Қазіргі қазақ тілі (фонетика)


бастан-аяқ біркелкі дыбысталатын дауысты дыбысты монофтонг деп, ал бір дыбыстан басталып, екінші



бет18/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
бастан-аяқ біркелкі дыбысталатын дауысты дыбысты монофтонг деп, ал бір дыбыстан басталып, екінші

дыбыспен аяқта-латын дауысты дыбысты дифтонг деп атайды.
Сонымен қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамы күрделі болып шықты. Әрине дәстүрлі фонетикамызда дауыс-
тылардың құрамына қатысты бірлі-жарым бөлек пікірлер бол-ған. Алғашқы қазақ тілі дыбыстарының зерттелу жайы
сөз болғанда тоқталғанымыздай, кейбір дауыстылардың біркелкі айтылмайтындығы жайлы мәлімет бар. Атап айтқанда


Е, О, ө дауыстыларының алдында өзгеше бір дыбыс кездесетіні, сондықтан да оларды дифтонгоид деп атау керектігін
ескерт-кен. Бірақ бұл пікірді ұсынған І.Кеңесбаев, М.Райымбекова, Н.Сәдуақас, т.с.с зерттеушілер жоғарыдағы үш
дауыстыны бәрі бір жалаң дауыстылар қатарына жатқызып, олардың ар-тикуляциясын жалаң дауысты ретінде
сипаттап отырады. «...Әсіресе бұл тілдің ауыз қуысындағы қалпына қатысты. Се-бебі егер дауысты екі құранды


дыбыстан тұратын болса, онда ол дауыстының тілдің көлденең қалпына байланысты қалпын бір сөзбен

(белгімен) бере алмаймыз. Ол үшін дауыс-тының құрамындағы бірінші және екінші сыңарларының басын ашып алу керек.

Сонан соң барып, бірінші сыңарын өз алдына, ал екінші сыңарын өз алдына сипаттап шығу керек. Сонда ға-на оның

тілдің тік қалпына қатысты белгісі шығады»,- деген А.Жүнісбектің пікірі сауалға толығымен жауап береді..
Қазақ дауыстыларын жа лаң-құранды деп жікте-генде ғана дауыстылардың құрамы орнықты болып
шығаты-нын К.Хұсайынов, Т.Кеншибай, Ж.Нәзбиев, З.Базарбаева, А.Фазылжановалардың соңғы зерттеулері де
көрсетіп отыр.
Дәстүрлі қазақ фонетикасында құранды (дифтонг) О, ө, Е дауыстылары жалаң (монофтонг) дауыстылардың құрамында
қа-растырылып келеді. Соның нәтижесінде олардың жасалым си-паттамалары бірыңғай жалаң дауысты ретінде беріледі.
Кей жағдайда дауыстының алдында сәл ғана өзгеше бір дыбыс бар екендігі аталып, дифтонгоид қатарына жатқызылып та
жүр.

Соңғы фонетикалық зерттеулерде Ә.Жүнісбек аталған да-уыстылардың толық құранды (дифтонг) дауыстылар


екенін дә-лелдеп, оларды жалаң (монофтонг) дауыстылардың құрамынан бөліп алып, өз алдына жіктеген пікірі дұрыс
болып табылады. өйткені практикалық сабақ үстінде де олардың айтылым-есті-лімі аса күрделі екенін көрсетеді.
Аталған дауысты дыбыстар-ды айтқанда олардың жасалымының бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатыны
анық байқалады.
Дегенмен дыбыстардың артикуляциясын, олардың сөз құ-рамындағы естілімін анықтауда қателіктер кеткен. Зерттеуші-
лердің назарынан ешқашанда қазақ тіліндегі дауысты дыбыс құрамы, оның сан мөлшері, дауысты дыбыстардың сипаттамасы
тыс қалып көрген емес.
16



Профессор А.Байтұрсынұлы «..дауысты дыбыс қазақтың нағыз тілінде бесеу...» деп көрсетуі кірме дыбыстар мен кірме


әріптерге қатысты болуы керек. Ол дауысты дыбыстардың жі-ңішке үлгілерін жуан дауыстылардың сыңары деп есептейді.
Сондықтан да қазақ тілінде бес дауысты бар деп отыр. Ал бұлар-дың бәрін қоссақ, қазіргі тоғыз дауыстымыз шығады.
Профессор Х.Досмұхамедұлы да дәл осы пікірді қолдайды: «Қазақ-қырғыз тілінде бес дауысты(бір жіңішке, төртеуі
қос), екі жарты дауысты дыбыс бар». Дыбыстың жалпы санына келгенде А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлының
пікірлері бір жерден шығады. Ғалым «жарты дауысты» деп үнді дауыссыздарды ай-тады. Кейбір үнді дауыссыздарды «жарты
дауысты» деп атау сол дәуірге тән болған.
Е.Омаров пен Қ.Кемеңгерұлының дыбыстарды жіктеуі А.Байтұрсынұлымен жүйелес болғанымен, тек жарты дауысты-
лар құрамына келгенде ғана шамалы айырмашылық бар: А.Байтұрсынұлы жарты дауыстыларға й, у дыбыстарын жатқыз-са,
Е.Омаров пен Қ.Кемеңгерұлы р, л, й, у дыбыстарын жатқызады.
Профессор Қ.Жұбановтың И, У дыбыстары туралы «...латын әрпінің жер жүзілік практикасында ұсталып жүрген u мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет