Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет23/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
Фонетика жєне оныњ салалары-emirsaba.org 2

п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф х, ћ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан
қосыл-ған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар. Осы тұжырымын ол «Строй казахского языка. Фонетика» (1991ж.) деп
аталатын еңбекте одан әрі бекіте түседі (10-бет). Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны сонау Н.Ильминскийден
кешегі 40-жылдар-ға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кейде текстер мен сөздік-терде қ, ғ алынбай, к, г-мен берілетін
жағдайы кездеседі. Сон-дай-ақ й, у (кейде р, л) дыбыстарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы және
басқалар жарты дауысты түрде таныға-ны белгілі.
50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп
кеттік. Жоғарыда Ә.Жүнісбеков шеттеткен в, ф, х, ц, ч дыбыс-тары негізінен орыс сөздерімен бірге баса көктеп келгені анық.
Фонетиканың бас оқулығында академик І.Кеңесбаев: «Орыс гра-фикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, ч, х тәрізді
фонемалар енді», деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын
ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби
тіліне сіңісіп кеткен деуге болады». Қысқасы, орыс тілдеріндегідей айту, жазу өз күшінде тұрған қазіргі тұста в, ф, х, ц, ч
фонемаларын елемеу мүмкін емес. Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір
фонема түрде таны-латын б, д, й, л, й, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбалан-ған: жуан дыбыстармен қатар келгенде бір
басқа, жіңішкелер-мен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында қ, к, ғ, г де бар. Және соңғы төртеу кейінгі
жазулардың көбінде дер-лік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы де тегін болмаса керек. 
Н.Уәлиев мұны былай пайымдайды: «қ мен к фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері.
Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр
түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ
реңктерінің, г фо-немасының ғ, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауысссыздар-дан олардың өзіндік ерекшелігі деуге
болады».
Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й,


к, л, м, н, р, с, т, ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыс-сыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, ћ. Қазақ тілінде бұрын болмаған,
орыс тілінен енген дауыссыздар бесеу: в,ф, х, ц, ч.

Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолда-нуында біршама өзіндік ерекшеліктер бар:


– сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыстар қатар тұрмайды;
20



– л, р дауыссыздары сөз басында кездеспейді;


– сөз соңында ұяң б, г, ғ, д дауыссыздары кездеспейді;
– сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үн-дес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз
жуан, ал жіңішке болса – жіңішке айтылады.
Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын І.Кеңесбаев жеке-жеке фоне-ма деп қарастырса, Б.Тайлақбаев, Ә.Жүнісбек, С.Татубаев
бір фонеманың екі түрлі дыбысталуы деп қарастырады. Соңғы жыл-дардағы экспериментті фонетикалық әдістермен
жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к, г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ, ғ, ң дауыссыздарының
кішкене тіл арқы-лы артикуляцияланатынын көрсетті. Олар осы күнгі қазақ фо-нетикасында тіл арты дауыссыздары деп қате
қарастырылып жүр. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке тү-рі бар (ең, іңір). Жазуда Ћ кездескенмен
айтылуда көбінесе х бо-лып дыбысталады. щ әрпі де орыс тіліндегідей жеке дыбыстың емес, сс, тт, ққ, тәрізді қос шш


дауыссыздарының белгісі: ащы, тұщы,т.б.
Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшелік-теріне қарай үшке жіктеледі:
1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у
ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з
б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, ћ, ц, ч
¦яңдар мен қатаңдарды үнсіздер деп бөлу дәстүрі де кез-деседі.
Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық туғызбайды. Алғашқы
10 әріптің үшеуі (а,ә,е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын
жақ-сы білу керек. Яғни б, в, г, ғ, д, ж, з, п, ф, к, қ, т, ш, с. Үнділер – жетеу. Үш жерде жеті – 21. Қалған дыбыстар (х, ћ, ц, ч)
қатаң-дардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесіне
байланысты. Сонда үнділер дауыс басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң
дауыссыз тек сал-дырдан жасалады. Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана

бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағай
болып кетеді деген сұрақ-тарға нақты жауап беруге болады.
2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады:
а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң
ә) ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, ћ, л, й, у
б) діріл дауыссыз – р
Шұғыл фонемалары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта
жалғасады. Ал ызыңдары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа
біржола үзілмей-ді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.
3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен мынадай топқа бөлінеді:
а) Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м (у);
ә) Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф,в;
б) Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц;
в) Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч;
г) Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й;
ғ) Тіл ортасы (препалаталь) фонемалары: к, г;
д) Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ң, х;
е) Көмей (фарингаль) фонемасы: ћ.
Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (в, ф) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда, екі ерін
біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі тіске
жуысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет