«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет65/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай

«Адам бол — бай тап,
Адам бол — мал тап.
Қуансаң куан сол кезде,
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең істің бәрі бос»,—
деп өз елін, өз халқын Адамдыққа шақырады.
Абай шығармаларында этикалық принциптен гөрі 
этикалық нормалар басымырақ. Бұл жай, әсіресе Абай- 
дың көбіне келешек ұрпаққа арналған «Жігіттер, ойын 
арзан, күлкі қымбат», «Ғылым таппай мақтанба», «Ин- 
тернатта оқып жүр» сияқты өлеңдерінде, «Қара сөзде- 
рінде» көп айтылады.
«Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз» қандай 
дұшпандардан, жамандықтан қашық болу керек, нендей 
жақсылыққа жакын болу керек екендігін ойшыл ақын 
үнемі уағыздап отырады.
Абайдың философиялық, этикалық ойлары, көзка- 
растары арнайы сөз етуді қажет етеді. Бұл мәселелер 
жөнінде Абайдың тек өзіне ғана тән пікірлері мен ой 
жүйелері бар.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ ағартушыларының дінге көзқарасыи дұрыс 
түсіну үшін олар өмір сүрген ортадағы табиғат пен тір- 
шілік, өлім мен өмір, жан мен тән, адам мен қүдай олар- 
дың арақатынастары туралы мәселелер сол кездегі фи- 
лософиялық ой-пікірлердің, дүннеге көзқарастардың ең 
негізгі мәселелері болғанын ескеру қажет.
Дүниеге көзқарастың мұндай негізгі мәселелері 
ежелден дін мен ғылымның, идеализм мен материализм- 
нің, дін иелері мен ғалымдардың талас-тартысында 
ашылды. Қазақстан сияқты танымы ғылыми дәрежеге 
толық көтерілмеген елде, бұл мәселелерге ол кезде еш- 
кім дәлелді жауап беріп, дәйекті шешім айта алмады. 
Тек танымы ғылыми дәрежеге көтерілген елдерден үлгі 
алып, халықтың сана-сезімі өсіп, халық ішінен ақыл ие- 
лері, ағартуіиылар шыға бастаған кезде, қазақ даласы- 
на ғылым ұшқыны молырақ түсе бастаған кезде ғана 
құдай мен дүние, табиғат пен адам, өлім мен өмір ту­
ралы ғылыми болжау айтылып, дәйектірек түсінік бері- 
ле бастады. Бұл мәселені қоя білудің өзі — бұрынғы 
қарапайым түсініктен жоғары сатыға көтерілгендіқті 
көрсетеді.
Қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбы- 
рай, Абай Қазақстанның қоғамдық ой тарихында ерек- 
ше орын алады. Олар өз халқының демократияшыл мә- 
дениетін жоғары сатыға көтеріп, Қазақстанда прогрес- 
ті, ағартушылық қозғалыстың негізін жасап, кейінгі 
ұрпаққа ағартушылық дәстүр қалдырды.
Қазақ ағартушы-демократтары патриархалдық-фео- 
далдық тәртіптің нағыз үстемдік құрып тұрған қара- 
түнек дәуірінде артта қалушылық пен езілушілікке, қа- 
раңғылық пен надандықка қарсы күресіп, гуманизм мен 
демократизм идеяларын ту етіп көтерді.
Олар діншілдікпен күресіп, дін иелері мен діни фа- 
натизмді сынға алды. Әрқайсысы діннің түрлі жақта- 
рына тоқталып, үнемі бір-бірін толықтырып отырды.
Егер қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов 
дінді материализм тұрғысынан ғылымға сүйене отырып,
99


сынға алса, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин жас- 
тардың санасын діни ұғымдардан біржолата босату 
мақсатында мектептер ашып, халық арасына алдыңғы 
қатарлы мәдениет, ғылым, өнер, білім тарату аркылы 
күресті. Ол діни ұғымдарды әшкерелеп, ғылымға негіз- 
делген көзқарас қалыптастыратын шығармаларымен ха- 
лықты оқуға, өнер-білімге шақырды. Орыс алфавитіне 
негіздеп кітаптар бастырып шығарып, оны өз шәкіртте- 
рі арқылы қазақ даласына таратты. Қазақтың ардагер 
ақыны, әрі ақылшы-ағартушысы Абай Құнанбаев мәде- 
ниетсіздік пен артта қалушылыққа, қараңғылық пен 
наданДыққа қарсы көп қырлы, тілге жеңіл, халық көңі- 
ліне қонымды, қиыннан қиыстырылған өткір өлендері- 
мен, философиялық мәні зор, терең сырлы сөздерімен 
күресті:
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ 
ағартуіііыларының мәдени мұралары халқымыздың де- 
мократиялық мәдениетінің сарқылмас қорына косылып
қазақ халқының қоғамдық ой тарихында ағартушылық 
идеялардың одан әрі өркендеуіне негіз болып каланды.
Ағартушы-демократтардың ғылым мен білімнін, әде- 
биет йен өнердің, педагогика мен психологиянын, этика 
мен эстетиканың әр саласына байланысты көп қырлы 
творчестволық мұраларының тек өз дәуіріндік мәні бол- 
ды деп қарауға болмайды. Олардың өнегелі сөздері мен 
терең нікірлері әлі де ғылыми мәнін жойған жок.
Ағартушы-демократтардың көп ойланып, терең тол* 
ғануы нәтижесінде айтылған озық пікірлерін адам са- 
насындағы діни ұғымдар мен түсініктердің қалдықта- 
рын біржолата жоюға бағытталған ғылыми-атеистік 
тәрбие жұмыстарында қисынын тауып пайдалану қажет.
Бұл қажеттілік қазақтардын, діни ұғымдарының 
ерекшеліктерінен туады. Қазақ ағартушылары өз хал- 
қының өмірі мен оның діни ұғымдарының ерекшелікте- 
рін жете біліп, діни фанатизмге қарсы күресте бұл ерек- 
шеліктерді дұрыс пайдаланып отырды. Сондыктан да 
олардың шығармалары бұқара сана-сезіміне түсінікті, 
әсерлі және көңіліне қонымды келеді.
Ағартушылардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен 
бірге, дін мәселесі жөнінде үшеуі де антиклерикал бол- 
ды дедік. Үшеуі де молда, кожа, ишан, имам, мұфти, 
т. б. сйякты 
өмірді де, ғылымды да білмейтін, соған 
қарамастан бәрін біліп тұрғандардың ролін ойнайтын, 
Абай сөзімен айтқанда, монтаны дін иелеріне ашықтан
100


ашық қарсы шықты. Бұл жөнінде Шоқан: «Біздің қыр- 
да көбінесе молдалық міндет атқарып отырған татар- 
лар, қожалар рақымсыздық, білімсіздігін және қаидай 
да болмасын әсіре клерикалдық бағыттың халықтың 
әлеуметтік дамуына тигізетін жат әсері көп» дёп санап, 
«молданың ықпалын шама келгенше әлсірету. қажет» 
дегенді айтқан еді.
; Ал Ыбырай болса, ашық шабуылға шығып, олардың 
зиянкес, зұлым екендігін бетіне басып: «Азған елдщ 
молдасы, үлкен болар сәлдесі, аса бауыр дылмаңыз, 
рас
емес алласы»,— деп клерикалдардың, дін иелерінщ 
екіжүзділігін, жалғаншылдығын ешбір іркілмей айтады.
Абайдың антиклерикализм! құлқынның құлы, жем- 
кар дін иелерін көркем сөздің күщімен түйреп: «Кбай­
ты молда теріс оқыр, дағарадай болып сәлдесі. Мал құ- 
мар көңлі — бек соқыр, бүркіттен кем бе жем жесі?»— 
дейді.
Өкінішке орай, дүмше молдалар күні осы уақытка 
дейін өзінің кертартпа іс-әрекетін әлі тоқтатқэң жоқ-. 
Рас, қазіргі кездегі исламның дүниеге көзкдр’4стық 
^іані бұрынғыдан әлдеқайда төмендеді. Қазіргі діңге ті- 
рекг тиек болып отырған негіз — дінге сенушілердід .пси- 
хологиясы мен діни әдет-ғұрыптар. Кейде сол дінй әдет- 
ғұрыптарды халықтьщ, тіпті ұлттық дәстүр дед.діатас- 
тыру кездеседі.
-Шыңына келсек, қатардағы дінге сенушілер, дұгіл, 
қазіргі кездегі дүмше молдасымақтардың көбі «Құран- 
да%. айтылған: «Алла алты күннің ішінде асқан щебер- 
ліқпен бүкіл дүниені жасады» (6 сүре, 72 аят), «сЖерді 
де.жасадық» (51 сүре, 48 аят), «тауларды да брддттық,' 
«зендер ағызып, жолдар салдық» (16 сүре, 15 аят) де­
ген, немесе (76 сүреңің 4 аятындағы) «біз адамдң Дам- 
шы мен қоспадан жасадық, оны еститін, көретін еттік», 
сол сияқты: «жерді өгіз көтеріп тұр, өгіздГбдлык,’ ба- 
лықты су, суды ауа көтеріп тұр» деген Хадистегі 
(Мұхамедтің өсиеттері) алланың атынан айтылға.н Мұ- 
хамедтің «қасиетті қағидаларына» сенбейді.
Діннің қазіргі табан тіреп отырған жері — адам пси- 
хологиясы, кейбір салт-дәстүр дегенде, аса көзге түсетін 
көрініс — өлген кісіні, шаман дінінің тілімен айтқаңда, 
аруақты шығарып салу төңірегІнде болып отыр.
Алайда осы дәстүрге адамгершілік жағындн ,м.әң бе- 
руден гөрі дүмше молдалардың ырқына көніп, а.щылып- 
шашылудан ажырай алмай келеміз. Осыған орай,, мол-
101


дасымақтар қазаны күнкөрістіц, енбексіз табыс табу- 
дың тәсіліне айналдырып, діни мән берумен келеді.
Біздің халқымыздың мінез-құлқында намыскорлық 
басым. Елдің намысы, ауылдың намысы, ауданның на- 
мысы, семьяның намысы, ердің намысы болып салала- 
нып кете береді. Сондықтан да, «Ерді — намыс өлтіре- 
ді, қоянды — қамыс өлтіреді» дейміз ғой. Дүмшелер 
осы елдің намысқорлығын пайдаланып: «Мынау әкесін 
қалай шығарып салар екен, анау шешесін қалай аттан- 
дырар екен», «кімге не берер екен», «қырқына, асына 
не сояр екен» деп елдің жақсы ниетін өзінің жеке күл- 
қынының жеміне айналдырғысы келіп, өлік шыққан 
ауылға құзғындай шүйіледі.
Дүмшелер кәсіпке айналдырған өлім мәселесі кей 
жерлерде тек өз еңбегімен ғана күн көретін, өрісте ма­
лы, жинақ кассасында ақшасы жоқ, тұрмыс жағдайы 
жұтаңдау тұратын адамдарды өте әлсіретіп кетіп отыр. 
Намысқа тырысып, әкесі-шешесінің қазақ кәдесіне жал- 
ғыз сиырын сойып, жинап-терген бар ақшасын сәлделі- 
лерге үлестіріп, отқа қарап қалғандардың талайын көр- 
дік. Бұрынғы кездегі «Бай өлсе малы шашылады, кедей 
өлсе арты ашылады» деген мақал молдалардьщ көмегі- 
мен әлі де өлмей келеді.
Әрине, өлікті қастерлеп шығарып салу, тірілердің, 
әсіресе жақындарының борышы. Мәселе басқада. Өлік- 
ті шығаруға байланысты өте ұнамсыз жайлар бар. Bi- 
pi — өлікті шығарып салу мәселесін азаматтық, адам- 
дық дәстүрден гөрі діни ғұрыпқа айналдыру. Осы жай- 
дың төңірегінде, әсіресе ауылдық жерлерде, арабша 
тілді де, «Құранды» да білмейтін, тек араб әріптерімен 
ертеректе шала сауат ашқан дүмшелер өздерін молда са- 
нап, өліктің төңірегін кәсіп етіп жүр. Олардың біразы, 
тіпті байып та алған, астында >$еңіл машина, отырғаны 
еңселі үй, жегені қазы-қарта, кигені асыл киім. Мұның 
бәрі еңбексіз, құзғындық тәсілмен өлген кісінің жақы- 
нын тонаумен табылған. Олардың қазадан байитынды- 
ғы соншама, қайтыс болғандарының басына кейбір 
ауыл, село, қалаларда зәулім биік, ақ, қызыл кірпішпен 
не мәрмәр тастан ескерткіштер орнатылған. Ал сол се- 
ло-қаладағы көптеген ардақты адамдар: еңбек озатта- 
ры, мұғалімдер, соғыс және еңбек ардагерлері атаусыз 
жатады. Мұндай келеңсіз жағдайларды, әрине, адам- 
гершілік тұрғыдан да, коммунистік тәрбие тұрғысынан 
да қатты сынап, болдырмауға тырысуымыз кажет.
102




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет