Осы мәселеге қатысты С.Иманбердиева «Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін
логоэпистемалардың трансформациялануы» деп аталатын мақаласында В.Г.Костомаров пен
Н.Д.Бурвикова ұсынған «логоэпистема» терминін қолдануды жөн көреді [27].
Логоэпистема астарынан аңғарылатын ақпарат пен білім мазмұны
жағынан анағұрлым бай,
кең болатыны белгілі. Осыған байланысты аталмыш қолданыстарға автор өз ыңғайына,
прагматикалық мақсатына сай қажет деп тапқан мәндерін үстей алады. Сонымен
логоэпистемалар қазіргі газет мәтінінің тұрақты да маңызды бір бөлігі бола отырып
оқырманды қызықтыратын тиімді тәсіл болып табылады. Біздің мәдениетімізге дендеп енген
бұл құбылыс жаңалық, тосындық әсерін тудыратындықтан оқырман қабылдауына да жеңіл
тиеді. Кейде логоэпистемалар жай ғана ойнақылық, қалжың ретінде қамтылса, кей жағдайда
оған арнайы прагматикалық міндет жүктеледі. Логоэпистемаларға құралған тақырыпаттарда
контраст принципі де басшылыққа алынады. Сөйтіп олар байланыс орнату қызметін ғана
атқарып қоймай, мәтінде суреттелетін оқиғаға қандай баға беруге де бағытталады. Сонымен
бүгінгі қазақ баспасөзінде кеңінен қолданылып жүрген логоэпистемаларға қатысты мынадай
тұжырымдар жасауға болады:
біріншіден, олар автордың позициясын көрсетеді, яғни өзі көтеріп отырған
проблемаға журналистің қандай баға беретіні көпшілікке бұрыннан таныс мәтіндер
мазмұны арқылы меңзеледі;
екіншіден, логоэпистемалар адресант пен адресаттың арасын жалғайтын көпір
рөлін атқарады,
яғни бір тілдік ұжымда, мәдениетте қалыптасып орныққан
коннотациялық мәнге ие логоэпистемалар газет мәтінін өзге материалдардан
айрықшалап тұратын прагматикалық қарқындандырушылар қызметін де атқарады;
үшіншіден, әрбір логоэпистема өзін қолданған автордың даралығын танытып,
журналистің жаңашылдыққа ұмтылысын көрсетеді.
Авторлық трансформацияда тақырыпат ретінде алынған фразеологизмнің сыртқы пішіні
өзгертілмейді, ал ішкі мағынасы өзгертілуі мүмкін. Мұндай сыртқы пішіні өзгертілмей алынған
сөз тіркестерінің еркін және фразеологиялық байланысқан мағыналары мәтінде қатар
актуалданатын тақырыпаттар айырықша мәнерлілікке ие болады. Э.И.Турчинская авторлық
трансформацияның өзін фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және аралас
трансформациялар деп бөледі [28, 47-51].
Публицистикалық стильде жазылған мәтіндерде сөздік құрам алуан түрлі болып келеді және
әр қилы фразеологиялық бірліктер қамтылады. Жалпы қазақ газеттеріндегі мақала
тақырыпаттарында кездесетін фразеологизмдерді үлкен екі топқа бөлуге болады: 1.
Достарыңызбен бөлісу: