Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет24/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

бала тастау фактісінің орын алуы тілдік санаға да біршама өзгерістер енгізіп,
нәтижесінде ұлттық менталитетімізге жат жаңа қолданыс – «
Америкалық бесік» тіркесі пайда
болды. Осы қолданыс автордың қойып отырған проблемасының оқырманға қажетті деңгейде
әсер етуіне себеп болады. Осылайша, концепті деңгейінде толық қабылданған мәтінді
толықтай интерпретацияланады деуге болады.
Сонымен газет мәтінін интерпретациялау процесінде адресаттың аялық білім қоры маңызды
рөл атқарады. Ол өз кезегінде
пресуппозиция, зейін, түсінілім, қабылдау, ақпаратты 
кодтау және оны ашу сияқты психолингвистикалық ұғымдармен сабақтастықта қарастыруды
қажет етеді. Осыдан келіп прагмалингвистикадағы адресаттың мәтінді қабылдауы
проблемасының психолингвистикалық қыры ашылып, 2.5. тармақта газет мәтініндегі
прагматикалық пресуппозиция арнайы қарастырылды.
2.6. 
«Адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастар» және 2.6.1 «Газет 
мәтініндегі адресант пен адресат – субординациялық коммуниканттар» деген
тармақтарда автор мен оқырманның арақатынасы газет мәтінінде көріну ерекшеліктеріне
қарай былайша топтастырылды.
1.
Автор- басшы, адресат- орындаушы;
2.
Автор- оқытушы, адресат-оқушы;
3.
Автор –ұстаз, адресат- рухани шәкірт.
4.
Автор –үгіттеуші, адресат-күмәнданушы.
Бұл топтастырудағы адресант-адресат арақатынасының бірінші типі Кеңес үкіметі кезінде
қалыптасқан орталықтандырылған билік жүйесінің тәртібіне, яғни сол кездегі бір ғана
партияның мүддесін көздейтін саусақпен санарлық, бір типті газеттерде міндетті түрде
бас 
мақала түрінде жарияланатын, коммунизм идеясын насихаттайтын, партия қабылдаған
бағдарламалар авторына қатысты. Мұндай мәтіндерде (әдетте олар аса көлемді болып келеді
де, газеттің 4-5 бетін алады) ешқашан автор есімі көрсетілмейді, ол коммунистік партияның
аудитория санасында жетекші бейнесінде әбден қалыптасып, орныққандығы сонша, адресат
оны іздеуге талпынбай-ақ, өзі автоматты түрде орындаушы рөліне енеді. Біздің зерттеу
материалымыз тәуелсіздік жылдарындағы газет мәтіндері болғандықтан бұл типке мысал
келтіруді артық деп санадық.
Рөлдік қатынастардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет