Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


мәтіннің тақырыптық бөлігі, кіріспе бөлігі, негізгі ақпаратты дәйектеуші



бет17/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
мәтіннің тақырыптық бөлігі, кіріспе бөлігі, негізгі ақпаратты дәйектеуші 
бөлік, жинақтаушы мәре бөлік және түйін. Осы бөліктердің әрқайсысына белгілі-бір
мағыналық-прагматикалық жүк артылады. Жұмыста осы мәтін бөліктерінің әрбірінің ішкі
құрылымы былайша сипатталды:
1. Мәтіннің тақырыптық бөлігі бір ғана тақырыпаттан тұрса, ол абзац деп саналмайды.
Сипаты жағынан кілт фраза болып есептелінеді.
2. Мәтіннің
кіріспе бөлігінде бастама, кілт фраза, ойды таратып жеткізуші блок қамтылады.
Бұл бөліктің газет мәтіні контексінде атқаратын қызметі реципиент назарын мақаланың
ақпараттық бөлігінен гөрі, берілетін ақпараттың проблемалық бөлігіне аудару;
3. Негізгі ақпаратты дәйектеуші бөлікте бастама (реципиентті баяндалып отырған ақпаратқа
қатысты негізгі тұжырымға жетелеу), кілт фраза (ұсынылған ақпаратты дамыту), ойды 
таратып жеткізуші бөлік (ақпаратты толықтыру, қосымша түсініктеме беру) қамтылады.



4. Жинақтаушы-мәре бөлік кілт фразадан, ойды таратушы бөліктен және қорытындыдан


тұрады. Мұнда ақпаратқа қатысты негізгі тұжырым (қорытынды) жасалады.
5. Түйінде бүкіл мақалада көтерілген негізгі мәселеге қатысты тұжырым жасалып, жаңа
проблема қойылады.
Газет мәтінінің
ақпараттық-мағыналық кескіндемесіне арналған тармақшада жалпы газет
бетінде берілетін ақпараттың бірнеше мағыналық бөліктен тұратындығы анықталып, оған
қатысты мынадай формула жасалды:
қайда+кім+қанша адам+қашан+не 
себепті+қалайша+не істеді+әрі қарай не болады. Сонымен кез келген мәтінге тән әмбебап
сипаттағы ақпараттық-мағыналық кескіндемені құрайтын сегіз бөліктің әрқайсысы мәтін
құрамында белгілі-бір орындарда берілетіндігі анықталды. Бір ескере кететін жайт, автордың
түпкі ойына, оқиғаға қатысты деректердің толықтай белгілі немесе толық айқын болмауына
байланысты және оқиғаның қалай өрбитіндігі беймәлім жағдайларда ақпараттық-мағыналық
кескіндемені құрайтын бөліктердің мәтінде қамтылуы және орналасуы әралуан сипатта болуы
мүмкін. Сондай-ақ кейбір бөліктерді адресант өзінің прагматикалық ұстанымына сәйкес уәжді
түрде айналып өтуі ықтимал. Бұл тәсілдің өзі оқырманды қажетті бағытқа жетелеу мақсатында
жұмсалады. Демек, әрбір жекелей алынған мәтіннің ақпараттық-мағыналық кескіндемесі дара
сипатта қарастырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет