ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет84/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153

 

Жалғыз өзі меншіктеп жерді, көкті: 



 

— Осыны да тұрсың ба сөз деп айтып, 

 

Ту, ақылсыз, шіркін! — деп, жаман сөкті. 



 

— Қолыңдағы барыңды несие сатып, 

 

Өзің ішіп, жей бермей сақтап жатып. 



 

Миы қашып, қарны ашып кедейекең, 

 

Сөйлейді екен не болса соны шатып! 



 

Ақылсыз болған ақымақ, інім! — дейді 

 

— Сөйлеген саған есіл тілім! — дейді 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              583 bet 

— Мен қалай мал мен басқа, сен қалайсың?! 

 

Емес пе үздік артық күнім?! — дейді. 



 

— Үй мынау, жасау мынау жайнап тұрған, 

 

Асулы анау қазан қайнап тұрған. 



 

Мал мен бас, қызық дәурен сүрген жасым, 

 

Бәрі де гөй-гөймен сайрап тұрған. 



 

Менімен еріп бірге жүрші! — дейді, 

 

— Бауына құрма, мейіз кірші! — дейді. 



 

Жетектеп сол қолынан алып жүрді: 

 

— Мінеки, тамашамды көрші! — дейді. 



 

Көрсетті аралатып егін-жайын, 

 

Дәуірлеп айтқан сөзі басқан сайын: 



 

— Кәнеки, таусылар ма мұнша дүние?! 

 

Маған енді кедейлік жоғы дайын! 



 

Осы-дағы қызығы болғандағы, 

 

Әр нәрсенің қалпы осы толғандағы. 



 

Жер өле ме, жіте ме, жоғала ма 

 

Осы тұрған бойымен тұрғандағы?! 



 

Көзге түскен сенікі жалған-дағы, 

 

Не болары белгісіз қалғандағы. 



 

"Ақырет бар, пейіш бар", — пәлен-түген, — 

 

Деген сөздің бәрі де жалған-дағы. 



 

Жарастығын жалғанның көрер көзді, 

 

Бірдей қылып түзетсе үй мен түзді. 



 

Шын деп, тіпті, көңілімде ойламаймын: 

 

"Соң қиямет болады!" — деген сөзді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              584 bet 

 

Ал, енді болса бұлақ, құйсын, әні, 



 

"Оны-дағы шын сөз, —дейік, — пәлі!" 

 

Мұнда озған онда-дағы озатұғын, 



 

Құр алақан сендерге дәурен, кәні?! 

 

Байлыққа бізді құдай арнаған-ды, 



 

Екі жұртта бірдей ғып парлаған-ды! 

 

Мұнда да жоқ сендерге, онда да жоқ



 

Осы қарғап қойғаны — қарғаған-ды! 

 

Сонда тұрып Яһуда сөз айтады, 



 

Сырттан емес, өзіне көз айтады: 

 

— Мен айтайын, сен бір, — деп, — құлақ салшы! 



 

Кідірместен сол жерде тез айтады. 

 

— Бәрі бос сөз айтқаның, менікі — шын! 



 

Шын деп бұған нанбасаң, сенде жоқ дін! 

 

Болуына қиямет нанбағаның, 



 

Бергендігін құдайдың сен білмедің! 

 

Сені құдай жаратты топырақтан, 



 

Болмаса келіп едің, айт, қай жақтан?! 

 

Үйірліктен аққан бір су едің ғой, 



 

Көрмегендей қыласың несін мақтан?! 

 

Бір есе адал, бір есе арам қылды, 



 

Айдап келіп ақыры адам қылды. 

 

Неше түрлі өстіріп өндірумен, 



 

Төрт бұрышыңды түп-түгел тамам қылды. 

 

Мен айта алман баршасын тамам қылып, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              585 bet 

Бізді құдай осындай адам қылып. 

 

Барлық - жоқтық, жалғанда: аштық, - тоқтық,- 



 

Әр не болса тұрамын сонан біліп. 

 

Бар қылған жоқтан мені сол құдайым, 



 

Құлдығында күні-түні тұрам дайым! 

 

Оған жетер еш нәрсе бар демеймін, 



 

"Жоқ болдым!" — деп, жемеймін тіпті уайым! 

 

Бауыңа алып келдің мені ертіп, 



 

Ісініп, күжірейіп, тасып, бөртіп. 

 

Аузыңа сен құдайды бір алмадың, 



 

Қойды деп жарастырып тәңірім бүйтіп. 

 

Деп тұрсың: "Өзім қылдым, өзім қойдым



 

Бәрін өзім ұқсатып, — деумен, — тойдым!" 

 

"Тар жер, тайғақ кешуден" — хабарың жоқ, 



 

Алдында қолат сай бар ойдым-ойдым. 

 

Рас, бәрі сенікі-ақ болған шығар, 



 

Қойны-қоншың алтынға толған шығар. 

 

Мұнша нәрсе жарасып пар-парымен, 



 

Сақтауымен құдайдың тұрған шығар! 

 

Мал менен бас сенде бар, менде жоқ-ты, 



 

Мені емес, жын соққыңа сені соқты. 

 

"Өзім болып тұрмын!" — деп айта бердің, 



 

"Құдайдан, - деп ойламай — барды, жоқты!" 

 

Біреу үлкен жалғанда, біреу - кіші, 



 

Ойлау керек: "Не болса, Хақтың ісі!" 

 

Сенен мені бай қылып қоям десе, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              586 bet 

 

Құдіреттің жетеді әбден күші. 



 

Шын жабысқан Құдайға түзу жүрер, 

 

Құдайлығын Құдайдың ел-жұрт көрер. 



 

Мұнан да артық мал мен бас, бау ағашты 

 

Мұнда берер болмаса, онда берер! 



 

Бүгін аш болған қарын ертең тояр, 

 

Семіруі жеткенді жылдам сояр. 



 

Бергендігін құдайдың білмесең сен 

 

Жалғыз-ақ күн қолыңнан алып қояр! 



 

Бұл бойыңмен кетпессің бір шалдырмай, 

 

Сені оңай қоюы малдандырмай. 



 

Аспан көктен жұмсаса бір құйынды. 

 

Түбіменен суырар түк қалдырмай. 



 

Не болары белгісіз мұның ақыр, 

 

"Қылам, — десе бір құдай, — сені пақыр!" 



 

Аспан көктен бір пәле келіп тисе, 

 

Жып-жылмағай боп қалар таза-тақыр! 



 

Егініңді қиратса бұршақ жауып, 

 

Жалғыз күнде жоқ қылса жаудай шауып. 



 

Су біткенді жіберсе жер түбіне, 

 

Ала алмассың ешқайдан іздеп тауып. 



 

Яһуда осылайша айтты сөзін 

 

Сөйлетіп тұрған екен 



 

Хақ сонда өзін. 

 

Шалынып періштенің құлағына 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              587 bet 

Келтіріп қабылдыққа тәңірім кезін. 

 

Күн батып, қас қарайып кеш боп қалды, 



 

Аузына әр не десе тәңірім салды. 

 

Құдайдың қаһар, ғазап көп пәлесі, 



 

Сол уақытта бау ағашты қоршап алды. 

 

Бір бүртік, қалмай бүршік енді ол жайда, 



 

Егін мен жеміс түгіл, ағаш қайда?! 

 

Таң атып тұра келсе, дәнеме жоқ, 



 

Быт-шыт боп уатылған майда-майда. 

 

Қараса Патрос тұрып бау ағашқа



 

Күн болыпты кешегіден бөлек, басқа! 

 

Қол жайып, айға бата қылмай ма енді, 



 

Маңдайы болып алып аппақ қасқа?! 

