-ақ ұйқылық мезгіл қалған кезде мысықша
басып, тықырын білдірмей келді. «Жатыр екенсің, пәлем»,- дегендей, атша мініп алып, екі бүйірден «Аф!»
- деп тырнағын салған шақта, атып салдым, жатып қалды. Таң аппақ атқан соң, барып көрдім, он саусағы
жез екен. Жезтырнақ дейтұғын сол екен. Мен оның киімін олжалаймын ба, қала берді. Соған өшіккендей,
тағы біреуі аңдысты. Оны да жайраттым. Үшінші біреуі аңдысты. Мұны алыстан аттым, оқ тиді,
жығылмады. Шегін сүйреткен қояндай Қаратауды бет алып жүре берді.Бір нәрсемді алып кеткендей
өшігіп, мен де соңынан қалмадым. Қалың Қаратауға барып, бір үңгіріне кірді. Мылтығым қолымда, мен
де кірдім. Ұзыннан-ұзақ, ұшы-ғұйыры жоқ үңгір. Соның түбіне барып, бүк түсіп жатыр екен. Өзі кемпір
екен, сөйлей бастады:
– Алғашқы көргенің қызым еді. Соңғы көргенің келінім еді. Жынысы еркегіміз оңбаған, құдай қарғаған,
ант жеткен, қарғыс тиген болады. Жынысы әйеліміз өзің көрген: бірінен-бірі өтеді. Өткені бар болсын:
түбімізге жеттің! Құдай жаратқан асыл қазына осы үңгірде түгел. Мұның бәрін қопарамын деме, өзің
көтергеніңше алып кет. «Жерұйық» деген осы. Енді қайта айлансаң (айналсаң), саған бұл жоқ, - деп өлді.
«Елге, жұртқа хабар беріп, түйе жинап келіп, ел-жұртты бір қарық олжаға батырайын!»-деп, қанша жұрт
болып бардық. Бір бүртік дәнеме таба алмадық. Көргендігімнің өзі бір арман болды. Жұрт аңыз қылысты:
«Бұ да бір көшпелі дүние екен. «Көшпелі дүние»-деген бір жерде тұрақтап тұрмайды. Бүгін көрсең, ертең
жоқ деуші еді»- десті.
Құлақ естігенді көз көрмек. Талай жерұйық болғандар қайда кетті?! Көшпелі дүние екені өтірік пе?
Опасыз жалған екені өтірік пе? Құдай рахмет қылсын, Мәшһүр-Жүсіп айтты ғой:
Зар болып қалар кей бір күн бай бір пұлға,
Үнем[і] қонып тұрмайды дүние қолға.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
500 bet
Бақ пенен тақ, патшалық тиіп қалар,
Ескерусіз есікте жүрген құлға.
Байлар-ау, жиған малың - жанның қасы,
Садақа беріп жүрсің, атаң басы!
Байлардың қолындағы жиған малы-
Кем-кетік, кедейлердің сыбағасы!
287 - Бөлім: ДҮНИЕДЕ ЖАМАНДЫҚ НЕДЕН?
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1984
ДҮНИЕДЕ ЖАМАНДЫҚ НЕДЕН?
Дүниеден безіп, тасқа шығып кеткен, бір ақ жүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң
мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болады.
Бір ағаштың түбінде ақ жүрек жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға, кептер, бұғы жылан жиылды.
Олар: «Дүниеде жамандық неден болады?» — деп, кеңес құрды.
Дүниеде жамандық түбі — аштық, тамаққа әбден тойсаң, бір бұтақтан бір бұтаққа қонасың.
«Қарқ-қарқ!» — деп, өлеңді соғасың, тұла бойың лықылдап толған қызық, қуаныш, не көрсең, соған
қуанасың, — ал, енді, бірер күн аш болсаң, көзіңе көрінгеннің бәрін иттің етінен жек көресің, құдайдың
күніне де қарағың келмейді, қайда барарыңды білмейсің, бір жаққа жоғалып кеткің келеді де тұрады.
Бірден ұшып, бір жерге қонасың, сенде дамыл жоқ. Ұшып көрсең, есің шығып, бұрынғыдан да жаман
боласың. Не екенін аңдамай киіп кеп кетесің, сені таспен, таяқпен жіберіп ұрады. Ит, қасқыр сүйрелеп
жүрген жемтіктен айырмайсың, тамақ үшін аштан қанша қарға өледі. Жамандықтың бәрі аштықтан, —
деп шешен қарға соқты.
— Дүниеде жамандық аштықтан емес, жамандық түбі — махаббат. Біз жалғыз-жалғыз өмір сүрсек, уайым
қайғы жоқ болар еді. Жалғыз басқа кедейлік, кемшілік жоқ. "Біз жұптан жүреміз, жұптан өмір сүреміз.
Жарыңды өзіңнен артық көресің, жарыңды ойлап сенде тыныштық жоқ.
«Тоқ па, аш па, суыққа тоңды ма?» деп, сорлайсың да жүресің. Бір жаққа бөлек ұшып жырақ кетсе, «не
болды?» деп, ойлап әуре сарсаң боласың; «қаршыға көзін шұқып жатыр ма, балалар ұстап алды ма?» деп,
іздеп өзің ұша жөнелесің, сөйтіп қаңғып жүріп, не қаршығаға, не тұзаққа өзің кез келесің. Жарың жоғалса,
жарың өлсе, дүние түкке тұрмай кетеді. Енді дүниеде сүйікті еш нәрсе болмайды. Түк жемей, түк ішпей
іздейсің де, жылайсың. Қанша көк кептер осыдан өледі, жамандықтың бәрі аштықтан емес, махаббаттан,
— деп көк кептер сөйледі.
— Жоқ, жамандық аштықтан да, махаббаттан да емес. Жамандық түбі — жаман мінез.
Біз тату жүрсек, қастық ойламасақ, кекшіл болмасақ, жақсы болар еді. Бір нәрсе өзің ойлағандай болмаса,
ашуланасың, дүние көзіңе түк құрлы көрінбейді. Көзіңе не түссе, бәрін жек көресің. Ойлағаның біреуден
кек алмақ. Біреуді шақпақ болып ысқырып, іздеп, иіріліп жүргенде, ашуланып өзіңді өзің ұмытып кетесің,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
501 bet
ешкімді аямайсың: әке-шешең тұрса, шағасың, өзіңді-өзің жегің келіп тұрады. Өлгенге кейін ашуланасың.
Дүниеде жамандықтың бәрі — қара жүректіктен деп, — жамандықтың иесі жылан соқты.
— Жоқ, дүниеде жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, жаман мінезден де емес, —
қорқақтықтан. Қорықпайтын болса, дүниеде жақсылық жауғандай болар еді. Аяғымыз жүргенде желмен
таласады. Қуат көп, мықты жаудан қашып құтыласың. Бірақ, қорықпасқа болмайды. Сырт етіп бір бұтақ
сынып кетсе, бір жапырақ сылдырласа, қорқып, селкілдеп кетесің. Жүрегің тас төбеңе шығады, қаша
жөнелесің. Қоян жүгіріп келе жатса, құс талпынса, бұтақ сынса, жау келіп қалды ғой деп, тұра жөнелесің,
дәл жаудың өзіне жүгіріп кез келесің...
О болмаса иттен қашып жүгіріп, анлдыға соқтығасың. Қорқып, жүгіріп жөнелесің. Қайда қашып бара
жатқаныңды білмейсің, құза шығып кетіп, құлап өлесің... Ұйықтағанда да бір көзіңмен ғана ұйықтайсың,
тыңдап жатасың. Бәрі қорыққанның азабы... тыныштық бізде жоқ. Жамандық қорқақтықтан деп, момын
бұғы сөйледі.
— Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі
жамандықтың бәрі — біздің тәнімізден: аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі — тәннен өсіп-
өнеді, олар тәннің асырап өсірген балапаны.
Сондықтан тәнді таза ұстау керек, — деп ақ жүрек ақсақал әңгімені байлады.
288 - Бөлім: АЛТЫН АЙДАР
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1985
АЛТЫН АЙДАР
Бір хан болған екен, оның екі қатыны болыпты. Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға
ойланып, қатындарына айтыпты:
— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар?— депті.
Сонда үлкен қатыны айтыпты:
— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын,—депті.
Кіші қатыны айтты:
— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын, — депті, — ол баланың аты Алтын Айдар болады, —
депті.
Сонан соң бұл хан сапар шығып кетті.
Хан бір екі - үш жыл жүріп қайтып келіпті. Сонда манағы үлкен қатыны үй салдырып қойыпты, кіші
қатыны Алтын Айдар баланы тапқан екен, бірақ оны үлкен қатыны күндеп, бір сиқыршы қатынға айтып,
баласын ұрлап алып, құдыққа тастапты. Ол кіші қатынға «сен күшік таптың» деп, күшік беріп, бәле
қылыпты. Сонда бейшара тоқал жылапты да, шарасыз көніпті. Манағы хан келіп, күшікті көріп, тоқал
Достарыңызбен бөлісу: |