Қазіргі қазақ тілі (фонетика)


Фонология немесе функционалдық фонетика - т



бет57/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
Фонетика жєне оныњ салалары-emirsaba.org 2

Фонология немесе функционалдық фонетика - тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала

Фонетикалық заңдар – тілдің дыбыстық материясының дамуы мен қызметі туралы заңдар.

Фузия – морфонологиялық құбылыс, көрші тұрған морфемалар-дың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі.

Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік едини-цаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдық
жағынан толымсыздығы.


Эпентеза (гр. epenthesіs - қыстырылу) – 1) сөз ішінде дауыссыз-дардың арасына дауыстының қыстырылуы;
2) дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың пайда болуы.


Эпитеза - протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы.

Элизия (лат. elіsіo - ығыстыру) - бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.

Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф,
осциллог-раф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл ды-быстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар
жасайды.

Эксплозив дыбыстар – шұғыл дауыссыздар

Практикалық сабақтар

1. Фонетика және оның салалары

1.  Фонетика - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала.

2.  Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы.

3.  Фонетиканың салалары.
а) сипаттамалы фонетика;
ә) тарихи фонетика;
б) физиологиялық фонетика;
в) эксперименттік фонетика;
г) фонология немесе функционалды фонетика.


Тапсырма. Фонетиканың зерттелу тарихы (зерттеулерге шо-лу, хабарлама жасау, реферат жазу)
48





Жаттығу. Берілген мәтіннен фонетикаға қатысты терминдерді тауып, лингвистикалық сөздік бойынша олардың түсінігін қа-
рап, конспектілеңіз.
... Әдетте, тілдің фонетикалық жүйесі тұрақты болады. Егер бір тілден екінші тілге белгілі бір дыбыс(фонема) ене

қал-са, ол өздігінен енбейді, сөздің құрамында қолданылып, сөздер арқылы ғана енеді... Аффрикат ц дыбысы қазақ тілінің

байыр-ғы төл сөздерінде қолданылмайды... Бір тілдің екінші тілге тигізген фонетикалық әсерін тек қана белгілі бір

дыбыстардың енуі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені жалпы фонетикалық жүйе мен фонетикалық

құбылыс шеңберінде қарау керек... Түркі тілдерінде екпін жылжымалы болмай, көбі-несе сөздің соңғы буынына түсетіні

белгілі... Тілдің әрбір сала-сының өз заңы болады. Мысалы, қазақ және басқа да түркі тіл-дерінде жуан дауыстыдан кейін

жуан дауыстының, жіңішке дауыстыдан кейін жіңішке дауыстының келуін немесе алтай, қырғыз тілінде ерін

дауыстылардан кейін міндетті түрде ерін дауыстының келуі аталған тілдердің фонетикалық заңдарының қатарына

жатады. Сингармонизм заңы – басқа тілдерге қарағанда, түркі тілдеріне өте-мөте тән заң...(К.Аханов. «Тіл білімінің

негіздері» оқулығынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет