Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет44/50
Дата21.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141967
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Қосарлау арқылы үстеудің жасалуы
Үстеудің жасалымында бұл - өте өнімді тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы жасалады:
1) негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу: енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі. Мысалы, Ол әрең-әрең сөйлеп отыр (З.Шашкин).

2) негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу: кеше-бүгін. Мысалы, Ол кеше-бүгін келер еді (газеттен).


3) кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу: бүгін-ертең. Мысалы, Ол бүгін-ертең келіп қалар (С.Мүканов).
4) туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді, ілгері-кейінді-Мысалы, Кешелі-бүгінді келер деген хабар тосудамыз (С.Мұқанов).
5) негізгі түбір+туынды түбір: жол-жөнекей, көш-жөнекей. Мысалы, Болған жайды жол-жөнекей естіген Бәдігүл солай қарай тартты (Ш.Құмарова).
6) қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай, іп-ілезде, әп-өзір, еп-ерте т.б. Мысалы, Роза тұрғанша, бәрі де әп-әзір боп қалды (Н.Ғабдуллин).
Тіркестіру арқылы үстеу жасау
Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді қызмет атқарады, сондықтан тіркескен күрделі үстеулер бірсыпыра. Күні ертең ел-жұртым екеуімізді екі айырып жібереді (С.Торайғыров). Мұны күні бұрын болжау қиын (М.Тиесов). Бұл - бір қожаның ерте кезде салдырған мешіті (С.Бегалин).
Тіркескен күрделі үстеулер құрамына қарай түрліше:
1) екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер: күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта, әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала, бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте кезде, сәлден соң т.б.
2) үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде бір күн, ертеден қара кешке.
3) идиомаланған үстеулер: кас пен көздің арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа (бола калды), акай жоқ, токай жоқ, апысы кіріп, күпісі шығып, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қаннен каперсіз, томаға тұйық, құлан таза т.б.

Әдебиеттер:
  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.


  2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.


  3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.


  4. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.


  5. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1967.


  6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.


  7. Жұмағұлова Ө.Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы.-Көкшетау: Көкше-полиграфия .2002.115 бет.


  8. Таңсықбаева Б. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеудің сөзжасам жүйесі. КДА. -Алматы.2006.


17 дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет