Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Біріншіден,сөздің бәрі дыбыстардан жасалады.Дыбыссыз сөз жоқ.Сөз-дыбыстық құрылымның жиынтығы.Мәселен,адамның,жан-жануардың көру мүшесін атап білдіретін көз



бет9/25
Дата21.12.2023
өлшемі112,47 Kb.
#141942
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

Біріншіден,сөздің бәрі дыбыстардан жасалады.Дыбыссыз сөз жоқ.Сөз-дыбыстық құрылымның жиынтығы.Мәселен,адамның,жан-жануардың көру мүшесін атап білдіретін көз деген сөз к,ө,з фонемаларының бізге белгілі жүйеде тіркесіп берілуі арқылы жасалып тұр.
Екіншіден,сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,зат,құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті,қоғамдық дәрежеде қалыптасып,қауым таныған ұғымды(мағынаны) білдіреді.Мысалы,мал,қол,үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр.
Сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі болып табылса,ал ұғымды білдіріп мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді.Мағынасыз сөз жоқ.Сөздер бір-бірінен осы қасиеттері арқылы ажыратылады.


11.Ұғым және сөздің өзара байланысын салыстырып (ғалымдардың пікірлерін қосып),өз тұжырымыңызды жасаңыз.Мысалдармен дәлелдеңіз.


Ұғым

Мағына

Анықтама


Ұғым деп заттардың белгілерін бейнелендіретін ойлау формасын айтамыз. Яғни ұғымда мәндік белгі болуы қажет.


Ал сөз ұғымның тілдік қабығы. Сөз зат пен құбылыстың атын,түр-түсін,сапалық белгісін,амалын,қимыл-әрекетін таңбалаушы мағыналық-құрылымдық бірлік.


Ғалымдардың пікірі


Ф.Энгельстің пікірінше ұғым дегеніміз ойлау


Эньгельстің ойымен толық келісемін себебі ұғым арқылы адам ойлайды.Ой болмысты бейнелейді.Ал ойлау арқылы адам болмысты танып біледі.

М.Горький пікірінше сөз барлық фактілер мен ойдың киімі.


Біз сөз арқылы өзіміздің ойларымызды сыртқа білдіре аламыз.Сол себепті сөз ойдың пікірі деп айта аламын.

Олардың айырмашылығы:Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.


Олардың байланысы:сөз болған жерде ұғым бар.Мысалы,«адам» деген сөзді алып, ұғым ретінде жалпылық мәнге иелендіруге болады.Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар,кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет