Қазақтың ұлттық киімдері
бет 1/4 Дата 03.10.2023 өлшемі 237,76 Kb. #112798 түрі Диплом
Байланысты:
Презентация қоғамдық сана «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш , белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған. Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым. Тымақ – аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім. Бөрік – жиегіне аң терісін салған, төбесіне үкі қадалған , сырты әшекейленген, ерлер де, қыздар мен жас келіншектер де киетін бас киім. Бөкебай – түбіттен тоқылған әйелдердің бас киімі. Тақия – қыздардың үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар тағылған бас киімі. Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі. Қалпақ – ер адамдардың бас киімі. Төбетей – төбеге киетін жаздық шағын бас киім. Құлақшын (малақай ) – қыстық бас киім. Жалбағай – малшылардың жаздық бас киімі. Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі. Сәлде – молдалардың орап киетін бас киімі. Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата. Жыға – мойынға су кетпеу үшін дулығаның немесе бас киімнің желке тұсынан тағылған қалың мата. Күләпара – су немесе қар түспес үшін бас киімнің сыртынан қаптай киетін, брезеттен тігілген бас киім. Күндік – егде әйелдер басына орай тартатын жаулықтың бір түрі. Жаулық – тұрмыстағы әйелдердің тартатын бас киімі. Жаулық – тұрмыстағы әйелдердің тартатын бас киімі. Кимешек – әжелердің тек беті ашық , басын, иығын жауып тұратын бас киімі. Шалма – түбіттен тоқылған ерлердің мойынорағышы. Шәлі (салы ) – әйелдердің басқа тартатын шашақты, сәндік орамалы. Жейде – іштен киетін ерлер киімі. Көйлек – әйел киімі. Киіт (кәде ) – құдалыққа ұсынатын киім , бұйым. Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі. Кеудеше – жылылық үшін кеудеге киетін жеңсіз киім. Бешпент - ерлердің жазда киетін сырт киімі. Шапан – тізеден төмен түсетін қалың сырт киім. Түрлері: қаптал шапан, қималы шапан , сырмалы шапан. Қамзол – әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі. Шекпен – су өтпес үшін киетін сырт киім. Ең бағалысы түйе жүнінен тігіледі. Жақы (құлын жақы, тай жақы ) – жылқы терісін жүнін сыртына қаратып тігетін кәдлі киім. Жадағай – түйе жүнінен тоқылған астарсыз шапан. Тон – аң, мал, қой терілерінен тігілетін жылы киімдер. Түрлері: қырмызы тон , қамқа тон т.б. Достарыңызбен бөлісу: