Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


достық ниеттегі оппоненттің



бет28/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
достық ниеттегі оппоненттің сөзі
орнықты, дәлелдер мен дәйектемелерге құрылған сыпайылық формасында, сөз мәдениетінің
талаптарына сай сипатта болса,
агрессивті оппоненттің мәтінінде қарапайым лексика,
эмотемалар, кекесін мен мысқылға толы сарказмдік қолданыстар басым болады. (Әлихан 
Бәйменов қазір «өз нәжесін өзі көметін мысық секілді» бұқпантайы көп, табанының бүрі жоқ 
тайғанақ «саясаткер» ретінде қабылдайды. (Ж.А. 22.11.05). … кісәпкерлер мен 
орыстың 
мысығы құсап пырылдап жататын депутаттарымыз үшін жанымыз күймегені және рас.

Бәтір-ау, Қазақстанда «мынау ұлтшыл» деп көрсететін адам қалды ма?! … Соңғы бір 
шайнап миын сайлауға сығып беріп… (Қазақстан. 16.08.07). Мұндай автор «жекпе-жекте
қарсыласын бас-көзге қарамай төпелейтін долы мінезді боксшыны елестетеді». Осы типтес
мәтіндердің жариялануы автордың ғана емес, басылымның да беделін көпшілік алдында
төмендетеді деуге негіз бар
Екінші тараудың келесі тармақшасы автордың өзімен-өзі сөйлесуінен тұратын диалогке
негізделетін
автокоммуникацияға арналады.
Газет мәтіндерінің айрықша бір типіне автордың өз мәтінін өзіне арнап жазатын, яғни әрі
адресант, әрі адресат рөлін қатар атқаратын авторлық позицияны ұстанатын материалы
жатқызылды.
2.7 
«Газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісі» деп аталатын тармақта
модальділік функционалды-прагматикалық қырынан қарастырылды, яғни ол мәтін авторының
өзі сипаттап отырған оқиға-құбылысқа беретін бағасын және өзі материалдарын арнап



отырған аудиторияға деген көзқарасын көрсететін маңызды лингвистикалық категория ретінде


танылды. О.С.Москальская мен Ю.С.Степанов сияқты ғалымдар модальділік категориясынан
тек сөйлеушінің коммуникативтік құрылымын анықтап қоймай, оның коммуникативтік акт
барысындағы әртүрлі элементтеріне деген бағалауыш сипатын білдіретінін айқындады.
Мәселен, адресант пен адресат қарым-қатынасы актісінің орны мен өту уақытын сөз еткенде
міндетті түрде модальділікке жүгінеміз. Сондықтан да модальділік пен прагмалингвистика
арасындағы тығыз байланысты қатынасты зерттеу – прагмалингвистика үшін өте маңызды
болып табылады.
Қазақ тіл білімінде модальділік категориясы Е:Жанпейісов, А.Н.Нұрмұханова, О.Төлегенов,
Қ.Мамаділов, С.Құлманов сияқты зерттеушілердің еңбектерінде арнайы зерттелді.
Модальділік категориясына қатысты газет мәтіні шеңберінде негізінен мынадай үш міндет
орындалуы тиіс.
а) берілген ақпаратқа баға беру;
ә) оны дәлелдеуге қатысты логикалық іс-шаралар;
б) мәтіннің эмоционалдық құрылымын сипаттау.
Осымен байланысты газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет