Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 872 жылы қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ 6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
3 курс
311 топ
Орындаған: Асан Ерғанат
Тексерген: Қабатай.Б
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Қанатты сөздері: 1.Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
Өз ойым: Расында,қаншама жылдар өтсе де, өзінің асылдығын жоғалтпаған сөз.Қазіргі уақытта біздің жүрегімізге тиетін сөздер десек те болады. Бірден екінші сөзіне көшсем. Дамыған заман,дамыған ел, жастардың білімге деген құштары үлкен. Біліп жатыр, оқып жатыр. Мемлекетіміз дарынды оқушыларды шет елге жібереді,оқысын деп. Алайды, сол жастардың көп бөлігі өз еліне қайтқысы келмейді,қайтпайды да. Берген білім, үйреткен ұстаздардың еңбегі ауаға кетеді. Қайта оралып, алғын білімімен елімізді көркейтсе, нұр үстіне- нұр болатын еді!
2. Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Өз ойым: Шыны керек, осы соңғы үш жылға дейін Педагог дегеніміз, ең төменгі адам саналып келді. Білім беретін адам емес, жұрт жасамайтын жұмысты жасайтын, жұрт жалығатын дүниелермен айналысатын көрді. Басқа оқуға түсе алмай қалатын болып жатса ғана, мұғалім болуға келіп жатты. Шүкір, қазір барлығы ақырын оңдалып жатыр. Ұстаздық етуге тек білімі жеткендер түсуде. Мемлекетіміздің, білімнің қандай мәртебелі орынға ие екендігіне анық көзі жетті. Қазір білім алып жатырған мұғалімдер, елімізге, балаларға үлкеен көмегін тигізетініне нақ сенемін!