2.Септік категориясы. Əртүрлі тілдерге жəне олардағы есім сөздерге өте-мөте тəн грамматикалық категориялардың бірі-септік категориясы. Септіктер есім сөздердің бір-бірімен қатысын немесе олардың басқа бір сөздерге қатысын білдіру қызметінде жұмсалады. Септіктер арқылы білдіретін əртүрлі қатынастарға, шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастар негіз болады. Септіктіктердің əртүрлітілдерде есімдерге, əсіресе зат есімдерге тəн болуы осыдан.
Сөздік атау септік түрін басқа септіктермен, мысалы, ілік немесе барыс септігі түрімен, салыстырып қарасақ септік жалғауындағы сөздің басқа сөздерге қатысының қандай болатындығы ашық айқын аңғарылады. Мысалы, үй деген сөз ілік септікте есік, терезе немесе басқа бір сөзбен тіркесіп (үйдің терезесі, үйдің есігі) меншіктеуші қатынасты білдірсе, барыс септігінде барамын, келемін деген етістіктер мен тіркесіп (үйге барамын, үйге келемін) бағытты білдіреді. Атау септіктің басқа септіктерге қарағанда дербестігі басы мол басқа септіктердің бəріне де негіз болады. Жанама септіктердің (косвенные падежи) бəрі де осы атау септік түріне тиісті септік жалғауларының жалғаныуы арқылы жасалады. Атау септіктің кейде негізгі септік (основные падеж) депаталыуы осыдан. Сонымен, септік дегеніміз жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұратын жəне бір есім сөздің екінші сөзге немесе етістікке қатысын білдіретін грамматикалық категория.
3.Жақ категориясы. Грамматикалық категориялардың ішінде дүние жүзіндегі тілдердің басым көпшілігіне тəн соларға ортақ категориялардың бірі жақ категориясы.
Грамматикалық жақ категориясы іс-əрекеттің қай жаққа (кімге немесе неге) қатыстыекенін білдіреді. Іс-əрекет сөйлеуші жақ, тыңдаушы жақ немесе бөгде жақтың бірі арқылыжүзеге асады. Жақ категориясы əртүрлі тілдерде бірінші жақ, екінші жақ, жəне үшінші жақтың грамматикалық мағыналары мен формалары арқылы таңылып, олар арқылы көріне алады. Іс əрекеттің субъектіге қатысы үш жақтың бірінен беріледі. Осыған орай,жақ категориясы етістіктерге тəн категория болып саналады. Жақтың мағына белгілі бір аффикстер арқылы көрінеді ондай аффикстер жіктік жалғаулары деп аталады. Жақтың форма жақтық мағынаны ғана емес, сонымен бірге жекелік немесе көптік мағынаны да білдіруі мүмкін (мысалы, бардым, бардық, барамын, барамыз).