«Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілі практикумы»



Дата18.06.2022
өлшемі30 Kb.
#37006
түріПрактикум
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі


«Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілі практикумы»


1-билет. Фонетика, зерттеу обьектісі. Дыбыс. Әріп. Дыбыстау мүшелері, олардың қызметтері. Тіл дыбыстарының жасалуы, түрлері.


Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Оның негізгі обьектісі — тіл дыбыстары. Фонетика дыбыс атауының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Мыс: жол, жел, тас, жас, қас, сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, е ж, қ, дыбыстары сөз мағынасын ажыратушы қызметін атқарып тұр.
Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е. Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар – орыс тілінде жоқ дыбыстар. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у. Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол – э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
1)Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді. Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы. Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и. Жуан сөзде жуан айтылып, жіңішке сөзде жіңішке айтылатын дыбыс – у. (қуаң, куә).
2) Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Оларға: а, ә, о, ө, е, э. Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
3) Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді.
Еріндік даыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у. Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет