9.Семасиология,оның мақсаты,зерттеу нысаны,зерттелуі бойынша хронологиялық карта жасаңыз. Семасиология (гр.semasia — мән,мағына + logos — ілім сөздерінен)
сөздердің мағыналық құрылымын зерттейді.Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар.Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады.
Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды,ал түркологияда ол өте кенже пән болып саналады.Сол үшін де семасиологияның негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген.Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді.Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар.Ол — түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында.Мысалы,семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік.Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік беретіні,оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып, айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Негізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын біріктіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі — олардың екеуі де объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракциялау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның ең басты айырмашылығы — олардың абстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында.
10.Сөз – лексикалық бірлік ұғымын кеңінен ашып, мысалмен дәйектеңіз. Сөз-тілдің,оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды,олардың қасиеттерін,шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі,дербес бөлшегі болып табылады.Сөз жеке тұрып та,басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,ұрпақтан-ұрпаққа таралып отырды.Сөздің осы қасиеті оның лексикалық бірлік екендігін көрсетеді.Негізгі лексикалық бірлік болуының басты сипаты сол тілдің фонетикалық,семантикалық,грамматикалық белгілері арқылы анықталады.