«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар



бет2/9
Дата21.12.2023
өлшемі34,91 Kb.
#141937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұ-emirsaba.org

Практикалық сұрақтар


  1. Лексикалық тіркес пен синтаксистік еркін сөз тіркестерін төмендегі бағанға ажыратып жазыңыз.


Көл жағалай қонады,осы жер, Алматы қаласы, жыл құсымен енеді, қас пен көздің арасында, асықпай сөйлеп ала жөнелді, тонның ішкі бауындай, қара, мәнерлеп оқу, бие сауым уақытта,ерте келді, қос шекті домбыра, аққудың баласындай, қазақтың баласы.



Лексикалық тіркестер


Синтаксистік еркін сөз тіркесі


Күрделі сөздер


Тұрақты тіркес











2. Берілген сөйлемдердің ішінен сөз тіркестерін тауып, бағыныңқы, басыңқы компоненттерінің қай сөз табынан болғанына қарай етістікті және есімді тіркестерді бөліп жазыңыз (бастауыш-баяндауыштық қатынастағыдан басқасы).
1. Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы, бітпейді іштегі, ғашықтық жарасы. 2. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастықтың екеуі қонақ шынтағында жатыр.
3. Сөйлемдерден тіркесімдерді тауып, төмендегідей типтерге топтастырыңыз: 1) предикативті, 2) жартылай предикативті, 3) предикативті емес: а) салалас, ә) сабақтас.
Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты. Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты
Ы. Алтынсарин


4. Сөйлемдерден сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы компоненттерін тауып, басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуына қарай топтастырыңыз.
«Қобыланды» жырының 29 нұсқасы болған. Соның Марабай жырлайтын нұсқасы үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет