Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


Газет мәтініндегі прагматикалық



бет32/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Газет мәтініндегі прагматикалық 
интенсификаторларға арналадыҚазіргі заманауи газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін
сипаттайтын тәсілдердің бірі –
қарқындылық болып табылады. Қарқындылық – адресатқа
айрықша күшті әсер ету мақсатында қолданылатын семантикалық категория. Ол адресанттың
өз сөзінің (интенсификациялау) қарқындылығын арттыру үшін мақсатымен пайдаланатын
экспрессивті құралдарды таңдап, іріктеп алуымен тығыз байланысты мәселе.
Қарқындылық категориясының негізінде сан-мөлшер градациясы (басқыштаушылық,
үдемелілік) ұғымы жатады.
Қарқындылық дегеніміз – сапаны бағалаудың сандық өлшемі,
экспликативтілік (анықтық) өлшемі; экспрессивтілік пен эмоционалдылықтың,
бағалауыштықтың өлшемі. Мұның бәрі оның басқыштану, сатылану сипатын аңғартады [18,7].
Қазіргі қазақ газеттеріндегі мәтіндер қанық бояулы, қарқындылыққа толы прагматикалық
бағдары анық материалдар болып келеді. Әсіресе ондағы экспрессивті қарқындандырғыштар
қолданысына назар аударудың маңызы зор. Ондай элементтер бір затты онымен тектес өзге
заттар қатарынан бөліп шығарып, оған адресат назарын баса аударту арқылы айрықша
прагматикалық қызмет атқарады. Зерттеуші Е.В.Покровская газет
мәтіндерінде
қарқындылық категориясының мынадай үш тәсіл арқылы жүзеге
асырылатынын анықтаған:
1. Контраст принципі (қарама-қайшылық);
2. Тілдік қайталаулар;
3. Сөз ойнату [19,152].
Қазіргі қазақ газеттерінде бұл тәсілдердің қатар қолданылуы да, бірінің айрықша басым болуы
да кездесетініне көз жеткізілді. Аталған тәсілдер бірге қолданылғанда медиа-мәтіннің
прагматикалық әлеуеті артып, аудиторияға тигізетін әсері айрықша күшейе түседі.
3.2.1 
тармақша «
Контраст принципі» деп аталады.
Контраст – газет мәтініндегі негізгі прагматикалық құрамдас бөлік болып табылады. Бүгінгі
қоғамымызда бұрын соңды басын біріктіруге келмейтін, бейнелі түрде айтсақ, өзеннің екі
жағында тұрғандай құбылыстар мен пікірлерді тұтастыру, терең қарама-қайшылықтар типтік
жағдай ретінде қабылданып жатыр. Осындай жайттар туралы газет мәтіндерінде
баяндалғанда мәнді қарқындылық пайда болады, яғни қарқындылыққа басым орын беріледі.



Контраст – ә дегеннен, яғни мәтіннің басталған жері – тақырыпаттан көрініс табады. Әрі


барлық контраст мәтін қабылдаушының есінде жақсы сақталады. Кеңес дәуірінде кеңінен
таралған трафареттік, жаттанды тақырыпаттардан үлкен айырмашылығы бар бүгінгі
тақырыпаттар прагматикалық бағдарлылығы анық, мағыналық жүгі күшті, барынша мәнерлі
болып келеді. Тақырыпат ерекше пішінге ие болып, бағалауыштық, экспрессивтік, жарнамалық
қызмет те атқарады. Ол бүкіл материалдың қалай қабылданатынын болжай отырып
қойылатындықтан адресаттың ойлау жүйесін белгілі бір бағытқа бейімдейді. Басқаша
айтқанда, бүгінгі газет мәтінінде тақырыпат айрықша ақпараттық және прагматикалық
бағдарда жұмсалады. Қазіргі кезде тақырыпаттардың бағалауыштық сипаты оның эмотивтік
қызметінен көрініс табады. Мұндай қызмет әсіресе, теріс баға берілген тақырыпаттарда анық
байқалады (мұндай қолданыстарда иронияға, кейде тіпті сарказмға да жол беріледі):
Мысалы, Біздікілер сыртқа тартады, ал олар бізді өзекке теуіп отыр (Жас Алаш, 
27.07.2006) 
(прагматикалық қарқындандырғыштар: олар – біз, сыртқа тарту, өзекке 
тебу). Таспаға түскен қазақ тілі қапастан да шығар (Айқын, 11.10.2006) (прагматикалық
қарқындандырғыштар: түсу, шығу, қапас)Каримовтың құдайы берді, Путиннің ешқандай 
амалы қалмады (Жас Алаш, 20.06.2006) (прагматикалық қарқындандырғыштар: құдайы беру, 
амалы қалмау). Бұлар – қазіргі газет мәтіні тақырыпаттарында бағалауыштықтың ерекше өткір
сипат алып отырғанын көрсететін нақты мысалдар.
Сондай-ақ, бүгінгі тақырыпаттардың ақпараттық сипаты да айрықша басым болып отырғанын
айтуымыз қажет. Бұған әсіресе тақырыпаттың негізгі бөлігіне қоса берілетін, әдетте кішірек
қаріптермен жазылатын түсіндірме, қосалқы тақырыпаттардың көптеп кездесетіні дәлел бола
алады. Ондай қосалқы тақырыпаттарда мақалада ұсынылып отырған ақпарат жайында
болжам жасалып, қысқаша талдау беріледі. Бұл бәрімізге белгілі газет бетінде алдымен
тақырыпаттардың көзге түсетініне, оқылатынына қатысты қолға алынған шара деуге болады.
Яғни тақырыпаттардың қосалқы бөлігінде мәтіндегі негізгі мәселенің жай-күйі түйінделе
ұсынылады, сол шағын түсіндірме арқылы оқырман тұтас мәтін мазмұнынан хабардар
болады. Мысалы, Жанармай арзан, қаржы мол. Көктемгі егісті қысылмай өткізуге болады 
(Егемен Қазақстан, 26.03.04). (прагм.қарқ.: арзан-мол). Қашанғы өгей баланың кебін киеміз? 
«Қазақтелеком басшыларының назарына» (Егемен Қазақстан, 26.03.04) (прагм.қарқ.: өгей 
бала, кебін кию). Жуа сатқан жасөспірімдер қоғамның балаларға жасаған «қамқорлығының» 
бір ғана көрінісі (Жас Алаш, 13.06.06) (прагм.қарқ.: қоғамның қамқорлығы). Жұмыссыз 
жастар аз емес, ал өндіріс салалары маманға зәру (Жас Алаш, 03.08.06) 
(
прагм.қарқ.: жұмыссыз, маман, аз емес, зәру, ал).
Контраст принципі тақырыпатта ғана емес, логоэпистемалар қолданысы арқылы газет
мәтіндерінің өзінде де сақталады. Олар (логоэпистемалар, клишелер, мәтіндік
реминисценциялар) оқырман назарын аудартып, зейінін ұстап тұру үшін қолданылады, яғни
адресатпен байланыс орнату қызметін атқарады.



Оқырман қауымға бұрыннан таныс мәтіндерден алынып, өзгеріссіз немесе өзгертіліп


(трансформацияланып) қолданылатын дәйексөздер мәтінде белгілі бір астарлы мән тудырып,
онда баяндалатын оқиғаға қандай да бір баға береді. Әсіресе әдеби шығармалардан алынған
логоэпистемалар қазіргі қазақ газеттерінде жиі қолданылады деуге болады.
Мысалы, Бандыны қуған Хамиттер қайда? (Егемен Қазақстан, 26.03.04) (С.Сейфуллиннің 
«Бандыны қуған Хамит» повесінен). Қабдеш, «қайда барасың?» (Жас Алаш, 03.08.06, 
Б.Нұржекеұлының мақаласы). («Керей қайда барасың?» деген жырау толғауынан) т.б.
Келтірілген мысалдардан көрініп отырғандай, газет мәтіндеріндегі логоэпистемалар негізінен
көркем әдебиеттен трансформацияланған. Оқырманға бұрыннан белгілі, үйреншікті нәрсенің
өзгеріп кетуі, күтпеген, оқыс құбылыстар прагматикалық әсер туғызып, газет мәтінінің
қабылдану қарқындылығын күшейте түседі.
Автор өзінің субъективті көзқарасын білдіру үшін қарама-қарсы ұғымдарды еркін пайдаланып,
оларды біріктіруге де талаптанатыны жоғарыда айтылды. Оның бір көрінісін бүгінгі газет
мәтіндері тақырыпаттарындағы мағыналық оппозициядан байқаймыз. Мысалы, Ресей тұр 
электрді өшіргелі, Қытай тұр газ бағасын өсіргелі (Айқын, 11.10.06) 
(өшіру/өсіру). Мұндағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет