Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет56/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
Фонетика жєне оныњ салалары-emirsaba.org 2

Сөйлеу аппараты - дыбыстау мүшелерінің жиынтығы.

Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі
мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.


Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыс-тарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді.

Синкопа - сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қысқарып)
қалуы.

Толық редукция – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екін-ші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды сөздерге
дауыс-тыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаң-ның түсіп қалуы. 


Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.

Тасымал - жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіру.

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму
тарихын өзгерістен айқындайды. 


Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері, сөз ішінде ілгерінді-кейінді ықпалдың қатар келуі.

Трифтонг – бір буынды құрайтын үш элементтен құралған күр-делі дауысты. Түркі тілдерінде трифтонг болмайды.

Фрикатив дыбыстар – ызың дауыссыздар

Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetіkos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бі-рінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар
тілдің ең кішкене бөлшегі. 


Фонетикалық принцип - сөздердің дыбыстық заңдарға сүйе-ніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылуы.

Физиологиялық фонетика тілдегі дыбыстардың артикуляция-лық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет