Қазақтың айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Академик жазушы М.Әуезов айтқандай, «Айтыс сөз барымтасы»



Дата02.12.2023
өлшемі162,25 Kb.
#132336
Байланысты:
айтыс


Қазақтың айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Академик – жазушы М.Әуезов айтқандай, «Айтыс – сөз барымтасы» . Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы айтыс өлеңдері туды.


Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлемінде өсетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да – осы өлең түрінде айтылған айтыстар.
«Бір кезде көшпелі тұрмыс құрған елдердің,- дейді Сәбит Мұқанов айтыс туралы жазған еңбегінде, — сауаты аз болды, оқуы, мектебі жоқтың қасы еді; мектебі, оқуы жоқ елде ақынның күші аузына түсіп, басқа жанрлар сықылды, айтыс жанрын ауызша тудырды, ауызша айту жолымен өркендетті».
Қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты және жазу өнері болмаған кезінде туып қалыптасқан. Оны тудырғандар да, дамытқан да ақындар болған.
Бұл жағдай тек қазақта ғана емес, ол қазақ пен ағайындас және бір кезде тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз түрікпен, қарақалпақ тағы басқа халықтарда да айтыс болған. Тайлағандар кезінде сератриялардың өзара бәсекелесуі, ритуалды тартысуы, өзара келемеждесуі салты егіз аталардың өзара бәсекелесуін, өзара тартысуын иллюстрациялау қажеттілігінен туған болатын. Ал тайпалық одақтар пайда болған дәуірде жаңа құдандаласқан рулардың аталары бөлек болған. Тайпалар одағы көлемінде өтетін тайлағандар кезінде құдандалы рулардың ритуалдарын бұрынғы салт бойынша өткізетін мифологиялық ортақ негіз болған жоқ. Сол себептен экзогалдық ритуал өзара неке қатынастары бар рулар арасындағы өзара мін мінесу, сөзбен қақатығысумен шектелетін болды.
Демек, неолиттің аяқ кезінде және қола дәуірінде экзогамды рулар арасындағы ритуалды қақтығыстар бұрынғы мифологиялық ортақ негізден айырылып, айтыстың негізгі сапасын — өз руын мақтап, қарсы рудың кемшіліктерін айтуды қалыптастыра бастады.
Дәстүрлі айтыс өнері – халқымыздың ежелден келе жатқан ауыз әдебиеттік мол мұрасының бірі.
С.Мұқанов «Айтыс» жинағының бірінші томында жазған алғы сөзінде бұл атаудың кейде «талас» мағынасында ұғылатынын да айтқан еді. Алайда екі адам арасындағы талас, жанжал — әдеби жанр, көркем де көрікті ойға құрылған нағыз ақындар айтысы бола алмаса керек [2]..
XIX ғасырда айтыс поэзиясы өзінің кемеліне жетіп, жеке айтушылар туады.
Біздіңше, ақындардың «ақын» деп аталуының себебін олардың өзге фольклор өкілдеріне ұқсамайтын өзгешеліктерінен іздеу керек сияқты. Ол қандай өзгешелік? Ақындарды жыраудан да, жыршыдан да айыратын негізгі өзгешелік – айтысқа түсуі.
Қазақ тұрмысының жағдайында, жазба әдебиет тумаған кезде ақынға «ақын» деген атақ әперетін ең басты поэзия «айтыс» болған. Ақын болу үшін ақынға өзінің ақындық күшін көп алдында таныту керек: ақындығын таныту үшін ақын болғысы келген адам, бұрын ақын деп танылған біреумен ақындығын жарыстырып, көптің сынына түседі. Егер осы жарыста көптің сынына толса, оған көпшілік ақындық атақ тағады да, сынға толмаса ақын деп танымайды»,-деп жазады С. Мұқанов .
Кейбір жұмбақ айтыстардан бір нәрсені жұмбақтап айтушының да, оны шешушінің де өмір құбылыстарын өте көп білетіндігіне таң қаласың. Жұмбақ неғұрлым қиыннан қиысқан сайын, соғұрлым ол кейінірек шыққандығын дәлелдейді.
Сол тәрізді салт айтысының бір түрі саналатын ақындар айтысы айтыстардың басқа түріне қарағанда, анағұрлым кеш туған айтыс екені сөзсіз.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтсында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз.
Әсіресе бұл – XIX ғасырда етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Біржан, Сара т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған [4]..
Кеңестік заман тұсында молайып өскен айтыс әр облыстарда жалпы көпшілік қолданатын жанр еді. Сол дәстүр кеңейіп, енді қыз бен жігіт, кәрі мен жас кездескен жерде кеңестік ұлы мереке тойларда, жай сауық жиындарда көп айтыстар бола береді. Сондағы ірі мағыналы айтыстардың бәріндегі басым күй: жаңа өмір, жаңа дәуірдегі ел тұрмысының әр түрлі көрінісі туралы болады.
Арнаулы айтыстарда жарысқа түсетін атақты ақындар ғана емес, халық сауығында өз күштерін жаңа сарапқа салып жүрген жас талаптар да өз айтыстарының қызықты, қадірлі мазмұны етіп қоғам мүддесін, кеңес заманын жыр етеді. Бұрынғыдай кертартпа, рушылдықтың кеңестік айтыстарда ізі, елесі де жоқ.
Айтыс жанрының ең мол өріс алып дамыған кезеңі –Ұлы Отан соғысы кезеңі. Біраз жылдар бәсеңдей бастаған айтыс дәстүрін ең алдымен Қарағанды ақындары қайта жаңғыртты да, кейіннен бұл күллі Қазақстан жерінде қолға алынып, кең көлемде өрістеді. Айтыстың дәл осы сын-сағатта, халық басына қысылтаяң, қиын күн туып тұрған кезеңде жандана кетуі, ел ақындарының айтыс өнері арқылы жедел көмекке шығуы кездейсоқ елес еді..
С.Мұқанов айтыстың: жар-жар, қайымдасу, жұмбақ айтыс, дін айтысы (оның ішінде бәдік айтысы мен шариғат тақырыбындағы айтыс) сияқты түрлерін осы жанрдың ең көне түрлері деп таныған.
Бұл-нағыз ақындық айтыстың төменгі сатысы іспетті. Айтыстың ең жетілген, әрі күрделі түрі – «Сүре айтыс».
Айтыс қазақта ғана емес, сонымен қатар біршама өзге халықтардың рухани тіршілігінің тарихынан орын тауып отыр.
Алайда оның нағыз өнер биігіне көтере алған және қазіргі күнге шейін сақтап келе жатқан тек қазақ халқы мен қырғыз, таилер ғана.
Әр түрлі халықтарда айтыстың әр түрлі формалары кездеседі

Реклама

  1. Айтысқа бір ру, немесе бір ауылға жататын адамдар түспейді; айтыстың негізгі мазмұны сылас жақ руының, ауыл адамдарының кемшіліктерін айтып, әшкерелеу болып келеді.

  2. Әке жағынан туыстас қыз, келіншектермен айтысқа түспейді; айтысқа тек рулары бөлек жігіттер мен қыз-келіншектер және құдалар түседі.

Қазақтардың үйлену салты бойынша, қызды алып келуге келген жігіттің қасында арнайы айтысуға дайындалған ақындар келетін. Қыз жағының ақыны айтысқа түседі. Бірақ айтыс осыменен шектелмейді.
Танысу аймағында тұратын монғолдарда құдалардың сөз бәсекесі жігіт жағы адамдары қыз үйінің қақпасы алдына келгенде құдалардың бір-біріне жұмбақ айтысуынан басталады. Қыз жағының өлең түрінде айтқан жұмбақтарын жігіт жағы өлең түрінде шешіп бергеннен соң оларға үйге кіруге рұқсат етіледі. Айтыс жанрының шығу төркінін анықтауға мағлұматтардың мәні зор.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Ал ақындар айтысының қолда бар нұсқаларына қарағанда XVIII-XIX ғасырларда айтыс жанры кең өріс алып, ақындар әр рудың атынан айтысқа түсіп, әрқайсысы өз руының туын жоғары ұстауға тырысқан.
Әсіресе бұл – XIX ғасырда етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Табия, Мұрат, Біржан, Сара, тағы басқа түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған .
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақталып қалып отыр.
Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:

  1. Бәдік айтысы

  2. Жар-жар айтысы

  3. Жануарлар мен адамның айтысы

  4. өлі мен тірінің айтысы

  5. Ақындар айтысы.

6. Осы күні айтыстар.
Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні ба
Бүкіл цивилизациялық дамудың ошағы болған, күллі кереметтердің Отанына айналған – Шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы Әбуғали ибн Сина дәрігерлік пен ақындық жөнінде:
«Сұңқардың көзіндей, қыз саусағының жұмсақтығындай, жыланның сақтығындай, арыстанның жүрегіндей дәрігер денсаулық періштесі ғой, ал ақын болса – сөз тәңірісі, ең сұлу сөзімен емдейді. Дәрігер өзінің ынтасымен, ықыласымен, мейірімімен тәнді сауықтырады ғой» деген.
Біз былай дер едік: «Тәннің ақыны – дәрігер, жанның дәрігері — ақын».
«Дүниеге бір сызат түссе, ол алдымен ақын жүрегі арқылы өтеді. Күллі әлемдік қақтығыстар мен шарпылыстардан ақын жүрегіне күніне бір емес, мың сызат түседі. Дүниенің қуанышы мен қайғысын домбыраның шанағына сыйғызып, «егіз туған екі шекпен» жеткізу – ерлік қой. Ерлік болғанда да, арғысы Шыңғыс хан, бергісі – «тарихи тирандардан» ығыспаған ерлік».
Халқымыздың бүгінгі күні өзіндік эстетикалық – қоғамдық қуатқа ие болып, мазмұны өзгеріп, идеясы айқындалып отырған айтыс өнері жайында ғана.
«Қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық жанры – айтыс» туралы біраз мағлұматтар баршылық.
Кермет әрі сүйікті жанрымыздың теориялық жағы арнайы талдау күтеді. Бұл жанр – импровизациялық қасиеттерді ерекше орынға қоятын жанр.
Қазіргі айтыстың теориялық талдап таразылай, стильдік ерекшелігін анықтау – біздің міндетіміз. Міндеттің үлкен – кішісі жоқ. Тек үлкен – кішіміз жұмылып міндетті орындау керек.
Ақын ерікті – еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамаса, тілегін орындамасқа әдді жоқ. Ақын өзгелердің сезбегін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді.
Айтыс жақсылыққа сүйіндіріп, келеңсіз көріністерден жиіркендіретін насихатшылдық тәрбие құралы іспеттес. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, сол кезеңмен мәден жолы адамың рухани байлығын арттыру түсу болып табылатын белгілі жайт. Осы орайда оқушыларды ізгілкке, патриоттыққа және тағы басқа қасиеттреге баулитын айтыстың тәрбиеде маңызы ерекше зор.
Айтыс жас ұрпақтың бойында ұлттық мұраттарды дүниежүзілік рухани қазынамен ұштастыру арқылы қалыптастыратыны белгілі. Дегенмен жеткіншек ұрпақтың жалпы дамуына пәрменді ықпал оның жан дүниесін байытып, ой-өрісін өсіретін айтыс өнерін тәрбие жүйесінде қолдануда. Кемшіліктер кездесіп отыр. Айтыс тіптен болмаса, этнмкалық тамырлардан жас ұрпақтың мүлдем қол созып қалуына әкеліп соқтырады. Айтыс өнерінің дағдыларын оқушылар бойына жүйелі қалыптастыру жолдарына жол сілтейтін үлкен өнердегі асыл қазына.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет