Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Қазақлексикасындағыкірмесөздердіңтілімізгеенужолдарынахронологиялық карта жасаңыз, өзсипаттамаңыздыберіңіз



бет23/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

31. Қазақлексикасындағыкірмесөздердіңтілімізгеенужолдарынахронологиялық карта жасаңыз, өзсипаттамаңыздыберіңіз.

Кірме сөздер туралы түсінік


Кірме сөздердің ену жолдары


Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.


Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся,

Кірме сөздердің ғылымилығы, ғылыми стильге тәнділігі, ғылыми-кәсіптік және ғылыми-техникалық тілге тәуелділігі, олардың халықаралықтылығы, ішкі формаларының түсініксіздігі, формальды белгілерінің болуы және тағы басқа олардың қолданысындағы ерекшеліктерін танытады. Өзге тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Кірме сөздерді қабылдағанда, оның ішкі формасы, дәлелдемесі ұмытылады. Қабылдаушы тілде бұл тәрізді сөздердің қандай морфемалардан құралғаны, қалай пайда болғаны, әдетте, еске алынбайды. Дегенмен, кірме сөздер тіліміздің ішкі заңдылықтары мен нормаларына бейімделе отырып сан алуан өзгеріске ұшырайды. Кірме сөз құрамындағы қазақ тіліне жат дыбыстар онымен ұқсас дыбыстармен алмастырылады. Кірме сөздер әдеби тілде, ауызекі сөйлеу тілінде, сленгте, арго, жаргондарда жиі кездеседі. Кез- келген тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Ауызша енген кірме сөздерге тән ерекшелік сол- олар қабылдаушы тілдің дыбыстық заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сәйкестендіріледі. Мысалы, орыс тіліндегі волость деген сөздің қазақ тіліне енгенде болыс болып өзгерілуі қазақ тілінің ол сөзді өзіне тән дыбыстық ерекшеліктеріне икемдеп игеруінен. Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасында да сөз ауысу тек біржақты ғана емес, екіжақты болып отырған. Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми-техникалық, әдебиет пен өнер т.б. арқылы енген және солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Олар тек лингвистика саласын қамтып қоймай, әр түрлі салаларда кеңінен етек жаюда. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мәніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай және жиі қолданылатын сөздерге айналды. Мысалы, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл әлемге таралып, әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр. Жазбаша түрде енген сөздерге тән қасиеттің бірі – олардың басым көпшілігі өзінің дыбысталу түрін сақтайды. Қазақ тілінде сөйлейтін халықтар өзге тіліден енген термин сөздердің ағылшынша дыбысталуын сақтап айтуды көздейді. Өзге тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Мұнымен бірге, басқа тілдік сөздердің кейбіреулерінің құбылып, мағынасын өзгертетіндері де болады. Кейбір көп мағыналы сөздер басқа бір тілге ауысқанда, әр түрлі мағынасында емес, белгілі бір мағынасында ғана ауысуы мүмкін.


Осы мәселе туралы зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қазақ тіліндегі кірме сөздерді:
а) араб, парсы тілінен енген сөздер;
ә) орыс тілінен енген сөздер;
б) моңғол тілінен енген сөздер;
в) түркі тілдерінен енген сөздер – деп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет