Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Бал тамған тілден у да тамады. Әншейін ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас. Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді. Ағын суда арамдық жоқ. Көрдім- көп сөз, көрмедім- бір сөз. Шегірткеден қорыққан егін екпес т.б.
|
Мысалы, Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.Атың барда жер таны, шауып жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп т.б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мысалы, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады дегенде құстың ұшып – қонуын ойлаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір – тіршілік туралы ойлаймыз.Құсты ұшырып- қондырып тұратын оның қанаты мен құйрығы болса, сол сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір – бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды деген ойға келеміз. Мақал – мәтелдер жайдан – жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады.
|
|
Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал – мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс - әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір – біріне қарсы қойып салыстырады.
|
|