Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А. Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз



бет1/69
Дата25.05.2023
өлшемі232,68 Kb.
#96901
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Билет №1

  1. Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А.Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз.
  1. Психологиялық басқару теориясын тұжырымдаңыз.




1. Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А.Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз.
Файоль басқарудың 14 ұстанымын құрастырды, олар әлі күнге дейін мамандармен қолданылып келеді:
1. Тәртіп, яғни фирма мен оның арасындағы келісімге бағыну мен құрметтеу. Тәртіп сонымен қатар әділ қолданылған санкцияларды шамалайды.
2. Қызметкерді марапаттау, соның ішінде лайықты еңбекақымен.
3. Әділдік: қайырымдылық пен төреліктің қосылысы.
4. Бірлесу рухы, яғни қызметкерлердің ұйымдасуы мен бірігуі.
5. Жеке қызығушылықтарын ортақ қызығушылықтарға бағындыру. Жеке қызметкердің немесе топтың қызығушылығы компания қызығушылығынан аспауы қажет.
6. Еңбектің бөлінуі, яғни мамандану. Оның мақсаты көлемі және сапасы бойынша жұмысты сол жағдайларда да жақсы атқару.
7. Өкілеттілік және жауаптылық. Өкілеттілік бұйрық беруші құқығына ие жақ, ал жауаптылық оған қарама – қарсы құрамдас бөлігі.
8. Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс.
9. Бір бағыттылық. Бір мақсатқа жұмыс істейтін әртүрлі топ бір жоспармен жұмыс істеп, бір басшыға бағынуы тиіс.
10. Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың күшін жоюдың тең мөлшерін анықтау басты міндет. Жұмыстың соңында жақсы нәтижеге ие болу үшін оған жетудің өлшемін анықтау.
11. Скалярлы тізбек. Бұл ең жоғарғы басшыдан ең қарапайым қызметкерге дейінгі аралық.
12. Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында.
13. Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы жұмыстың пайдасын төмендетеді.
14. Ынта. Жоспарды дайындап оны жүзеге асыру. Бұл ұйымға күш пен энергия береді.
Файолдың жасаған 14 ұстанымы Америкада адам ресурстарын басқаруда әлі қолданылып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет