Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Фразеологизмдердің басты белгілері мен түрлеріне сипаттама жасаңыз, концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз



бет53/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

69. Фразеологизмдердің басты белгілері мен түрлеріне сипаттама жасаңыз, концептуалды кестеге түсіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз.

Фразеологизм дегеніміз – тұрақты сөз тіркесі. Ол екі немесе одан да көп сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, ауыспалы, бейнелі мағынаны білдіретін сөз тіркестері болып табылады.


Ғылыми еңбектерде фразеологизмдерге үш түрлі белгі тән екендігі айтылған:


  1. тіркес тұрақтылығы;


  2. мағына тұтастығы;


  3. қолдану тиянақтылығы.


Фразеологизмдер қолданыста дайын күйінде жұмсалады. Тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, фразеологиялық мағына сол сөздердің жалпы жиынтығынан келіп шығады. Сөйтеді де бір ғана мағынаны білдіреді.


Мысалы, төбе шашы тік тұру – қорқу деген мағына білдіреді. Бұл тұрақты сөз тіркесі ретінде бір мағынада қолданылады, сөздердің орнын ауыстыра алмаймыз, үнемі бірге жүреді. 

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі.








Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.


Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір – бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.


Фразеологиялық бірлік.


Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Мысалы, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз

Фразеологиялық тізбек


Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек,көк жұлын,аш бүйір т.д.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет