«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Маркс К■
и 
Энгельс Ф.
Сочинение. Т. 2. С. 144.

Әуезов М.
Эр жылдар ойлары. 128— 129-беттер.
95


дарға, қажылар мен қазіреттерге Абай қырғидай тиеді, 
олардың іс-әрекетін, қылығын аяусыз әшкерелейді. Дін- 
нің жалпы мәнін түсінуде материалист, атеист дәреже- 
сіне көтерілген Шоқан Абайдан жоғары тұр десек, дін 
иелерімен, клерикалдармен күресте, олардың жасанды 
бет пердесін бейнелі сөзбен келістіріп әшкерелеуде Абай 
зор биікте тұр.
Абай атеист болмағанымен, нағыз антиклерикал 1 
Ол қазақ даласындағы дін иелерінің екі жүзділігін, мал- 
құмарлығын, надандығын аяусыз сынады. Өзінің ец кө- 
лемді еңбегі «Отыз сегізінші сөзінде»: «Бұл заманның 
ишандарынан бек сақ болыңдар. Олар фитнә (бүлдір- 
гіш, бұзық) ғалым, бұлардан залалдан басқа ешнәрсе 
шықпайды... көбі надан болады. Сүйенгені надандар, 
сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, 
онан басқа ешнәрсе жоқ»,— дейді.
Төртіншіден, Абайда ислам дінінің фанатизмінен еш- 
теңе жоқ. Ол адам баласын мұсылман мен кәпірге бөл- 
мейді, оған Адам керек, адамгершілік, ғылым, әділет- 
тілік керек. Осы игі үгіттерге ұмтылу жолында Абайға 
Сократ пен Аристотель де, Байрон мен Гете де, Низами 
мен Науаи де, Пушкин мен Толстой да жақын, рухтас. 
Ол ешкімнің дініне, нәсіліне, ұлтына қарамайды, «адам 
баласына адам баласының бәрі дос» деген халықтар 
достығын дамытуға ат салысады. Халықтар достығы 
идеясының жаршысы болады.
Егер мұсылман ғұламалары ғасырлар бойы «ақыр 
заман», «қиямет қайым» дегендерді халық санасына сі- 
ңіріп, табиғат пен қоғам өміріндегі өзгерістерді, ғылым- 
дағы жаңалықтарды сол «ақыр заман» мен «қиямет 
қайымның» таяп келе жатқанының белгісі деп түсін- 
дірсе, Абай ескі заманның орнына жаца заман, жаман 
заманның орнына жақсы заман келеді деп, өз халқын 
жақсылық атаулыға, білімге бастап: «Сөз түзеледі, тың- 
даушым сен де түзел», «сен де бір кірпіш дүниеге, ке- 
тігін тауып бар қалан»,— дейді.
Бұл айтқандарға қарап Абайдың дін туралы пікірле- 
рінде кемістік, жетімсіздік жоқ екен деп қалмау керек. 
Қазақстанның тарихи-экономикалық жағдайына байла-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет