Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет33/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
өшіру мен өсіру қарама-қарсылық мәндегі қолданыстар ретінде мәтін
қабылдануында прагматикалық интенсификатор рөлін атқарып тұр. Жері көп қазақ жерге 
зәру, ал бұған Астананың әкімі Шөкеев не дер екен? (көп / зәру). (Жас Алаш, 25.05.06).
Мәнерлілікті арттырудың кең таралған тәсілі ретінде
антонимдер қолданысы еске түседі.
Өмірдегі қарама-қайшылықтарды айқын көрсету үшін антонимдерді жұмсау – журналистер
арасында бұрыннан бар амал. Газет мәтінінің прагматикалық әсерін күшейте түсу мақсатымен
бүгінгі журналистер дәстүрлі лексикалық қарама-қарсылықтармен қатар, соны, тың, дәстүрге
айнала қоймаған тосын қолданыстарды –
контекстуалдық антонимдерді кеңінен
пайдаланады. Контекстуалдық антоним немесе ситуативтік контрастқа бүгінгі газет
мәтіндерінен мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Олар: Тағы да сөз көп, іс жоқ (Жас 
Алаш, 03.08.06). (Сөз – іс, көп – жоқ). Бала ойнайтын жерде ит те серуендейді 
(бала – ит, 
ойнау – серуендеу) (Жас Алаш, 03.08.06). Осыдан бес күн бұрын өзіміздің Байқоңырдан 
ұшырылған 
Ресейдің «Днепр» атты алып зымырантасығышы апатқа ұшырады. Алып 
зымыран тасығыштың ыңыранып-күңіреніп 
жерден көтеріліп ұшқаны да сол екен, 73 
секундтан соң ыңыранып-күңіреніп 
жерге құлап түсіпті. (Жас Алаш, 03.08.06) (өзіміздің 
«Байқоңыр» — Ресейдің «Днепрі», жерден көтеріліп ұшу – жерге қайта құлап түсу). 
Көксарайды 
армандап жүргенде, Шардарадан айырылып қалар түріміз бар (Жас Алаш, 
08.02.05), 
(армандау – айырылып қалу).
Газет мәтініндегі контраст оған ерекшелік, бейстандарттық, бағалауыштық, жарнамалық,
қарқындылық сипат бере отырып, басылымның да прагматикалық бағдарлылығын анықтайды.
Мұндағы адресат психологиясы мен эмоциясына әсер етуші маңызды фактор

тосындық болып табылады. Яғни мәтіннің әсер ету күшін неғұрлым қарқынды ете түсу



мақсатымен таңдалынып алынған прагмемалар неғұрлым тосын, тың болса, хабарламаның


прагматикалық күші де соғұрлым басым болады. Қазіргі қазақ баспасөзі бетіндегі негізгі
контраст «Біз – олар» түріндегі оппозициялық күштердің жұбы төңірегінде шоғырланады.
Бүгінгі газет мәтінінің прагматикалық әсерін күшейту мақсатымен кеңінен қолданылып
жүрген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет