«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет11/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

2.Ішкі флексия тәсілі

Ішкі флекция тəсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тəсілдерінің бірі - ішкі флекция тəсілі. Түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тəсілі ішкі флекция деп аталады. Бұл тəсіл –барлық тілдерге емес, тілдердің кейбір тобына тəн тəсіл. Мысалы, түркі тілдері мен фин-угор тілдерінде грамматикалық мағынаны, білдірудің флекция тəсілі жоқ. Бұл тəсіл əсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б) тəн. Мысалы араб тілінде сөздің түбірі тек дауыссыз дыбыстардан құралады да, сол дауыссыздардың аралығына дауысты дыбыстардың енуі арқылы сөз грамматикалық мағынасы мен формасы жағынан түрленіп отырады. Мысалы, араб тілінде үш дауыссыздан құралған к, т, б деген түбір жалпы «жазу» дегенді білдіреді.


Осы түбірден жасалған катиб «жазып отырушы» кітаб «кітап», күттаб «кітаптар», үктүб «жаз» дегенді білдіреді.
Ішкі флекция Герман тілдерінде де кездеседі. Мысалы, неміс тілінде mutter-«шеше»дегенді білдіреді. Mutter-«шешелер». Ағылшын тілінде boot- «аяқ», feet-«аяқтар». Орыс тілінде ішкі флекция көбінесе, бір видті екінші видтен ажырату тəсілі ретінде қолданылады. Мысалы, называть-назвать, собирать-собрать, избегать-избежат.
3.Қосарлану тәсілі

Қосарлану тəсілі. Қосарлану да грамматикалық мағыналарды білдірудің тəсіліретінде қызмет атқарады. Қосарлану тəсілі түркі тілдерінде кең тараған жəне жиі қолданылады. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер жəне қосарлама қос сөздердеп екі үлкен топқа бөліп қарайды.


Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе сол сөздің (небірнеше) дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, жол-жол, қора-қора, тау-тау, биік-биік, көре-көре, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, бетпе-бет, ауызба-ауыз, қолма-қол, үй-үйге, бес-бестен, он-оннан, шай-пай, ет-мет т.б. Əрбасқа екі сөздіңқосарлануынан да жасалады. Мысалы, əке-шеше, ауыл-аймақ, қас-қабақ, жол-жоба, алыс-жақын, алыс-беріс, жүріс-тұрыс т.б.
Қосарлама қос сөздер синонимдес, антонимдес сыңарлардан да құралуы мүмкін.
Күш-қуат, саулық-сайран, ағайын-туысқан, құрбы-құрдас, қауіп-қəтер, бет-жүз т.б.
Антонимдес сөздерден құралған қос сөздер азы-көпті, жақсы-жаман, дос-дұшпан, алыс-беріс, артық-кем т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет