Қазақтың ұлттық тағамдары



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#12006
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақтың ұлттық тағамдары

Мипалау

  • Мипалауды жасау үшін піскен бастың миын, желке-шүйдесін, екі көзін, бастық құйқасын алып, ұсақтап турайды, үстіне шамалап сорпа құйып барлығын араластырады. Сондай-ақ, дәмді болуы үшін оған бұрыш, ұсақтап туралған пияз (1 бас) қосып, тұзды татымына қарай салады. Ми палауға: 200 г құйрық май , бастық миы, құйқасы, екі көзі, 1 бас пияз, бір шымшым қара бұрыш, 3 ас қасық сорпа, 200 г бауыр керек.

Ұлпершек

  • Ұлпершек – құрамында түрлі дәрумендері бар өте пайдалы тағам. Оны үйінен ұзатылып кеткен қыз төркіндеп келгенде пісіріп беретін болған. Ол “қайда жүрсең де біздің жүрегіміздесің” деген мағынада ұсынылады.
  • Жылқы немесе сиырдың жүрегінен жасалады. Жүректі кітап сияқты ашылатын қылып тіліп, қанын тазалайды да, ішіне тұз бен бұрыш себеді. Сосын ұсақталып туралған ет пен маймен толытарады да, бір ай бойы ұнға батырып қояды. Уақыты келгенде фольгаға немесе аспаздық целлофанға салып пісіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет