14. Сөздің шығу тегіне байланыстытуған лексикалық мағыналары, түрлері, ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз. Мұндай мағыналар қатарына сөздің түпкі мағынасы,туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік,антонимдік мағыналар жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз.Түпкі мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді,себебі түпкі мағынада туынды мағынадағыдай басқа бір мағынаның әсері,қатысы сезілмейді.Мысалы:күн,таң,жаңбыр,өзен,бар,кел.
Мәселен,қырғыз тіл білімінің маманы Б.М.Юнусалиев ұйқы сөзі осы мағынаны білдіретін үй-етістік түбіріне -қы жүрнағы қосылу арқылы шыққан.
Туынды мағына – басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Сол себепті туынды мағына сөзжасам процесімен тікелей байланысты.Туынды мағына өзін тудырған сөздің алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді.Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш,буландырғыш,булы,булық деген сөздер туындаған.
Лексикалық құрамның толығып,сөздің ішкі мағынасының дамып отыруына байланысты туған синонимдік,омонимдік,антонимдік мағыналар да лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады.
Синонимдік мағына -екі не одан да көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығынан туған (ес-ақыл, жынды – нақұрыс);
Омонимдік мағына - іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бірдей тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) - бақыр (ұсақ ақша),от (жалын) – от (жердің шөбі);
Антонимдік мағына- бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-бірне кереғарлығынан туған мағына (келу – кету, қатты - жұмсақ ).
15. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары,түрлері, жасалу жолдарын мысалдармен дәйектеңіз. Тіркесу сипатына байланысты еркін және байлаулы мағыналары жатады. Сөздің еркін мағынасы оның анықтауыш(тура) мағынасының негізінде пайда болады. Атауыш мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады.Мәселен,жас адам,жас ағаш,жас бала,жас ет,жаңбыр жауады,қар жауады,бұршақ жауады лексикалық тіркесімділік әрі логикалық,әрі ішкі семантикалық үйлесімділікке негізделген.Сөздің тура мағынада өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі мол болғанымен,кез келген сөзбен байланысқа түсе бермейді. Демек,сөздің басқа сөздермен тіркесімділігі,үйлесімділігі тек заттық-логикалық қана емес, лексика-семантикалық ішкі заңдылықтармен де байланысты.