Бұл — тілдегі болатын сөздіктердің ең көлемдісі және сөз байлығын есепке алуда, сөздердің мағыналарын анықтауда ең маңыздысы деуге болады. Тілдегі бар сездер алфавит тәртібімен беріледі де, әрбір сөздің неше түрлі мағынасы болса, сонша сөйлемдер алынып, сөздің мағыналары түсіндіріледі. Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің алғашқы үш томы шықты.
2. Этимологиялық сөздік
Бұл — бір тілдегі сөздердін осы күнгі тұлғасы- ның қалай пайда болғандығын, шығу төркінін белгілі мысалдармен талдап түсіндіретін сөздіктің түрі. Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасалуы, шығуы жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді. Сөздіктің бұл түрі қазіргі қазақ тілінде соңғы жылдарда ғана жасалып жатыр.
3. Терминологиялық сөздік
Белгілі тілдегі қолданылып жүрген әрбір ғылым саласындағы термин сөздерді есепке алатын сөздіктің түрін термино-логиялық сөздік дейді. Терминдер әр салалы болатындықтан, сөздіктің бұл түрі бір кітап
болып шықпай, ғылымның әр саласының терминдері өз алдына бөлек сөздік болып, бірнеше кітап түрінде шығуы да мүмкін. Терминоло-гиялық сөздіктер қазақ тілінде шыға бастады. Қазір қолданылуда жүрген терминологиялық сөздіктің он шақты кітабы бар. Бұл сөздіктерге қазақ тілі-нде термин ретінде ұсталып жүрген қазақтың байырғы сөздері де, орыс тілінен енген сөздер де, халықаралық терминдік сөздер де кіреді.
4. Орфографиялық (емлелік) сөздік
Белгілі тілде сауатты жазу үшін емле- лік ережелердің жинағының болуы жеткіліксіз. Тілдегі қолданылып жүрген алуан түрлі сөздердің жазылуын емлелік, орфографиялық ережелерге сыйғы- зу мүмкін емес. Сондықтан бірқатар сөздердің қалай жазылатындығы сөздік- те ғана беріліп, сол арқылы дұрыс жазу дағдысы тұрақталуға, қалыптасуға тиіс. Сөйтіп, тілдегі көп қолданылатын сөздердің дұрыс жазылу үлгісін алфавит тәртібімен белгілі кітапқа тізіп берілген сөздіктің түрін орфографиялық (емлелік) сөздік дейді.