Қазақтың киелі домбырасы бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты-жөні Сыныбы


Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз



бет6/7
Дата30.04.2022
өлшемі28,17 Kb.
#32949
1   2   3   4   5   6   7
Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.


Тағам түрлері

















[3]
2-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Төрт түліктің пайдасы
Көшпелі қазақ халқында төрт түліктің орны ерекше бағаланған.

Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген.Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған. Таныса да, танымаса да кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық- саулық сұрасқан.

Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.

Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды.

Қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, ботам, қошақаным» деп айналып-үйірілген.

Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған нәрестені ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды.

Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды.

Қазақтар малды пайдаланып қана қоймай, бағып-күтудің ерекшелігін жақсы білген. Қазақ халқының көшпелі өмірінде төрт түлік малдың орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет