Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Сөзжасамдық единицилар. Сөзжасамдық ұя



бет8/50
Дата21.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141967
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Сөзжасамдық единицилар. Сөзжасамдық ұя.
1.Сөзжасамдық бірліктер.
2.Сөзжасамдық ұя.
3.Сөзжасамдық жұп.
4.Сөзжасамдық тізбек.
5.Сөзжасамдық тарам.
6.Сөзжасамдық саты.
Синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің сөздік қорын байытуда өте үлкен қызмет атқарады. Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз жасалғанын анық көрсетеді.
Қазақ тіліндегі «сөзжасамдық ұя» мәселесін зерттеу 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады. Бұл еңбекте:
«Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады».
Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негізін салған А.Н.Тихонов болған. Ғалымның сөзжасамдық ұяға арналған сөздігі бар.
В.А.Белошапкованың редакторлығымен шыққан «Современный русский язык» атты еңбекте сөзжасам жүйесінің комплекстік бірліктеріне : сөзжасамдық жұп (словообр-я пара), сөзжасамдық тип (словооб-й тип), сөзжасамдық категория (словообр-я кат-я), сөзжасамдық тізбек (словооб-я цепь),сөзжасамдық парадигма ( словооб-я пара-ма),сөзжасамдық ұя (словооб-я гнездо)- деген ұғымдарды жатқызған.
«Словообразовательные цепи и парадигмы являются составными частями найболее сложной и многочленной единицы словообразования – словообразовательного гнезда.
В своей совокупности цепи и парадигмы и являются тем строительным материалом гнезда, который позволяет вскрыть его сложную иерархическую организацию. Словообразовательное гнездо - это иерархически организованная, упорядоченная совокупность всех производных базового слова».
Сөзжасамдық ұяның құрамына бір негізгі түбірден өрбіген барлық туынды сөздер жататын болғандықтан ,олардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туындылары түбірлес сөздер болып саналады. Сонда әр ұяның өзіндік түбірле сөздері бар.
Түбірлес сөздер дегеніміз бір негізгі түбірден өрбіген түбірлес сөздердің жиынтығы.Ал сөзжасамдық ұяның құрамын бір негізгі түбірден тараған түбірлес сөздер құрайтын болғандықтан , әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрады яғни әр сөзжасамдық ұяның өзіне ғана тән түбірлес сөздері болады. Құрамы жағынан бір сөзжасамдық ұяда бір ғана негізгі түбір сөз болады, ұя мүшелерінің басқалары туынды түбір сөз болып келеді. Ұядағы бір негізгі түбір – ұяның түп қазығы, ол ұяның жасалуында түп негіз қызметін атқарады. Оны ұя жасаушы сөз деуге болады.
Сөзжасамдық ұя сөз табына бағынышты, байлаулы емес. Сондықтан сөзжасамдық ұяны белгілі бір сөз таптарының құрамына жататын құбылыс ретінде қарауға болмайды. Сөзжасамдық ұялар сөз таптарынан тыс тұратын құбылыс, бірақ ол түрлі сөз таптарының толығуына, баюына қызмет етеді.
Сөзжасамдықұяның ең кіші мүшесі – сөзжасамдық жұп, ал сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектен орын алады. Бұлар сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелері. Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп отырады. Сондықтан сөзжасамдық сатысыз сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя болмайды. Ал ұядағы сөзжасамдық тізбектің саны сөзжасамдық тарам арқылы көбейеді. Сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрылымын құрайды, сөзжасамдық ұяның жүйесін жасайды. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар,оны құрайтын тұрақты мүшелері бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі бір тәртіппен орналасады, олар бір-бірімен байланысты, бұл оның жүйелі құбылыс екенін көрсетеді.
Сөзжасамдық жұп.
«Простейшая из комплексных единиц – словообразовательная пара: соотношение производной и производящей основ : белый-белить; сахар-сахарница; артист-артистка; чернила-чернилица»-делінген қазіргі орыс тілі атты еңбекте.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Мысалы : пай-пайшы ; пән-пәндес; пән-пәндік.
Осында пай- дегенде 1 сөзжасамдық жұп, пән- дегенде екі сөзжасамдық жұп бар.
Неіз сөзбен туынды түбір сөздің жиынтығы сөзжасамдық жұп деп аталады. Сөзжасамдық жұп негіз сөзбен одан жасалған туынды түбір сөзден ғана құралатындықтан олардың мағынасы байланысты болады. Яғни жұп тек мағынасы байланысты сөздерден құралады. Мәселен : ұш-ұшақ деген жұптарда ұшу қимылын жасайтын заттың ұшақ деген аты жасалған. Ал ұш-ұшқыш деген жұпта ұшу қимылын жасайтын маманның аты-ұшқыш сөзі жасалған.
Сөзжасамдық жұптың құрамындағы сөздердің әрқайсының өзіндік қызметі бар. Сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары сөз тудырушы да, екінші сыңары одан туған туынды сөз. Ол туынды сөз бірінші сыңардан сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған. Сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары болу үшін, ол сөздің лексикалық мағынасы болу- міндетті шарт. Тұлғасы жағынан ол негізгі түбір де, туынды түбір де бола береді.
Сөзжасамдық жұптың құрамы екі сөзден құралады. Ол сөз тудырушы негіз және одан жасалған туынды сөз. Сөзжасамдық жұптың құрамының үнемі екі сөзден құралуына байланысты ол сөзжасамдық жұп деп аталған.
Тіл-тіле; тіле-тілек; тілек-тілектес, тілектес-тілектестік.


Қорыта келгенде сөзжасамдық жұптардың сөзжасамдық ұядағы орны сөзжасамдық тізбек екені анықталады. Сонда сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің ең кіші мүшесі. Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық ұя орыс тіл біліміңде зерттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле бастады. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі 20-30 жылдан бері өнімді зерттеліп келеді. Онда сөзжасамдық тізбектің анықтамасы берілді, сөзжасамдық ұя, оның құрылымы мен мағынасы, сөзжасамдық ұяның мүшелері толық зерттеліп, теориялық негізі қаланды. Сөзжасамдық ұя бойынша үлкен сөздікте жарияланды. Қазақ тіл білімінде сөжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде аталған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлағыш;зар-зарла-зарлағыш. Сонда тізбектегі түп негіз сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны анықталды. Бұл екеуі де - сезжасамдық тізбектің негізгі мүшелері. Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп морфемалы болып келе береді. Мысалы, ал-алым-алымды, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі деген екі тізбектің алғашқысының құрамындағы түп негіз -ал бір морфемадан тұрады, ал осы тізбектің туындылары алым -екі морфемалы, алымды - үш морфемалы сөз. Екінші тізбектегі түп негіз сөз - бөл - бір морфемалы сөз, ал осы тізбектегі бөлім - екі морфемалы, бөлімше - үш морфемалы, бөлімшелі - төрт морфемалы сөз. Бұдан тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болып, қалған мүшелері екі не одан да көп морфемалы сөз болатыны анық көрінді. Мүның себебі тізбектің құрамында бір ғана негізгі түбір сөз болады, қалғандары туынды түбір сөздер болады. Ал туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, ол сөз құрамындағы морфеманың санын арттырады. Ал тізбекте бір туындыдан екінші туынды жасала беретіндіктен, ондай туындылардың морфемдік саны көбейе береді. Мысалы, ек-егін-егінші-егіншілік деген тізбектегі туындылардың морфемдік саны барған сайын артып отырғаны байқалып тұр. Ондағы егін- 2 морфемалы, егінші - 3 морфемалы, егіншілік - 4 морфемалы туынды сөз. Әр туынды сөзді жасаушы жұрнақ туынды сөздің морфемдік құрамын өсіріп отырады, сондықтан туынды сөздердің морфемдік құрамы негіз сөзден көп болады. Бір тізбекте бірнеше туынды сөз болған жағдайда тек негізгі түбір сөзден жасалған туынды түбір сөз ғана екі морфемалы туынды сөз болады да, қалған туындылар көп морфемалы туынды сөздерге жатады. Туынды сөздердің құрамындағы морфемалар да түрліше. Олар: негізгі морфема және көмекші морфемалар. Тізбектегі туынды түбірлердің құрамындағы негізгі морфема - түп негіз сөз, көмекші морфемалар - жұрнақтар. Анығырақ айтқанда, тізбектегі туынды сөздердің бәрінің құрамында тізбектің түп негіз сөзі үнемі орын алады да, оған түрлі жұрнақтар қосылып отырады. Мысалы, жи-жиын-жина-жинал-жи-налыс деген тізбекте 4 туынды сөз бар. Сол 4 туынды түбір сөздің құрамына да жи түп негіз сөзі қатысқан. Бұл зандылық барлық сөзжасамдық тізбекке ортақ. Ол осы туынды сөздердің бір түбір сөзден тарағандығын, жасалғандығын білдіреді. Мұндай бір түбір сөзден жасалған туынды түбірлер түбірлес сөздер болып саналады. Олай болса, сөзжасамдық тізбектің құрамындағы туынды сөздер бір түп негіз сөзден жасалғандықтан, олар түбірлес сөздер болып саналады. Сондықтан сөзжасамдық тізбек тек қана түбірлес сөздерден құралады. Бұл белгі сөзжасамдық тізбекке берілген анықтамалардың бәрінде дерлік ескерілген, өйткені бұл - сөзжасамдық тізбектің негізгі белгілерінің бірі. Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның мүшесі, бір бөлігі. Ал сөзжасамдық ұяның құрамында тек қана түбірлес сөздер болады. Өйткені сөзжасамдық ұяда тек қана бір түп негізден жасалған туынды сөздер ғана болады. Олардың бәрі бір түп негіз сөзден жасалғандықтан, сөзжасамдық ұяда тек түбірлес туынды сөздер ғана болатыны түсінікті. Олай болса, сөзжасамдық ұяның құрамындағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздер болатыны анық. Бір сөзжасамдық ұядағы сөздер түбірлес сөздер болса, оның құрамындағы сөзжасамдық тізбек те түбірлес сөздерден құралады. Тізбек бірінен-бірі туындайтын туындылар болса, олардың түбірлес сөздер болмауы мүмкін емес. Сондай-ақ бір сөзжасамдық ұядағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздерден құралады, яғни бір сөзжасамдық ұядағы түрлі тізбектердің құрамындағы туынды түбірлердің бәрі түбірлес сөз болып табылады, Сөзжасамдық тізбектің құрамында қанша сөз болса да, олардың бәрі бірімен-бірі мағыналық байланысы бар сөздер. Бұл – сөзжасамдық тізбектегі сөздердің бәріне қатысты заңдылық, сондықтан сөзжасамдық тізбектің құрамында мағыналық байланысы жоқ сөз болуы мүмкін емес. Ал оның өзіндік себебі бар, сөзжасамдық тізбектің құрамындағы сөздердің бәрі бір түп негіз сөзден туындаған сөздер, яғни олар түбірлес сөздер. Түбірлес сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз бар, оның мағынасы басқа туынды сездердің мағынасына арқау, өзек болған, сондықтан ол мағына өзгеріске түскенімен, оның мағынасы мүлдем жойылмайды. Мысалы, көр-көрім-көрімдік деген тізбекте көр етістігінен екі туынды зат есім жасалған. Осы туынды зат атаулары көру қимылының негізіндегі заттық ұғымды білдіреді. Сондықтан тізбектегі үш сөздің мағынасы байланысты. Сөзжасамдық тізбек белгілі бір сөзжасамдық ұяның мүшесі, яғни белгілі бір сөзжасамдық ұяның құрамында оның орны бар. Ал сөзжасамдық ұяда тек түбірлес сөздер ғана орын алатындықтан, бір сөзжасамдық ұядағы тізбектердің бәрі бір-бірімен мағыналас болады. Өйткені сөзжасамдық ұяда тек қана мағыналас сөздер орналасады. Сондықтан бір сөзжасамдық ұяның құрамындағы тізбектер мағыналас болмауы мүмкін емес. Ал сөзжасамдық тізбектер түрлі сөзжасамдық ұяның мүшесі болса, олар бірімен-бірі мағыналас бола алмайды. Мысалы, кел-келіс-келісім-келісімді-келісімділік; бақ-бақша-бақшалы; бал-балгер-балгерлік. Бұл мысалда 3 сөзжасамдық тізбек берілді. Олар үш түрлі сөзжасамдық ұяға жатады, сондықтан олар бір-бірімен мағыналас емес. Ал тізбектердің бәрінің құрамында оны аяқтаушы сөз бар, олар туынды сөздер. Бірақ әр тізбекті аяқтаушы сөз әр түрлі, тізбекті аяқтаушы сөз тек бір тізбекке ғана қатысты. Мысалы, біл -> білім —> білімді —> білімділік; біл —>білгір -> білгірсі —> білгірсін; біл —> білім —> білімдар —> білімдарсы деген 4 сөзжасамдық тізбекті алайық. Бұлар - бір сөзжасамдық ұяның тізбектері. Сондықтан олардың түп негіз сөзі - біл осы тізбектердің бәріне ортақ. 4 тізбектің бәрі біл түп негіз сөзден басталған. Бірақ әр тізбекті аяқтайтын сөз әр түрлі. 1 - тізбек білімділік туынды сөзіне аяқталған, 2 - тізбек білгірсін сөзіне, 3 -тізбек білімпаздық сөзіне, 4 - тізбек білімдарсы сөзіне аяқталған. Бұл мысалдар бір сөзжасамдық ұяның тізбектерінің түп негіз сөзі бір болғанда да, олардың аяқтаушы сөзі түрлі болатыны анық дәлелдеп тұр. Ол осы тізбектерге ғана емес, тізбек атаулыға тән заңдылық. Бұл заңдылық бір сөзжасамдық ұяның тізбектеріне де, түрлі сөзжасамдық ұяның тізбектеріне де ортақ заңдылық. Сөзжасамдық тізбектің құрамындағы туынды түбір сөздер бір сөз табына да, түрлі сөз табына да қатысты бола береді. Әрине, олардың түрлі сөз табына жататын туынды сөздер болуы жиі кездеседі. Мысалы, өн —> өнім - өнімпаз—> өнімпаздық деген тізбекте туынды затессімдер -өнім, өнімпаздық, туынды сын есім - өнімпаз. Бұл тізбекте туынды зат есім мен туынды сын есім жасалған.

Сөзжасамдық тарам





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет