Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы



жүктеу 190.73 Kb.

Дата30.12.2016
өлшемі190.73 Kb.

Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы  

Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы қарапайым, ұтымды, атқа мініп 

жүруге ыңғайлы, өйткені бұрынғы заманда атсыз жүру мүмкін емес еді, 

адамды суықтан, ыстықтан, аңызақ желден қорғауға бейімделген, терімен, 

кестемен, оюмен өңдеудің, әртүрлі әшекейлерді мол пайдаланудың 

арқасында ерекше сәнді көрінеді. Бұл жерде әшекейлер сұлулыққа 

құштарлықтан ғана пайда болмағанын айта кету керек, өйткені адамдар дала 

жағдайында малмен бірге, бүкіл отбасымен, үй мүліктерімен жайылым іздеп 

үнемі көшіп жүргендіктен, әшекеймен шұғылдануға уақыт аса көп болмаған. 

Киімді алтын зермен, жапсырмамен, кестемен байыту кейінірек пайда болған 

сияқты, соған қарап адамның қоғамдағы орнын, дала тұрғындарының 

арасындағы белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын анықтауға болады.Ол 

адамдардың сұлулық және үйлесім туралы түсініктеріне және эстетикалық 

идеалдарына сәйкес дамып, жетіліп, тамыр жайған дәстүрдің арқасында әрі 

қарай жалғаса берген. 

Қазақтың ұлттық костюмінің барлық элементтері дерлік республиканың 

барлық элементтері дерлік республиканың барлық өңірлерінде бірдей деуге 

болады, пішімінде, материалдар таңдауына, киімнің жеке бөліктерінің 

атқаратын қызметінде көп айырмашылық жоқ. Бас киімдердегі, 

белдіктердегі, әшекейлердегі, күнделікті және мерекелік киімнің жекелеген 

арнайы үлгіріндегі кейбір айырмашылықтар қазақ халқының жеке 

топтарының қалыптасуындағы жалпы тарихи үдеріске байланысты екені 

анық. Кейбір өңірлерде дәстүрлі киімнің көнелеу түрі ұзағырақ сақталса, өзге 

өңірлерде олардың орнына жаңасы пайда болуы себептен. 

 

Кимешек – күйеуі бар әйелдің бас киімі. 

А. Галимбаеваның иллюстрациясы. 


 

Қазақтың ұлттық киімі. 

А. Галимбаеваның иллюстрациясы. 

Сырт киімнің түймелігі болмауы, оны сол жағына қаусырыну, белді буыну, 

үкімен әшекейленген бас киімдер, әйелдің көйлегін бүрмелеп қою қазақтың 

ұлттық костюмін ерекшелендіре түседі.Одан қазақ халқын қалыптастырған 

ұлттық компоненттер, бұрынғы замандағы өндіргіш күштерінің деңгейі, дала 

халқының шаруашылық сипаты, Сарыарқаның қатал табиғаты, ең соңында, 

көршілерден қабылданған элементтер, тарихи дәстүрлер көзге ұрады. 

Мысалы, айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле сияқты бас киімдер, біздің ойымызша, 

қазақтардың ежелгі ата-бабалары – сақтардың шошақ төбелі бас киімдерін 

еске түсіреді.Төртбұрышты ақ мата немесе жібек матадан жасалатын 

әйелдердің бас киімі –жаулық көне түркілерден мұраға қалған сияқты, сол 

дәуірдегі тастағы таңбалар осыны аңғартады, ал белдемше – ғұндар 

заманынан сыр шертеді. Сол жаққа қаусырыну мәнері, кимешектің бетке 

арналған ойығының шеттеріндегі түрлі-түсті тегістер мен кестелердің 

орналасуы, шапанды люрекспен жапсырмалап көмкеру, қиял-ғажайып 

күштердің әсерінен «қорғау» үшін қамзолдардың етегін, жағасы мен жеңін 



оқалау, балалардың,  қыздардың бас киімін, екй жағдайда ел кезген 

әншілердің бас киімдерін көз тиюден, аурудан сақтаушы ретінде киелі құс 

саналатын үкінің қауырсындарымен әшекейлеу түркі-қыпшақ этникалық 

қабатынан бастау алады. 

Ал тон мен тұлыпты кию, табиғи түске боялған қой терісінен үшкіл ендірме 

салынған шалбар, киіз байпақпен биік өкшелі саптама кию қазақтардың 

бұрынғы замандағы шаруашылық жағдайына – көшпелі мал 

шаруашылығына, сондай-ақ ауа райы жағдайларына байланысты.Ерлердің 

белі буылатын бешпентінің, әйелдердің етегі кең пүліш көйлегінің, кең 

пішілген, ишіндегі бүрмелері қалың және қайырма жағалы жаз көйлегінің 

пішілуінен  орыс, татар, ортаазиялықтаркиімінің, яғни қазақтардың 

көршілерінің ықпалын байқау оңай. 

 

Ішік-тон, жігіттің шапаны. Қысқы костюмнің құрамы: бөрік –терімен 

сәнделеді. Белбеу –мата белбеу. Тері тон. Жарғақ шалбар. Саптама етік –

былғары етік, киіз байпақтың сыртынан киіледі. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 


 

Қазақтың ұлттық костюмінің дәстүрлі материалдарына үнемі тері, былғары, 

жұқа киіз, шекпен –түйенің, кейде қойдың жүнін қолданып тоқылған шұға 

жатады. Киім тігуге қойдың, ешкінің, құлынның, бөкеннің терілері көп 

қолданылған, әдетте олардан тұлып, жеңсіз көйлек, шалбар, тамбурлап 

тігілген сырт киім дайындалған.Сейфидің 1582 жылы жазылған 

шығармасында қазақтардың киімі туралы қызықты мағлұмат бр. Ол былай 

деп жазады: «...олардың шекпендері қойдың терісінен жасалған, әртүрлі 

түске боялады да, атласқа ұқсайды, оларды Бұхараға әкеліп, атлас шекпеннің 

құнымен бірдей бағаға сатады,олар өте төмен әрі тартымды». Тонға, бас 

киімдерге сонымен қатар қасқырдың, түлкінің, кәмшаттың, сусардың және 

кейбір терісі бағалы аңдардың терілері жұмсалады. Шекпендердің бауы, 

шалбардың белдігі бұрыштарында тесіктері бар төрт тақтайшаның үстінде 

дайындалған. 

 

Қыздың бешпенті. XX ғ. 20 жылдары.Батыс Қазақстан облысы. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 


Киім тігуге көпестердің Үндістаннан әкелген мақта-мата, Қытайдың, Орта 

Азияның жібегі, барқыты, паршасы, шұғасы да пайдаланылған. Қазақтар ата-

бабалары сияқты, бұл материалдармен ертеде Оңтүстік Қазақстан қалалары 

арқылы өткен «Ұлы Жібек жолы» керуен жолындағы айырбас сауда арқылы 

таныс. Ал XVII ғасырдан қазақ даласына орыс тауарлары келе бастады. 

Көптеген шеберлердің өнері мен таланты, еңбегі арқасында ғасырлар бойы 

жасалған қазақтың киіміне көрік берген тек қана қымбат терімен өңдеу, 

кестелеу мен өрнектеу, жапсырма салу ғана емес, алтынмен апталып, 

күміспен күптелген белдіктер, асыл тастардан құралған салпыншақ 

моншақтар, әйелдердің киіміне тағылатын маржандар, т.б.. 

Ерлердің киімдер кешені денеге киетін – жейде (көйлек-дамбал), иыққа 

ілетін сырт киім –бешпент, шекпен және етіктің қонышына салатын шалбар, 

сымнан тұрады. Ерлер киімінің бұл кешенінің негізгі элементтері ғасырлар 

бойы өзгеріссіз сақталып келеді. Бұл жерде әлеуметтік айырмашылықтар сол 

киім кешенін тігетін материалдардан, дайындалу сапасынан, безендірілуінен 

ғана байқалады. 

Тізеге дейін жететін, қайырма немесе тік жағалы, иығында тігісі бар, 

пішілген ойы бар, иығы сәл қиғыштау жейдені кеудесіне тілік салып, ақ 

кенептен тіккен. Жеңінің астына үшкіл қиынды салынған. Кең балақ 

шалбарлар тікбұрышты, төменгі жағы тарлау келген екі балағы бар, біріккен 

жеріне үшкіл салынған. 

Жейденің сыртынан қазақ әдетте жеңіл, өзіне шақ тігілген, төменгі жағы 

кеңдеу, түймесіз киім киген. Бұл киімнің ойыққа салынған жеңі болады, 

кейде жеңсіз болады.Осыған байланысты оны жеңі болса – бешпент, жеңі 

болмаса – қамзол деп атаған. 

Оны жұқа мәуіті шұғадан, барқыттан, жібектен, әсіресе көк, коңыр, қою 

жасыл түсті етіп тіккен. Бешпенттің тік жағасын да сол матадан тіккен, 

етегінің, жеңдерінің шетін тоқыма баумен көмкерген, мықынынан сәл 

төменіректе жапқышы жоқ ойық қалта орналасады. Шалбарды бешпенттің 

материаалынан  тігіп атқа мінгенде ыңғайлы болу үшін үшкіл ендірме салған, 

балағының жоғарғы шеттерін белбеудің орнына белдікше өткізуге 

болатындай етіп қайырып қойған. Оларда ешқандай ілгек пен түйме 

болмаған. 

Бешпентке, қамзолға және оның бір түрі – көкірекшеге жыл мезгіліне қарай 

жылы астар салынған. 


Бешпенттің сыртынан шекпен –тік пішілген кең халат киген, оның жеңдері 

ұзын әрі кең, түйенің жүнінен қолдан тоқылған шұғадан тігіледі. Сондай-ақ 

астар салынып, тығыз матадан пішілген шапан киген. 

Қыста ер адамдар қойдың немесе қасқырдың терісінен тұлып, то, түлкі 

тымақ, ауыр былғары етік –саптама киген.Қой терісінен жасалған тұлыптың 

орнына көбінесе күпі киген. Ол шұғыдан (әйелдер нұсқасында –барқыттан ) 

тігіліп, астар салынған. XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарында 

палеоэтнологиялық деректер негізінде Ойыл және Сағыз өзендерінің 

алабындағы қазақтардың киімін зерттеген С.И.Руденко күпіні қазақтардың 

және олардың ата-бабаларының кем дегенде екі мың жылдан бері келе 

жатқан игілігіне жатқызған. 

Феодал шонжарлары арасында бағалы аң терісінен тігілген ішіктер жоғары 

бағаланған. Ең сәнді тондардың жиектері кәмшат, сусар терілермен 

көмкерілген. Құлының, ақбөкенің терілерінен түстері бойынша таңдап 

алынған, негізі матадан жасалған ерлер киімі өте көп таралған. Олардың 

әртүрлі қамзол, шалбар тігіп, кестелген. Қазақтың ерлер киімінің ең 

көнелерінің бірі –киізден жасалған кебенек (Жетісуда – кебентай), оны 

көбінесе жұқа ақ киізден, түгін бетіне қаратып тіккен. Көлемі 60×60 болатын 

шағын шаршылар түрінде басқан. Түкті киізді алу үшін жүнді жартылай 

дайындалған негізге қосқан. Оны шиыршықтап орап, қайта-қайта ыстық су 

сеуіп, білектермен домалатқан. 

Бір өкініштісі, кебенектің үлгілері бізге дейін жетпеген. Оның қалай 

пішілгенін көргендердің әңгімесінен ғана аңғара аламыз. Ол кең әрі ұзын 

болған, артқы жағында тілігі бар, шалбары да сондай материалдан тігілген. 

Күләпараның орнына тік жаға салынған. Қысқы киімнің сыртынан киілген 

кебенек салт аттыны желден, қар мен жаңбырдан жақсы қорғаған. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі ерлер киімі біршама жеңіл болады, бұл ауа райы 

жағдайларына, халықтың отырықшы және жартылай отырықшы өмір 

салтына байланысты екені байқалады.Жігіттің киіміне қысқа, белі буылған 

бешпент жатады, жүн матадан, кейде қызылкүрең, қаракөк немесе қоңыр 

түсті (бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі ерлер киімінің негізгі түстері ) 

барқыттан тігіледі, ұзындығы жамбастан сәл төмен, астары бар, жеңдері тік. 

Оған арнаған жейдені жұқа мақта матадан тіккен, жағасы тік, ортасында 

қиғаш ілгегі бар, шалбарды –ақшыл немесе  сұр матадан тіккен, төменгі 

жағын тілмеген, себебі оларды биік өкшелі жеңіл етіктің қонышына салған. 

Белін белдікпен немесе мата белбеумен ораған. Бастарына барқытпен 

безендірілген кигіз қалпақ киген, оның астында дөңгелек тақия болған. 


Балағы тілінген кең шалбар ұлттық киімдер кешенінде негізінен денесі 

толық, егде адамдарға, үнемі ат үстінде жүретін қарт аңшыларға, бірнеше  

сағат бойы тапжылмай отырып, халық алдында өнер көрсететін суырыпсалма 

ақын-жыршыларға, қиссашыларға арналған. Оны етіктің қонышына салмай 

киген, ал тіліктері ыңғайлы болу үшін жасалған. 

Ерлер киімі көбінесе түймеленбеген, сондықтан белбеу оның міндетті 

элементіне жатады. Оның ең көнелерінің бірі кісе белбеу, өзге белбеу 

түрлерімен, мысалы белдікпен салыстырғанда, оның былғары оқшантайы, 

қыны, т.б. болған. Белбеулерді қаңылтыр, металл өрнектермен әшекейленген. 

Ересек қазақтар үнемі, тіпті дастархан басында да дөңгелек тақия киіп 

отырған, ал оның сыртынан киетін бас киімдердің бәрін далаға шыққанда 

киген. Тақияның ең қарапайым әшекейі оның құрсама жиегіндегі өрнекті 

тігіс, төбесіндегі жіптен салынған өрнектер болған. Жібекпен тігіліп, алтын 

немесе күміс зер салынған тақияны жас адамдар киген. Ерлердің бас 

киімдерінің түрі көп емес. Киіз қалпақ, бөрік, тымақ –негізінен осылар. 

Феодал шонжарларды биік, барқыттан тігілген, алтын зер салынған киіз 

астарлы қалпақ –мұрақ болған, оны аң терісінен жұрын салынған конус 

тәрізді бас киімнің сыртынан киген. 

Егде қазақтардың ерлер киіміне мәсі және үйден шыққанда оның сыртынан 

киетін былғары кебіс жатады. Ересек ер адамдардың бәрі былғары етік – 

көксауыр киген, оның сыртқы түрінің кәдімгі етіктерден көп айрмашылығы 

жоқ. Оларды әдетте жасыл түсті шегіреннен тіккен, шегірен алу үшін 

иленген теріге тарыны сеуіп, үстінен ауыр нәрсемен бастырған. Көне үлгідегі 

қазақ етіктерінің ұшы көбінесе жоғары қайқайып, сүйірленіп тұрған, оң жақ 

және сол жақ сыңары деп бөлінбеген, сондықтан оларды бір аяқтан екінші 

аяққа жиі-жиі ауыстырып, ұзақ уақыт бойы киюге мүмкіндік болған. Түрлі-

түсті былғарымен безендірелген биік өкше етіктер ғана ондай болмаған. 

Кедейлер киетін қарапайым аяқ киім –шоқай, яғни былғары сандал, оны 

иленбеген теріден белдік сияқты жасаған, сондай-ақ етіктің сыртынан киетін 

шарық, жүрген кезде қиыршық тастаған қорғайды. 

 


 

Шапан. Алматы облысы. Киім мыналардан құралған: қара барқытпен 

әдіптелген киіз қалпақ. Шапан қызыл матадан тамбурлап тігілген.Күміс 

пластиналармен безендірілген кемер белбеу. Етік. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 

 

Ш. Уәлихановтың жазуынша: «Кейбір қырғыздар (қазақтар) жаман болады 



деп қорқып, өзінің бас киімін ешкімге бермейді». Ер адам өлгеннен кейін бас 

киім отбасында қалады, бірақ марқұмның көптеген киімдері туыстарына 

тартылады. Бас киімнің тіршілік күшімен, жаратушы күшпен байланыстылық 

идеясы мынадан да көрінеді,  шала туған баланы атасының тымағына немесе 

киіз қалпағына салып, керегенің басына іліп қояды. Қырық күн бойы ол бас 

киім күн сайын керегенің келесі көзіне жылжытылып отырады. Бұл 

ғұрыптың орындалуы баланың толық жетілуіне көмектеседі деп есептеледі. 


Дамбал да тіршілік күшінің, өсіп-өнудің идеясына байланысты болуы 

ықтимал. Оларды да үйдің құты деп атаған, үй иесі өлген кезде таратылатын 

киімнің қатарына қоспай, өздеріне қалдырған. Жоғарыда айтылғандай, 

атасының шалбарын дүниеге келген баланы орап алуға пайдаланған. Егіз 

бала туған әйелдің киімін ырымдап, мұрнынан қан аққан кезде басына 

ораған, кеудесі ауырғанда кеудеге басқан, т.с.с. үшем тапқан әйелдің 

костюмінің бұл бөлшегі ерекше қасиетке ие болған. 

Керісінше, аяқ киім анатомиялық төменгі жаққа, жерге байланысты деп 

қаралған. Аяқ киімді жоғары қоюға болмайды, бас киімнен жоғары 

қойылмайды, далаға киген аяқ киіммен төрге шығуға болмайды. Бұл 

тыйымдар аяқты жоғарыға көтеруге болмайды деген тыйыммен байланысты 

болуы мүмкін. 

Сонымен қатар, аяқ киімнің ұлтарағын халық медицинасында пайдаланғаны 

туралы дерек бар: егер баланы нағашы ағасының ұлтарағымен немесе көзі 

тиген адамнан ұрлап алынған затпен үш рет ұрса, көз тиюден жазылады деп 

есептелген. Осылайша, қазақтың киімі рулық ерекшелігіне қарай өзгеше 

болғанымен, жалпы алғанда ортақ ұлттық сипатқа ие. Оның түр-түсі, бояуы 

ерекше, әсіресе әйелдер киімінің пішімі әдемі. Әшекейлерінен жалпы халық 

өнеріне тән шығармашылық даналық көріністеріне куә боламыз. Киімнің 

әдемілігіне зор мән беріліп, оны әшекейлеуге көп уақыт бөлінген. Тұрмысқа 

шығатын қыз өзінің жасауын дайындағанда той киімін тігу мен әшекейлеуге 

кейде бірнеше жыл жұмсаған, ол киімге түрлі-түсті маталардың әдемі 

кестенелуі, терімен сәнделуі, шебер жасалған, әсем де салмақты күміс 

әшекейлер қайталанбас сән-салтанат, сұлулық дарытады. 

«Қазақтың халықтық костюмі» альбомының материалы – шын мәнінде қазақ 

киімі туралы алғашқы еңбек, алғашқы талпыныс деуге болады, онда авторлар 

хронологиялық және аймақтық сипат бойынша қысқаша баяндап беруге 

тырысқан. Альбом Қазақстан Орталық мұражайының қорларында сақталған 

жиынтықтар негізінде құрастырылған. 

Қазақстан Орталық мұражайының жинаған мұралары негізінен XIX 

ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басын қамтиды. Олардың ең көне бөлігі 

мұражайға бұрынғы Неплюевтің кадет корпусының жинағынан келіп түскен 

және Кіші жүз бен Орта жүз аймақтарына қатысты. Мұнда әйелдер бас 

киімінің барынша көне түрі, қазір қолданыстан мүлде шығып қалған «тақия 

бөрік» бар, ол биік, сүйір ұшты, қалпақ тәрізді бас киім, төбесі күрең 

барқыттан жасалып, кәмшат терісімен жұрындалған. Бас киімнің төбесі оқа – 

зермен, күміс  жалатылған қаңылтырмен,  моншақпен, үкінің қауырсынымен 


молынан әшекейленген, ең төбесінде алтын жіппен шашық жасалған. Желке 

тұсына және самай тұсына қара жібектен және моншақтан, моншақпен 

(әдетте маржаннан ) тігілген мата таспасынан шашақ қадалған, өрнекті 

металлардан және тастан ендірме салынған. Мұндай бас киімді шамамен XIX 

ғасырдың ортасына дейін Бөкей ордасының, Ақтөбе және Орал 

губерниясының жас бай қыздары мен әйелдері киіп жүрген. 

 

Әйелдің киімі. Оңтүстік Қазақстан облысы. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 

 


Осы жиынтыққа екі сәукеле де кіреді, бірі үлкен, бірі кішкентай. 

Мұражайдағы киімдердің ішіндегі ең көнесі ерлердің жылы бас киімі – 

тымақ. Оның төбесі биік әрі сүйір ұшты болып келеді. Киізден тігілген, 

жасыл барқытпен қапталып, алтын зермен сәнделген. Көлемі бірдей үш 

құлағы (екеуі жанында, береуі артында) салыстырмалы түрде шағын, түлкі 

терісімен астарланған. 

Мұражай жиынтығындағы өзге тымақтардың бәрі кейініректе жасалғандар, 

олардың төбесі аласа, кейде мақтамен астарланған, пішіні жағынан кәдімгі 

құлақшынға ұқсайды. Мұндай бас киім бүкіл Қазақстанға қазіргі уақытта да 

кең таралған. 

Мұражайдағы этнографиялық жиынтықтың негізгі өзегі 1892-1926 жылдары 

Орынбор мұражайының (Орынбор 1925 жылға дейін Қазақ Республикасының 

астанасы болған) қызметкерлері, оның ішінде сол мұражайдың тарихи-

этнография бөлімінің меңгерушісі А. Четыркина және Қазақстанды зерттеу 

қоғамының қызметкері А.Л. Мелков жинаған дүниелерден құраған. 

Четыркинаның жинағандары Ақтөбе облысының аймағын, әсіресе Ақтөбе, 

Торғай және Амангелді ауданын (қазіргі бөлініс бойынша) – толық, 

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау және ішінара Семей облысын жартылай 

қамтиды. Оның киім жөнінде жинаған материалдарынан 1925 жылы Ақтөбе 

губерниясының Тұзтөбе болысындағы № 7 ауылдан алған ерлер мен әйелдер 

костюмінің кешені ерекше қызығу тудырады. Әрбір костюм жеті нәрседен 

құралған әрі типтік сипатта сол аудандағы орта дәулетті қазақтардың киімін 

білдіреді. 

Ерлер костюміне кәдімгі, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын киім 

түрлерінен бөлек, бүгінде сирек кездесетін «жалғабай» –  шытпен 

астарланған, қара шұғадан тігілген күләпара да кіреді. «Жалбағайды» қатты 

боранда қар мен дауылдан сақтану үшін тымақтың сыртынан киген, ол 

негізінен Торғай және Орталық Қазақстан аймағында көп пайдаланылған. 

Осыған ұқсас, бірақ көлемі кіші бас киім «далбай» деп аталады, ол 

Қазақстанның оңтүстігінде таралған, ерлердің жаздық бас киіміне жатады.  

Александр Лаврентиевич Мелков мұражайға керемет көркем бұйымдарды 

тапсырған: 1925 жылы Орынбор губерниясының Бөрте болысының жерінде 

және Атырау облысындағы адайлардан алған «өңіржиек» немесе «алқа» –  

әйелдердің кеудесіне тағатын күміс әшекейлері. 

Өңіржиек асыл тас түйірінен жасалып, ақықтан ендірме салынған күрделі 

өрнекпен әшекейленген, ол Батыс Қазақстандағы, оның ішінде адайлардағы 



қыздың немесе жас әйелдің мерекелік костюмінің міндетті бөлігі саналған. 

Дәл осындай әдіспен жасалған ірі мәнері жағынан да өте ұқсас, салмақты 

күміс білезік, оған шынжырмен бекітілген жүзік, салпыншағы бар ұзын 

сырға – «сабақ» және бұрымға сән беретін «шашбау» осы киімді толықтырып 

тұрады. 

Жоғарыда айтылған конус тәрізді әйелдердің бас киімі тақия бөрікті және 

біраз заттарды да мұражайға тапсырған осы кісі. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу киімі 1930 жылы Алматы облысы 

Еңбекші қазақ ауданындағы Асы өзенінің аңғарында профессор В.В. Кун 

және Орталық мұражайдың ғылыми қызметкері Әшім Омаров жинаған 

жиынтықта барынша тұтас көрініс тапқан. Олар әртүрлі этнографиялық 

категориялар – баспана, көлік, үй мүліктері, т.с.с. бойынша жүзден астам 

заттан тұратын жиынтық жинай білді. 

Киім категориясы бойына қазақ руларының бірі қызылбөріктерге қатысты 29 

зат алынған, олардың уақыты мен орны көрсетілген. 

Жиынтықта барлық жасқа тән әйелдердің бас киімі кимешек және көйлек, 

шапан барынша толық ұсынылған. 

Қазақ кимешегі басты, кеудені, иықты және арқаны жабатын күләпара, бетке 

арналған ойығы бар, әдетте кестемен: алтын жіппен («оқа жақ»), «баспамен» 

әшекейленеді, ал кейде ерекше сәнді кимешектер маржан моншақтармен 

және күміс теңгелермен, зермен безендіріледі. Кимешектің пішіні, үлгісі мен 

әшекейі оны киетін адамның жасына және шыққан руына байланысты 

болады. В.В. Кунт жинаған кимешектер бұл бас киімнің жас келіннен бастап, 

60 жастағы әжеге дейінгі барлық жас типтерін қамтиды. 

Жиналған киімдердің ішінде 82 жастағы шалдың баяғыда ұмыт болған 

үлгідегі, қысқартылған шапанның пішінін дәлме-дәл қайталайтын жейдесі 

назар аударарлық. Сонымен қатар, В.В. Кун қазақ «салтының», яғни ел 

кезген әншінің, өткір тілді әрі қай жағынан да ерекше, оның ішінде киімі де 

бөлек жас жігіттің шапанын қолға түсірген. Сал көптеген оқиғалардың 

қаһарманы, соңынан  көп аңыз әңгіме ерген адам әрі киген киімі де сәнді, 

мінген аты мен ат-әбзелдері де өзгеге ұқсамайды. XX ғасырдың басына қарай 

салдар сирек кездесіп, олардың ең атақтылары туралы әңгімелер ғана 

сақталып қалды. 


Кәдімгі үлгідегі сал шапанының қолда бар данасы аса сәнді емес, қызыл түсті 

фланельден тігілген, түрлі-түсті жібек жіптермен көктелген, шамамен 1870 

жылы жасалған. 

 

Ішік-тон, жігіттің шапаны (артқы көрінісі). 



А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 

 

Одан кейінгі жылдары, мұражайға жәдігер әкелу тыйылған Ұлы Отан соғысы 



кезеңін айтпағанда, мұражайдың этнографиялық жиынтығы, оның ішінде 

киімдер Қазақстанның әртүрлі аудандарына материал жинайтын экспедиция 

ұйымдастыру арқылы кейбір заттарды жеке адамдардан алу жолымен 

толықтырылды. Сөйтіп, 1947 жылы мұражай экспедициясы Семей 



облысындағы Абай ауданында тұратын арғын руы қазақтарының кейбір 

киімдерін және қолданбалы өнер материалдарын жинақтады. 

Мұражайдың жинақтау жұмысының кейінгі уақытта – 1957-1958 жылдары 

қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тұрмысына, оның қайталанбас әрі 

көркем өнеріне қызығу артқан кезінде жандана түскенін айта кеткен жөн. 

Халықтық дәстүрлерді бойына сіңірген социалистік  Қазақстанның ұлттық 

мәдениетінің гүлденуінің бір көрінісі 1958 жылдың аяғында Мәскеуде 

ұйымдастырылған Қазақстан қолданбалы өнерінің көрмесі болды. 

Мұражай экспонат жинау үшін 1957 жылы алты экспедиция ұйымдастырды, 

олар Қазақстанның негізгі аудандарының барлығын – оңтүстік, солтүстік, 

орталық және батыс облыстарды қамтып, нәтижесінде мұражай қоры 

қазақтардың XX ғасырдың басындағы қолданбалы өнерін, киімі мен 

тұрмысын бейнелейтін 600-ден астам бұйымдармен толықтырылды. Әсіресе, 

социалистік Қазақстанның сол замандағы мәдениетінен өте бай материал 

жинақталды. 

Батыс Қазақстанның, оның ішінде бұрынғы Бөкей ордасының, Ақтөбе, 

Қостанай және Семей облыстарының  костюмдері барынша толық 

ұсынылды. 

Батыс Қазақстаннан және бұрынғы Ақтөбе губерниясынан алынған 

жиынтықта барқыттың, жібектің қымбат түрлерінен тігілген, алтын жіппен 

молынан әшекейленген әйелдердің, ішінара ерлердің салтанат киімдері, күміс 

өрнекті, асыл тастармен, үкінің қауырсынымен және маржан моншақтармен 

әсемделген бас киімдер мол болды. 

Бұл қазақтың рулық-феодалдық шонжарларының – хандардың, 

сұлтандардың, билер мен байлардың киімдері. Қарапайым халық, көптеген 

кедейлер негізінен үйде тоқылған жүн матадан  шекпеннен, кенептен, 

аңдардың терісінен тігілген киімдерді қанағат тұтты. Фабрикалық маталар 

Қазақстанда шамамен XIX ғасырдың ортасында ғана кеңінен таралды. 

Мұражайда сақталған Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгірдің әйелі Фатима 

ханшаның түпнұсқа косюмі қазақ киімінің даму тарихы тұрғысынан зор 

тарихи мәнге ие. Костюм күміс қамқадан тігілген кең әрі ұзын көйлектен 

туника тәрізді пішілген әрі барқыт, күрең түсті, қысқа жеңді, белі қыналған, 

алтын жіппен әшекейленген бешпенттен құралған. XIX ғасырдың қырқыншы 

жылдарында жасалған. Бұрынғы Ақтөбе уезінің билеуші сұлтандары – 

Нұрмағамбет Төбетовтің және Мұхаммед Тәукиннің мұражай қорында 


сақталған екі бас киімі де шамамен осы кезеңге, XIX ғасырдың ортасына 

жатады. 


Олар төбесі конус тәрізді биік, тіленген жиектері кеңінен қайырылған киіз 

қалпақтар. Төбетовтың бас киімдерінің бірі ақшыл көк барқытпен тысталған, 

қайырылған жері жасыл, алтынмен әдіптелген; екіншісі –Тәукиндікі күміс 

қамқамен тысталған, мұндай бас киімдер тақияның сыртынан киіліп, иесінің 

сұлтандық дәрежесін аңғартатын болған. 

Киімнің жоғарыда айтылған түрлерінің бәрін қарапайым халықтан шыққан 

шебер әйелдер тіккен. 

Ақтөбе облысындағы (Дамбар шатқалы) қалыңдық костюмі ерекше әдемі әрі 

ою-өрнекке бай. Оны жасаған шебер әйелдің есімі де белгілі – Көнеманова 

Гүлзира. 

Костюм XX ғасырдың бас кезіне жатады. Ол еркін пішілген, етегіне қызыл 

күрең барқыттан кең жолақ жүргізілген, алтын зермен және жылтырақтармен 

тігілген, шашақталған көйлектен тұрады. Алдыңғы жағынан, жағасынан 

етегіне дейін жолақ түрінде кестеленген. 

Бешпент көйлектегі сияқты барқыттан қынама бел етіп тігілген. Етегі және 

жеңінің ұштары алтынмен және жылтырақтармен көмкерілген. 

Келіннің басына – конус тәрізді, қызыл күрең барқыттан (негізі киізден) 

тігілген, күміс жалатылған қаңылтырлармен, асыл тастармен (көбінесе 

ақықпен), маржан моншақтармен, кәмшат терісімен әдіптелген оқалы 

таспамен әшекейленген сәукеле кигізілген. 

 

Сәукеле –келіннің үйлену тойында киетін бас киімі. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 


 

Келін сәкелені үйлену тойы кезінде және бір жыл бойы мерекелер мен қонақ 

күту кезінде киіп жүрген. 

XX ғасырдың басынан бастап ол бірте-бірте тұрмыста қолданылудан қалды. 

Қостанай облысынан алынған жас қыз костюмі одан беріректегі уақытқа 

(1920 ж.) жатады. Ол жоғарыда сипатталғандардан гөрі біршама қарапайым, 

цилиндр пішіндес кішкентай жұмсақ барқыт бас киімі бар, оқамен 

безендірілген және зерлі жіппен шашақталған. 

Бешпенттің пішілуінен қала костюмінің әсері байқалады: ол белі қыналып 

тігілген, ілгекпен түймеленеді әрі алқымнан белге дейін батырма түймелері 

бар, жағасы тік, иық тұсынан сәл жиырылған жеңдері төмен қарай тарыла 

түседі. Оқамен безендірілген. 

Қазақтың ерлері де, әйелдері де қыс мезгілінде түйе жүнінен тігілген немесе  

бастырылған тон – күпі немесе қой терісінен тігіліп, матамен қапталған – 

ішік, сондай-ақ иленген теріден тон киген. 

Тонның тігілетін матасы және жүні иесінің шама-шарқына қарай таңдап 

алынған. Кестеде ұсынылған әйелдің қысқы тоны – күпі 1890 -1990 жылдарға 

жатады, ол Торғай уезі халық училищелері инспекторының әйелі 

Балғымбаеванікі. Тон жасыл конуспен қапталған, кәмшат терісімен 

әдіптелген, қызыл барқытпен және оқамен безендірілген. 

Мұражай қорында осыған ұқсас тағы бір күпі бар, ол 1972 жылы  тігілген, 

Қарағанды облысы аймағынан сатып алынған.  Бүкіл Қазақстанға барынша 

кең таралған қысқы сырт киім түрі – қой терісінен иленген тон. Мұндай 

тондарды төңкеріске дейін орта дәулетті адамдар көп киген. Кедейлер 

көбінесе арнайы қысқы киімге жарымай, ескі шапандарды бірінің сыртынан 

бірін кие берген. 

Қазақ әйелдері мен ерлерінің негізгі аяқ киімдері былғары кебістің сыртынан 

киілетін былғары етік болған. Ерлердің қыста киетін саптама етігінің 

қонышы өте кең болғандықтан, оның ішінен киіз байпақ киюге мүмкіндік 

бар. Байлардың киімдері былғарының қымбат түрлерінен жасалып, түрлі-

түсті сақтиянмен, барқытпен және алуан түрлі кестемен өрнектелген. 

Әйелдердің кебісі бар етіктері барқытпен және алтын зермен безендірілген, 

олар XIX ғасырдың аяғында жасалған, Кіші жүз жерінен – Ақтөбе уезінен 

алынған. 



Егде адамдардың аяқ киімі негізінен жұмсақ былғары етіктен және жоғарыда 

сипатталғанға ұқсас кебістен құралған, олардың орнына XX ғасырда 

«азиялық» үлгідегі кең резина галоштар пайда болған. 

Қазақтарда арнайы жұмыс киімі болмаған. Олар күнделікті және салтанат 

костюмінің пішіміне қатаң талап қоймаған. Салтанат костюмі еркін пішіліп, 

бас киімі мен әшекейлерінің көлемі көптеу болған. Оны тігуге барқыт, жібек, 

қамқа, қымбат терілер жұмсалғаны өз-өзінен түсінікті, ал күнделікті киім 

қарапайым маталардан жасалған. 

Қазақ әйелінің қайғы үстіндегі киім, бірақ барлық әшекейлері алынып 

тасталады. Сонымен қатар, марқұмның қайғыға батқан әйелі шашын жайып 

жіберуі тиіс, ал қыздары мен қарындастары бас киімдерін шешіп алып, 

иықтарына қара шәлі жамылады. Ер адамдар үш-төрт метрлік қара шыт 

матадан белбеу буынады. 

Қазақтардың ұлттық костюмі жалпы алғанда біздің заманымызға дейін 

сақталған, әсіресе ауылды жерлердегі тұрғындардың егде жастағылары көп 

киеді. Кей жерлерде қазіргі костюмге қоса шапан, жиегі барқытпен 

безендірілген қалпақ, қымбат терімен әдіптелген бөрік, тымақ, саптамаларды 

әлі де киіп жүреді. Қазіргі киімде де ұлттық костюмнің біртұтас 

үйлесімділігін, пішіні мен әшекейінің тұтастығын, ұтымдылығын дамыта 

отырып, ұлттық дәстүрлер сақталуда. 

Бұл жерде қазақтардың қазіргі заманғы киім кешені дәстүрлі костюм 

элементтерін еуропалық үлгімен ұштастырып жасалатынын, әртүрлі 

жастағылардың ерекшеліктері ескерілетінін айта кету керек. Бірақ қажетті 

нәрсенің бәрі, іш киімнен бастап пальто мен аяқ киімге дейін бүгінде дайын 

күйінде сатып алынатындықтан, ұлттық костюмді тым құрыса үй 

жағдайында тігіп киюдің өзі қажет болмай қалды. Сондықтан да қазір қолдан 

тоқылған шұғадан қаусырмалы сырт киімді – шекпенді тікпейді, қой мен аң 

терісінен тон жасамайды. Зерлі жіппен тігушілердің, кестешілердің, тері 

илеушілердің, зергерлердің өнері тарих еншісінде қалды, себебі, халық 

тұтынатын тауарларды өнеркәсіптік негізінде өндіру ұлайғаннан  кейін, 

қымбатқа түсетін қолөнер бұйымдарына сұраныс азайып кетті. Үкінің 

қауырсыны да мұражайдан кездесетін сирек дүниеге айналды. Театр-

концерттік және клуб мекемелерінің гардеробында қыздардың бас киімін 

әшекейлеу үшін олардың орнына енді ақ капронды пайдаланады. Бірақ осы 

бір күй талғамайтын құстарды арнайы өсіруді ұйымдастыруға қарсы 

болатындар аз шығар, өйткені әйелдер костюмін олардың қауырсынынсыз 

толық сипатымен елестету қиын. 


Соңғы жылдарда жүргізілген далалық зерттеулер көрсеткендей, ғылыми-

техникалық прогрестің, қазіргі заманғы моданың,  материалдар мен 

әшекейлер ауысуының ықпалымен ұлттық киімдерге де өзгеріс енуде. 

Ғылыми мақсатпен, мемлекеттік мұражайлар қорын толықтыру үшін 

халықтан жиналған дәстүрлі түрлерінің өзінде кей кезде әрең байқалатын 

белгілі бір эволюция, пішін өзгерісі байқалып жатады. 

Орталық Азияның барлық  халықтарының зергерлік өнері ең алдымен 

олардың тұрмыс, мәдениет және көркем талғам ерекшеліктерін байқататын 

әйелдер костюмінің керек-жарақтарына байланысты. И.Н. Тасмағамбетовтың 

«Изделия мастеров-зергеров Центральной Азии» атты еңбегінде осы мәселе 

неғұрлым толық әрі қызықты көрініс тапқан. Қазақ костюмін зерттеушілер 

барынша сенімді түрде атап көрсеткен кешендер бар, соларға сәйкес қазақ 

әйелдерінің дәстүрлі әшекейлер жиынтығының үш түрін көруге болады: 

Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс және Батыс Қазақстанға тән. Әйелдердің 

әшекейлер кешені әртүрлі бұйымдардан құралады: басқа, мойынға, кеудеге, 

қолға тағылады. Оларды әсіресе үйлену тойына арналған киіммен толығырақ 

көруге болады. Әрі қарай кейбір әшекейлер бірте-бірте пайдаланудан қалып, 

кейбіреулерін ғана өмір бойы тастамай тағып жүреді. 

Қазақ әйелдерінің көптеген әшекейлері әртүрлі бас киімдермен тығыз 

байланысты. Келіннің конус тәрізді биік бас киімі – сәукеле бәрінен де 

ерекше әрі күрделі символикаға толы.  Ол жапсырма пластиналармен және 

қаңылтырлармен әшекейленіп, түрлі-түсті тастармен және терімен 

безендірілген, селдір металл салпыншақтары болған. Бас киімнің екі жаны 

мен артынан ұсақ қаңылтырлармен және кестемен әшекейленген жалпақ мата 

жолақтары төгіліп тұрған. Кейде олардың орнына көлденең күміс 

пластиналарға ілінген інжу немесе маржан тізбектер бекітілген. Сәукелеге 

көбінесе самай тұсынан көп қабатты металл салпыншақтар қосылған, олар 

кейде иектің астынан біріктірілген. Қыздар мен жас әйелдердің 

бұрымдарының ұшы дөңгелек күміс теңгелерден жасалған салпыншақтармен 

– шолпымен әшекейленген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-

шығысындағы әйелдер бала туған соң күләпара тәрізді бас киім – кимешек 

кие бастаған, төбесіне сәлде ораған. Кимешектің жиектері кестеленіп 

шашақталған, иектің астына ұсақ қаңылтырлар, сондай-ақ теңгелер мен 

моншақтар тігілген. Кейде бұл әшекей беттің айналасындағы күміс 

шытырлармен толықтырылған. Батыс Қазақстандағы күйеуі бар әйелдердің 

бас киімі иықты, мойынды және кеудені жауып тұрған үлкен ақ орамалдан 

тұрады,  оның сыртынан немесе астынан конус тәрізді қаңқа киіліп, ақ 


матамен оралған және көлденең таспалармен немесе салпыншақтармен 

безендірілген. 

Халық өнерінің бұйымдарында түстердің үйлесіміне көп мән берілген. Бұл 

жөнінде орыс ғалымы Г.Н.Потанин өзінің «Қырғыздың соңғы ханзадасының 

киіз үйінде» деген мақаласында: «Қырғыздар – еті тірі, дені сау, өмірге 

құштар халық. Олар көңілділікті ұнатады, киімдеріне ашық түстер, 

өмірлерінде мереке көп. Өмірді сүйеді және оны өнермен өрнектей біледі» 

деп жазады. 

Түстердің әдемі үйлесуі бояуды шебер таңдауға, оның өзге түстермен жақсы 

араласуына байланысты болған. Халық өнерінде негізінен классикалық 

түстер: қызыл, ақ, сары, қара басым болған. Ақ – ақкөңіл, көңілің ағарсын. 

Өзге жағдайларда қазақтар ақ түсті қасиеттіліктің символы ретінде 

пайдаланған, мысалы, «ақ отау». «Қазақтарда игілік пен молшылықтың 

символы саналатын «ақ үй» ежелден қадірлі болған». 

Қазақ халқының зергерлік бұйымдарының белгілі бір тәрбиелік 

мүмкіндіктері бар. Мысалы, қазақтың «сыңар білезігі» - әйелдердің қымбат 

әшекейі. Ерте заманда жігіт өзіне ұнаған қызына сыңар білезік сыйлаған. 

Егер бұл жігіт қызға ұнаса, ол білезікті қабыл алып, сол қолына тағып 

жүреді. Бұл білезікті қыз мерекеде, тойда, жастар жиналған жерде тағып 

жүруі тиіс, бұл оның көңіл қосқан адамы бар екенін білдірген және басқа 

жігіттер онымен танысуға бел байламаған. Бұл білезіктің бір жағында күн 

бейнеленген – «оған үнемі күннің сәулесі түсіп, өзі де күндей жайнап 

жүрсін», екінші жағында – құс бейнеленген, өйткені қазақта құс «бақыт пен 

бостандықтың символы». 

Қазақтың ұлттық әшекейі – алқаның да қазақ қыздарының өмірінде тәрбиелік 

рөлі бар. Отбасында қыз 13 жасқа толғанда оның мойнына алқа таққан, яғни 

анасы алқаны тағып жатып, оның енді есейгенін, сөйлеген сөзіне, жүріс-

тұрысына, сымбатына мән беріп, биязы болу керектігін ескерткен. Қазақтың 

ересек қызына жүгіріп жүру жараспайды деп есептеген. Алқада кішкентай 

қоңырау немесе қоңырау тәрізді бірдеңе ілініп тұрған, бірақ ол 

шылдырламаса да, қыз бала қисалаңдап, дұрыс жүрмегенде дыбыс 

шығаратын болған. Барлық қыздар бұдан сақтанып, тіпті әпкішпен су 

тасығанда да аяғын сәнмен басып, алқасын сылдырлатпауға тырысқан. Осы 

алқа туралы «Қос алқа» деген күй де бар, онда қазақтың белгілі композиторы 

Дәулеткерей мойнына алқа таққан қыздың иінағашпен су тасығандағы сәнді 

жүрісін бейнелейді. 



 

 

Өңіржиек немесе алқа –қыздардың кеудеге тағатын күміс әшекейі. Шебер –



зергер Құймағамбет Айтбаев. Атырау облысы. 

А.Галимбаеваның иллюстрациясы. 

Қазақ халқының өмірінде сақина маңызды рөл атқарған. Қазақ зергерлері 

білезіктегі сияқты сақинаға да күн мен құстың бейнесін салған. Әйелдер 

арасында жүзіктің екі түрі кең таралған: мөр жүзік және қос дөңгелекті 

құдағи жүзік. Біреуі мейірімділікті, екіншісі әділеттілікті білдірген. Оларды 

негізінен егде адамдар тағып жүрген. Әдетте оны қалыңдықтың шешесі 

құдағиына өз қызына жақсы қарағаны үшін алғыс ретінде сыйлаған. Мұндай 

жүзік тағып жүрген әйелді барлық жерде қадір тұтып, құрметтеген, оны өте 

ақылды әрі дана  деп есептеген, ақыл-кеңес сұраған. 

Қазақ әйелдерінің кеудеге тағатын әшекейлері де алуан түрлі. Батыс 

Қазақстанның үйлену тойына арналған қайталанбас зергерлік бұйымдар 

жиынтығы ерекше салтанатты болып келеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің 

басты бөлшегі – өңіржиек, ол бір-біріне жалғанған ірі пластиналардан қатар-

қатар етіп жасалған ұзын бұйым,  кейде алуан түрлі көптеген 

салпыншақтармен күрделене түседі. Күміс пластиналар дән түйірлері мен зер 

салу техникасымен орындалған әртүрлі өрнектермен әшекейленіп, ақық 



немесе соған ұқсас тас орнатылған. Дән түйірлері және зер салу күрделі әрі 

қиын болғандықтан, көбінесе оның орнына XIX ғасырдың соңында кең 

таралған қалыптау техникасы қолданылды. Өзге кеуде әшекейлері – алқа, 

тана моншақ, салпыншақ, тұмарлар – батысқазақстандық әшекейлер 

кешенінің басқа да барлық бұйымдары тәрізді дәл сондай техникамен 

жасалады әрі сирек кездесетін стиль тұтастығына ие. 

Басқаларынан гөрі, қазақ әйелінің костюмінде көптеген мәдениеттерге тән 

көне дәстүр сақталып қалған, ол киімді әр алуан жапсырма қаңылтырлармен 

сәндеуден көрінеді. Шытыралармен қамзолды,  бешпент пен шапанды 

әшекелейді, ал киімнің жиектерінде жұп ілгектер – қапсырмалар бар. Ерекше 

салтанатты жағдайда тағылатын әйелдер белбеуі ерлердікіндей аса ірі 

болмаған. Көбінесе олар жапсырма шытырман әшекейленіп, ұштарына 

түймелік тағылған мата жолақтары болып келеді. 

Киім білезіктермен, сақиналармен, сырғалармен толықтырылады. Бұл 

бұйымдар да Қазақстан жерінде біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан бері 

белгілі полихромдық стиль дәстүрін жалғастыратын біртұтас стильмен 

жасалған. Алайда, XVII ғасырдағы шеберлердің негізгі материалы күміс 

болған. 


Қазақтар күмістің күңгірт жалтылын алтынның жалтылынан артық көрген. 

Көптеген әшекейлердің ақшыл сұр түсі қазақтың ұлттық костюмінің 

салыстырмалы түрдегі байыпты колоритіне сәйкес келген. Қазақтар ақ түсті 

тазалық, ізгілік және денсаулық  ұғымдарымен байланыстырған. Іс жүзінде 

барлық әшекейлер күмістен жасалған. Кез келген қазақ әйелі неліктен күміс 

сақина мен білезік тағуы тиіс болғаны мына жайттан да түсінікті: күміс қай 

нәрсеге жанасса да, әсіресе тағам, осы асыл металдың әсерімен тазарғандай 

болады. 


Батыс қазақстандық шеберлер ірі әрі көлемді бұйымдарды құймаған, 

қақталған күмістің жұқа табақшасынан дайындаған. Оның бетіне қалыптағы 

әшекей, оңтүстік түйірі оңай салынады, әшекейдің неғұрлым жалпақ 

бөліктері нақышталған, ал биік бедерлеріне алдын ала нақышталған 

пластиналар бекітілген. Бұйымның бос қуыстарына паста  құйылған немесе 

күміс металл табағының майысуына жол бермейтін әлдебір инертті 

материалмен толтырылған. Нағыз түйір және зер салудың күрделі 

техникасын Қазақстанда батысқазақстандық шебер зерлер ғана игерген. 

Шеберлер материалдың бейнелілігін ескеріп, оны өңдеудің әртүрлі 

техникасын аздап алтын жалатумен және әр алуан тастарды өндірумен шебер 

ұштастырған. 


 

Жас келіншектің киімі. Батыс Қазақстан облысы. 

А. Галимбаеваның иллюстрациясы. 

 

Ақық – қазақ зергерлерінің ең сүйікті тасы. Оны шығыста ерте заманнан бері 



қадірлейді. Пайғамбардың өзі былай деген екен: «Кімнің жүзіндегі ақық 

болса, соның басынан бақыт пен қуаныш кетпейді». Бирунидің заманында 

Үндістан мен Йеменнен әкелінген бұл тас туралы көптеген нанымдар бар. 

Ақық денсаулық тасы саналған. Одан көптеген бойтұмар түрлерін жасаған. 

Ақық деген сөздің өзі қазақтарда көбінесе тұмар мағынасын береді. 


Танымалдығы жағынан ақықтан кейін маржан және көгілдір ақық тұрады. 

Егер ақықтың жалтыратылған ірі, жалпақ беті әшекейдің орта тұсынан орын 

алса, маржан мен көгілдір ақықтан жасалған көптеген моншақтар мен 

ендірмелер  көбінесе фон ретінде немесе бүкіл сәндік кешеннің негізгі 

композициялық түйіндерін айқындаушы болып тұрады. Көгілдір ақық табыс 

пен жеңіс әкелетін тас деп есептеледі. 

Адамды зиянды әсерлерден сақтайтын сиқырлы күшке материалдар ғана ие 

болмаған. Кейбір заттардың пішіннің өзі, бұйымдардың өрнектері де қасиетті 

саналған. Бұл бойтұмарлар және әшекейлер кешеніндегі өзге де бұйымдар 

ежелгі нанымдардың қалдығы бола тұрып, әрі практикалық, әрі эстетикалық, 

әрі қорғаушы қызметіне ие салтанатты костюмнің біртұтас ансамблінің 

құрамдас бөлігіне жатады. 

Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы костюм мен 

әшекейлердің өзіндік ерекшеліктері бар. Қыздардың бас киімі – тақия мен 

бөрік көбінесе жапсырма таспалармен, шытыра моншақтармен, күміс 

қаңылтырлармен және төбесіндегі үкінің бір шоқ қауырсынымен 

әшекейленген. Оларды бұрымға тағатын әшекей – шолпылар толықтырған. 

Шолпыда мата жолағына моншақ пен қаңылтырлар жапсырылған немесе 

күміс қаңылтырлардан салпыншақ тағылған. Бұл жерде металл түтіктері 

немесе жарты шарлары бар қара жібек шашақтардан тұратын бұрым 

әшекейлері де болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі батыстыкіне немесе 

солтүстік-шығыстыкіне ұқсас, тек қана кейде оған маржан моншақтардан тор 

қосылады. Жетісу сәукелесінде де матадан жасалған бүйір жолақтары бар, 

оларға параллель жіптермен маржан жапсырылған және самай 

салпыншақтарына күміс жіптер қосылған. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі кеуде әшекейлерінің дәстүрлі жиынтығында да 

жапсырма әшекейлер көп. Қыздардың мойынға тағатын әшекейі – тамақша 

кестелеп өрнек салынған және қаңылтырлар жапсырылған сопақша таспа 

түрінде болады. Көйлектер мен қамзолдың жағасын, белін шытырадан 

тігілген тізбектермен, теңге немесе күміс қаңылтыр жапсырып әшекейленген. 

Бұл жақта моншақты аз тағынған, есесіне тізбектеліп қосылған бірнеше күміс 

қаңылтырлардан тұратын алқаны иықтарына ілген немесе мойындарына 

тағып жүрген. Кеудеге құлақ тазалағыш, тырнақ тазалағыш, тіс тазалағыш, 

тағы сол сияқтылар жиынтығы бар салпыншақ әшекейлер бекітілген. 

Әйелдердің белбеуіндегі айырмашылықтар да алуан түрлі болған. 

Оңтүстікқазақстандық шеберлердің әшекейлер кешеніне егінші халықтардың 

– өзбектер мен тәжіктердің, ал солтүстік шығыстағыларға – Еділ бойы 


татарларының зергерлік өнерінің, мәдениетінің кейбір ықпалын аңғаруға 

болады. Алайда, бұл ықпалдар қазақтың дәстүрі мәдени типінің негіздерін 

өзгерте алған жоқ. 

Қазақ шеберлері көшпелі өмір жағдайында бұйымдарды соншалықты жоғары 

техникалық және эстетикалық деңгейде қалай жасаған деп қайран қаласың. 

Олар бұйым жасаудың техникалық әдістерін өте көп білген. Олар қиюды, 

қақтауды, кесуді, безендіруді, нақыштауды, қалыптауды, оймалы эмальды, 

күмісті қарайтуды және зер салуды білген. Шебер зергерлер көбінесе жеке-

дара жұмыс істеп, жасы ұлғайған кезде ғана өзінің шеберлік құпиясын үйрету 

үшін жанына шәкірт алған. 

И.Н. Тасмағамбетовтың коллекциясы танымдық тұрғыда қызықты әрі ерекше 

ғылыми материал, ол Орталық Азия мәдениеттерінің ортақтығы туралы, 

сондай-ақ олардың ерекшеліктері туралы да түсінік береді. Иманғали 

Тасмағамбетовтың «Изделия мастеров-зергеров Центральной Азии» 

альбомының танымдық әрі эстетикалық мәні зор, өнерді шынайы 

құрметтеушілердің бұған көз жеткізуіне болады. 



Қазақтардың ұлттық киімдері. 

№     Түрлері 

Аталуы 

 

1.  Ішкі киім 

1. Бешпент. 

2. Дамбал. 

3. Жейде, көйлек. 

4. Қамзол. 

5. Күртке (желетке). 

6.Шалбар 

 

2.  Сырт киім 



1. Жадағай шапан. 

2. Жарғақ – құлын терісінен жасалған жарғақ тон. 

3. Күпі. 

4. Сырмалы шапан. 

5. Тайжағы. 

6. Тон. 


7. Шапан 

8. Шидем – жылы тоқыма сырт киім. 

9. Ішік – тері тон. 

 

3.  Жауын-шашында 



киетін киім 

Аба. 


Кебенек -1. Плащ – 2. Жұқа киізден жасалған сырт 

киім, оны жаңбырда, аязда киеді. 

Кенеп. 


Сыртық. 

Шекпен. 


 

4.  Ерлердің бас 



киімдері 

Башлық. 


Бөрік. 

Далбай – жаңбырға арналған жеңіл бас киім. 

Жалбағай – жазғы жеңіл тымақ, далбай. 

Жекей тымақ – сәнді тігілген тымақ. 

Күләпара. 

Қалпақ. 


Құлақшын. 

Малақай. 

Мұрақ – ерлер бас киімі. 

Тақия. 


Тымақ. 

Шалма.  


 

 

Мақала п.ғ.д., профессор А.Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл 



мұрасы» кітабынан алынды, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-

сараптамалық кеңесінің ұсынысымен жарияланды, 2011 жыл 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

  



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал