Емдік қасиеті Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.
Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:
1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.
2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.
3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.
4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.
Өсімдіктің шашымызға да тигізер пайдасы көп. Мәселен, шашты тазалап сусабынмен жуып болғаннан кейін, гүлдің тұнбасымен шашыңызды шаятын болсаңыз, сусабынның құрамындағы зиянды химиялық заттардың залалын ауыздықтап, шашты қатайтып әрі нәрлендіреді. Сонымен қатар шашқа табиғи жылтырлық сыйлап, жібектей жұмсақ етеді. Әсіресе майлы және қайызғағы көп шаштарға осы түймедақ тұнбасы көмектесе алады.
Түймедақтан дайындалатын емдік шайлар.
Тыныштандыратын шай.Бұл шайды дайындау үшін түймедақ гүлдерінің 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластыру керек. 1 сағат тұндырып қойып, ұйқы қашқанда немесе қатты шаршағанда, 1 шай қасық бал қосып, төсекке жатар алдында қабылдаса, түнгі ұйқыңыз тыныш, ал таңертең сергіп оянасыз.
Жел айдайтын шай
Мұндай шайды ішу үшін ең алдымен түймедақ гүлдерінің 6 бөлігі мен шүйгіншөп (валериана) тамырының 4 бөлігін және зиренің (тмин) 1 бөлігін алып, жақсылап араластырасыз. Одан соң осы шөптердің қосындысынан 1 ас қасық алып, үстінен 1 стақан қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып қою керек. Дайын шайда таңертең және кешке жарты стақаннан ішіп отыру керек.
Қызыл иек қабынуына арналған тұнба.Мұндай дертке шайқурай (зверобой), дала қырықбуыны (хвощ), түймедақ гүлі мен қырмызы (календула) шөптерінен 1 шай қасықтан алып, үстінен жарты литр су құю керек. Содан соң 30 минут тұндырып, қызыл иек қабынғанда күніне 5-6 рет осы тұнбамен шаюға болады. Баспаға (ангина) қарсы шай
Түймедақ гүлінің 3 бөлігі мен жөке ағашының (липа) 2 бөлігінен 20 гр алып, оны 1 стақан қайнаған суға демдейсіз. Содан соң 20 минут тұндырып, дайын тұнбамен тамақты күніне бірнеше рет шаю керек. Ал бүйрек ауырғанда түймедақтан дайындалған тұнбаны жылы күйінде күніне 3-4 рет жарты стақаннан қабылдауға болады. Сонымен қатар іш түйіліп ауырғанда, тамаққа дейін 1 ас қасықтан дәл осындай тұнбаны ішу керек.
Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт
жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.Өсімдіктен
алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын
кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті
жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін
арттырады. Сонымен қатар:
1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып,
4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады.
Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.
2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап
тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу
көмектеседі.
3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары май ға
араластырып белге жағуға болады.
4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап
тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Т ұнбаны
сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.