 

Бір түнде ауып қайда көшіп кеткен?! 



 

Түтілген жүндей болып ұшып кеткен! 

 

Құдайдың мұндай ғажап шеберлігін 



 

Көрген жан қорқып, жаман шошып кеткен! 

 

Алладан қаһар, ғазап тигеннен соң, 



 

Қарынның киген кебін кигеннен соң, 

 

Соқпай ма алақанын енді шарт-шұрт, 



 

От болып, іш өртеніп күйгеннен соң. 

 

Сақалын екі қолдап жатыр жұлып, 



 

Тұра алмай бір араға ұшып қонып. 

 

Тас қылып кісі кірмес қоятұғын, 



 

Кілті мен қайда қалды қара құлып?! 

 

Жыртумен жылап жатыр қатын бетін, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              588 bet 

 

Кедейге бермейтін қу шай мен етін. 



 

Жалғыз жер мен су емес күйіп кеткен, 

 

Бұлар да күйіп жатыр болып түтін. 



 

Осындай боп солардың алды өз тұсы, 

 

Жазы бар, қысы жоқ бұ дүние-жылдың құсы. 



 

Ішпей,жемей, кісіге бермей жиған, 

 

Қашан болса, дүниенің қызығы — осы! 



 

Бір кеткен соң алады кім қайырып, 

 

Ара түсіп әперер бар ма айырып?! 



 

Қысып ұстап, қимастан жүрсең-дағы, 

 

Құр алақан қалады қол жайылып! 



 

Көзің - соқыр: толықсып тұрған күнде, 

 

Бір ашылар төбеңнен ұрған күнде. 



 

Жылдың құсын көргенде, құшақтай ал, 

 

Қыз бен аққу көлге кеп қонған күнде! 



 

Жылы жаздың соңында бар бір қысы, 

 

Саған онда арам ғой жылдың құсы! 



 

Уысыңда тұрғанда, үлестірсең, 

 

Байлық пенен барлықтың қызығы - осы! 



 

Жұртқа жеңіл — бұл сөзім, өзіме — ауыр, 

 

Себебі сол: жан біткен қарабауыр. 



 

Жоқтықтан аяп, азық бөлушіні, 

 

Бұл күнде шабан-семіз, жүйрік-жауыр! 



 

Жұма сайын тер алып, шауып тұрмын

 

Жауырлықты жабумен жауып тұрмын. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              589 bet 

Бұл екеуі ертеде оңға шығар, 

 

Дәл осы күн өзімнен тауып тұрмын. 



 

344 - Бөлім: ОПАСЫЗ ӘЙЕЛ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2041 

 

 



ОПАСЫЗ ӘЙЕЛ 

 

 



Басқаға бір Құдайдан көңіл бөлме, 

 

Нәпсінің, шамаң келсе, тіліне ерме! 



 

Пәледен басым аман болсын десең, 

 

Бой салып бір нәрсені жақсы көрме! 



 

Махаббат күннен-күнге артады екен, 

 

Оралып шырмауықтай тартады екен. 



 

Басқаны бір Құдайдан сүйгендіктен, 

 

Бір залал ақырында тартады екен. 



 

Жастықта (жаслықта) бәрі кешті біздің бастан, 

 

Ит екен үміт еткен ішпес астан. 



 

"Қошқардың ені үзіліп түседі", — деп, 

 

Күлкі боп дос, дұшпанға болдық дастан. 



 

Бір істі бол ар-болмас көңілге алма, 

 

Бой сұнып болмас іске ғапіл қалма. 



 

Дүниеде не қызықты нәрсе көрсең, 

 

Күн бұрын жоламай қаш, назар салма. 



 

Білгенің өз басыңнан кетсе асып, 

 

Бір іске кіріптар боп қалсаң сасып, 



 

Бойыңмен суға батқан кете бермей, 

 

Басынды құтқарғайсың алып қашып. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              590 bet 

Бір іске жарамайды көңіл қойған, 

 

Жалғанның қызығына бар ма тойған?! 



 

Бүркіті Уанасілдің баласының 

 

Алып жеп ақырында көзін жойған (ойған). 



 

Батырлар жауға шабар атқа сеніп: 

 

"Жоқ қой, — деп, — маған пәле, жүрсем мініп!" 



 

Атының екпінімен ақырында 

 

Қалыпты қолға түсіп, жаудан өліп. 



 

Мергендер тауды кезіп, мылтық атқан, 

 

Қаңғырып құба жонда аштан қатқан. 



 

Ешкімнің таяғына ұшырамапты, 

 

Жаяу боп, басын қорғап, үйде жатқан. 



 

Соқтығып, пәле болар, тигеніңнен, 

 

Не пайда cay боп өзің күйгеніңнен?! 



 

Бір залал ақырында тартады екен

 

Табарсың бұл жалғанда сүйгеніңнен. 



 

Пәлеге бастайтұғын мына екі көз, 

 

Білгіш болдық көп таяқ жеген соң біз. 



 

Бұрынғы Хазіреті Ғайса заманында 

 

Сіздерге мен айтайын бір үлгі сөз. 



 

Жарандар, тыңда, сөзім — (салтанатлы) 

 

Тыңдасаң бұл сөзімді, балдан тәтті. 



 

Бұрынғы тақсыр Ғайса заманында 

 

Бір жігіт болған екен Ысқақ атты. 



 

Құрағындай өзеннің жағасының, 

 

Бұтағындай еменнің ағашының, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              591 bet 

 

Сонда Ысқақтың бір сүйер жары бопты, 



 

Қызы екен әкесінің ағасының. 

 

Дүниенің бұлтағы көп қамалының, 



 

Жері жоқ құтылатын амалының. 

 

Сондай ол қыз болыпты аса көркем, 



 

Сұлулығы — бет біткеннің заманының. 

 

Ысқақ аса сүйіпті көңіл қойып, 



 

Күнде жүзін көрумен қарны тойып. 

 

Ықтияры басынан кетіп қалып, 



 

Таусылуға тақапты өзін жойып. 

 

Татулығы — арадан өтпейді қыл, 



 

Жолдас бопты бұлбұл мен бір қызыл гүл. 

 

Бал мен қанттай екеуі басын қосып, 



 

Бұл ортада өтіпті бірнеше жыл. 

 

Жарастықты болысып айтқан сөзі, 



 

Жұрт аузында сөз бопты мұның өзі. 

 

Бұл жалғанды қызықпен өткізіпті, 



 

Бір-бірінен басқаға түспей көзі. 

 

Бұл қызығын бұлардың өлім болды, 



 

Қылар хайла, амал жоқ бұған енді. 

 

Ұшыратын ләззаттың дауылы соғып, 



 

Көз алдында Ысқақтың қатыны өлді. 

 

Тыя алмады көзінің Ысқақ жасын, 



 

Ұйықтар - ұйқы, ұмытып ішер асын. 

 

Өлім қолдан келмепті, өзге бопты, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              592 bet 

Моласына қатынның қойып басын. 

 

Жатқан қатын ол жерден тұрмасын да



 

Ешкім мұндай мұбтыла болмасын да. 

 

Бір орнатқан сым тастай болып қапты, 



 

Байғұс Ысқақ отырып көр басында. 

 

Көрінбейді көзіне жұрт пен елі, 



 

Тартқан жақтай бүгіліп қыпша белі. 

 

Құлағына ыз етіп бір кірмейді — 



 

Шариғат — қанша жұрттың айтқан тілі. 

 

Жер қарайып, жаз болып, көк шығыпты, 



 

Қар астынан тіріліп шөп шығыпты. 

 

Көз жасымен моланың басы тойып, 



 

Өзге жерден шөп бұған көп шығыпты. 

 

Жұрт аузында әңгіме сөз болыпты, 



 

Бір қуарған шүберек бөз болыпты. 

 

Бұл моланың басына Құдай айдап, 



 

Тақсыр Ғайса пайғамбар кез болыпты. 

 

Бір мүсәпір жылаулы көрді жанды, 



 

Іш бауыры елжіреп тұра қалды. 

 

Жылағанын көрген соң, аяп кетіп, 



 

Жерден басын көтеріп, алдына алды. 

 

— Көздің жасы мұнша неге бұлақ? — дейді, 



 

— Өзен ағып, шөп шығыпты, құрақ! — дейді. 

 

— Неден мұндай бұл халге түскен жансың, 



 

Мұңыңды айтшы маған бір-ақ! — дейді. 

 

Сонда Ысқақ жылап тұрып зарын айтты, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              593 bet 

 

Жалғаннан өтіп кеткен жарын айтты. 



 

Татулық, тәттіліктен түк қалдырмай, 

 

Сырының көкейкесті бәрін айтты. 



 

Аяды хазіреті Ғайса іші еріп, 

 

Жылаулы бейшараның түсін көріп. 



 

— Өлімнен мен өшіңді әперейін, 

 

Қолыңа қатыныңды алып беріп! 



 

— Айырылып мен жарымнан болдым мұндай, 

 

Жатырмын көр күзетіп құба жонда-ай! 



 

Өшкенім өніп, өлгенім тірілетін, 

 

Дариға, күн бар ма, — деп, — маған сондай?! 



 

Хазіреті Ғайса орнынан тұрды ұшып, 

 

Өне бойы дірілдеп, қайрат қысып: 



 

— Жатқан неме, моладан тұр! — дегенде, 

 

Көр жарылып кетіпті, зәресі ұшып. 



 

Ахыреттің жолы бар: бір сара сол! 

 

Даңғыл, соқпақ алдында бар қара жол. 



 

Қақ жарылған моладан тұра кепті, 

 

Өң мен түсі жоқ, көрмеген бір қара құл. 



 

Көрген жанның жүрегі жүр ғой сулап, 

 

Жан біткеннің бәрі де жүр ғой улап. 



 

Құлақ пенен аузынан ұшқын ұшып, 

 

Түгін шығып мұрнынан будақ-будақ! 



 

Он төртінен туған айдай болды жүзі, 

 

Сорлы болған, ашылды, жаңа көзі. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              594 bet 

Нұры аузынан аспанға шыға берді, 

 

Жарылқанған құл болды мұның өзі. 



 

Ғибрат болды тамаша көрген елге, 

 

Көмген кісі, тірілді, қолдан көрге. 



 

— Ла-илаһа илла алла! — деп, иман айтып, 

 

— Хақ Пайғамбар-Ғайса! — деп, келді тілге. 



 

Не күшті, ойлап тұрсам, Құдай күшті, 

 

Құдайдан кім тоқтатар, болған істі?! 



 

"Құдай - бір, Пайғамбар — Хақ!" — деді-дағы, 

 

Қалпына сылқ етіп, кайта түсті. 



 

Бет ағашын бейіттің қайта жапты, 

 

Ысқақ сорлы не дерін білмей қапты. 



 

— Енді Ысқақтың қатыны, қайдасың?! — деп, 

 

Тақсыр Ғайса ақырып, айғай сапты. 



 

Басымда емес, баққұсым табанымда, 

 

Мен жылаулы болып тұрмын заманымда. 



 

Мен де сондай далбаса болар едім, 

 

Тақсыр Ғайса бар болса заманымда. 



 

Бұл Ғайсаның қоймасын мола білді, 

 

Сілкінеді қара жер дір-дір енді. 



 

Бейшараның қатыны бір түшкіріп, 

 

Бір елеусіз моладан тұра келді. 



 

Бет-аузын қалған екен топырақ басып, 

 

Топырағын арылтады сілкіп, шашып. 



 

Ерлі-байлы екеуі қосылған соң, 

 

Жүрегі жарылуға жақындасып. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              595 bet 

 

Хазіреті Ғайса қатынды көрді көзбен, 



 

Өлгенмен нұр таймайды көркем жүзден. — 

 

Іздеп алған ауруға ем табылмас, 



 

Не көрсең де, көрме, — деп, — енді бізден! 

 

Өлген қатын тіріліп, қолға кірді



 

Күдер үзген нәрсесін Тәңірім берді. 

 

Бір-біріне екеуі жолыққан соң, 



 

Тақсыр Ғайса жөніне жүре берді. 

 

Неше күн қатын үшін көңіл бөлді, 



 

Ойға алғаны түскен соң қолына енді. 

 

Олай-бұлай аяғын бастырмады, 



 

Қоршап алған жаудай боп, ұйқы келді. 

 

Ысқақ айтты: 



 

— Ояулық қатден асты, 

 

Төге бердім жаңбырдай көзден жасты. 



 

Рақат тауып, аз ғана дамылдайын, 

 

Мен тізеңе, жатайын, қойып басты! 



 

Қатын айтты: 

 

— Тілегің болды қабыл, 



 

Иінің мұздар, үстіңе киім жамыл! 

 

Бүйтіп болған жұмыстың керегі не, 



 

Аяймын ба тіземді, алсаң дамыл. 

 

Жастық қылып қатынды жігіт жатты, 



 

Басы тию мұң екен, сеспей қатты. 

 

Жолыққаннан жұмысқа түспеген соң, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              596 bet 

Үлкен ауыр қатынға тиді қатты. 

 

Құмар болды арманға қатын жетпей, 



 

Көңілі қайдан жайлансын, жұмыс етпей? 

 

Кестіргендей, бір жауап алмаған соң, 



 

Көкейінен қала ма дәмі кетпей?! 

 

Ат тықыры естілді сатыр-сатыр, 



 

Қолда тұйғын, басыңда алтын шатыр, 

 

Ат-тұрманы күнменен шағылысып, 



 

Бір патшаның баласы келе жатыр. 

 

Кезге төтеп бергендей, денесі зор, 



 

Сағымданып көрініп жүзінен нұр. 

 

Қатын тұрып ойлайды көргеннен-ақ: 



 

"Байға тимей мынандай, болдым ғой қор! 

 

Леп бергенде, сіріңке жанбаған соң, 



 

Ал дегенде, иекке алмаған соң, 

 

Мұндай байдың барынан — жоғы жақсы, 



 

Құмар тарқап, мейірің қанбаған соң!" 

 

Хан баласы келеді бұған төніп, 



 

Қатын отыр құйқылжып, өңіне еніп. 

 

"Тіл қатуға бір-екі ауыз келе ме?" — деп, 



 

Екі көзі ішіп-жеп барады өліп. 

 

Хан баласы атының тартты басын, 



 

Тамаша етіп қатынның көз бен қасын. 

 

Қарағанын білген соң, ширатылып, 



 

Төгіп-төгіп жіберді көзден жасын: 

 

— Сенің отың ішімде жансын! — дейді, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              597 bet 

 

Бір құшақтап мейірім қансын! — дейді. 



 

— Алтын сарай, ақ орда — сенің орның. 

 

Мұнда не ғып отырған жансың?! — дейді. 



 

— Мені көрсең, бұл күнде, жанның қоры

 

Қызық көрмей жалғаннан жүрген тірі. 



 

Әлек қылып, әуре ғып, жібермей жүр 

 

Мынау жатқан баукеспе, қарақшы ұры. 



 

— Ақ жүзіңді көрген соң, көңілім толды, 

 

Сөз айтып, меніменен алсаң қолды. 



 

Алтын сарай ішіңде үлпілдетіп, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет