Қазіргі балалар әдебиеті



Дата03.12.2023
өлшемі24,08 Kb.
#133751
түріБиография
Байланысты:
Қазіргі балалар әдебиеті


Қазіргі балалар әдебиеті
Қазіргі дәуірдегі балалар әдебиеті деп шартты түрде 1956—76 жылдардағы балалар әдебиетін атап отырмыз. Әрине, бұл дәуірдегі балалар әдебиетінің де жанр, тақырып, көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу, әрлы-су ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл кезендегі балалар әдебиеті кеңестік патриотизмнің жоғарғы үлгісін көрсететін кеңес халқынын аса көрнекті қайраткерлері туралы, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысының батырлары туралы биографиялық повестер бере бастады. Бұл жөнінде алдымен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» (1955), Қайнекей Жармағамбетовтің «Әнші -азамат» (1951), Сәуірбек Бақбергеновтың «Талғат» (1950), «Дина» (1957), «Бозторғай» (1960), «Қоянкөзге кұлаған жұлдыз» (1955), Сәйділ Талжановтың «Сейфулланың Сәкені» (1959) атты повестерін атауға болады.
Осы аталған биографиялық повестердің бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мазмұн, тақырып жағынан алғайда, әсіресе Сәйділ Талжановтың «Сейфулланың Сәкені» дегені блографиялық очеркінің мәні ерекше. Қазақстанда-кеңес өкіметін орнатуға бірінші болып қатысқан революционер жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмір жолын жазушы жас өспірімдерге аса сүйсінерлік әрі әсерлі етіп суреттеген, очерктен Отан үшін алысқан қажымайтын, ер жүрек кеңес азаматы Сәкеннің жарқын бейнесін көреміз. Халқымыз құрметтеген ардагер жазушы образы жас өспірім дерімізге үлкен өнеге, үлкен үлгі.
Қайнекей Жармағамбетовтің «Әнші азамат» повесі— Парижде ән салып, дүние жүзі өнерпаздарынын жарысында екінші орын алған атақты әнші Әміре Қашаубаев жайында жазылған шығарма. Бұл повестін негізгі кейіпкері де қазақ халқының данқын, әншілік өнерін жер жүзіне танытқан өнегелі азамат.
Балалар әдебиетімен тек жазушылар ғана шүғылдана бермейді. Балалар әдебиеті тақырыбына өзінік өмірлік тәжірибесін, мамандығы мен кәсібін үлгі ретінде тарту етіп ұсыну үшін барлық мамандықтағы ғалымдар да, педагогтар да, ннженерлер де, әскери адамдар да жазады. Соңғы жылдарда қазақ кеңес балалар әдебиетінде ғылыми-фантастикалық әдебиет кітаптары үлкен орын алып отыр. Бүл балалардын дүниеге маркстік, материалистік көзқарасын қалыптастыру құралдарның бірі болып табылады.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінде ғылыми-фантастикалық тақырыпқа жазу соғыстан кейінгі жылдарда, атап айтқанда, 1957 жылдан бері қарай қолға алынды. Бұл ретте алдымен аталатын геология-минералогия ғылымынын кандидаты, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ақжан Машановтың «Жер астына саяхат» (1957), инженер Медеу Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле» (1959), «Жетінші толқын» (1964), «От пен атом» М. Арыстанов пен Б. Ысқаковтың «Балдырған саяхатқа шықты» (1960), Т. Сұлтанбековтың «Лұқпан — хакім», «Көшпелі алтын», М. Әлімбаевтың «Данышпандың мәйегі» деген әңгімелері мен Адырбек Сопыбековтың «Айра сапар» атты фантастикалық поэмасын атауға болады.
Ақжан Машановтын «Жер астына саяхат» деген әңгімелер жинағы «Алғашқы әңгімелер», «Ұлы тартыс», «Туған жер қазынасы», «Қайтуда», «Жаңа саяхаттар» деп аталатын көлемді бес тараудан тұрады. Бұл тараулардың әрқайсысын тағы да әлденеше қысқа-қысқа тақырыптарға бөлген. Мұнда автор жерден жаратылысын, табиғаттың ұзак ғасырлар бойы өзгеріс құбылыстарының зандары, ескі өмірлердің қалай өзгеріп, жананын қалай дамитынын ғылыми тұрғыдан қызықты етіп әңгімелейді. Кітап мазмұны табиғат тану ғылымдарын сүйіп үйренуге баулиды. Баланы дүние әлемінін мол қазынасымен, құпиясымен, әлі де зерттеуді қажет ететін асыл дүниелердін молдығымен таныстырады. Балаларды соған қызықтырып, осындай мол дүниені іздеп тауып, құпия сырын аша алатын азамат болып шығуына бағыттайды.
Медеу Сәрсекеевтің “Жетінші толкын” атты повесі мен «Ғажайып сәуле» деген әңгімелер жинағы ғылыми және фантастикалық негізге құрылып, техника тетіктерінің таңғажайып әр алуан жүйесінен қызығарлық мағлұматтар береді.
«Балдырған» журналының шығуы бастауыш мектептің I—II класс оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көптеп басылуына игі әсерін тигізді. Журнал бетінен балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар көріне бастады. Егер бұл журналдың алғашқы номері он мың данамен ғана шыққан болса, қазір оның бірнеше жүз мың оқушысы бар. Бұл журнал ата-аналар мен балалар бақшаларын-дағы тәрбиешілерге де өте қажет құралға айналды. «Қазақтың бөбектер әдебиетін өркендетуде «Балдырған» журналынын атқарған айтулы еңбегін мақтанышпен атауға болады. Қазір 1—4 кластардағы «Ана тілі» кітабын ашсаңдар, «Балдырғанда» басылған талай-талай тамаша өлендер мен әңгімелердің окулыққа тұрақты кіргенін көресіндер. Мұндай бақыт кез келген шығармаға бұйыра бермейді»—деген академик жазушы Сәбит Мұқанов.
«Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін одан ары өкрендету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оларға медицналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» деген КПСС Орталык Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінін, 1959 жылғы 21 майдағы қаулысынын балалар әдебиетін өркендете беруде ерекше маңызы болды. КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінің бұл жылдар ішінде балалар әдебиетін өркендету жайында алған қаулы-қарарларында, балаларға дұрыс тәрбие берудің, оларға үнемі қамқорлық жасаудың, біздің елімізде Бүкілхалықтық іс болып саналатыны айтылған. Көп жанрлы кеңес балалар әдебиетінің тақырып молдығы, идеялық мазмұнының байлығы және конфликт проблемасын ашу ісі ерекше айтылған. Балалар әдебиетінде кеңес шындығын типтік образдар арқылы көрсету міндеттері қойылған. Міне, бұл -коммунизмнің болашақ қүрылысшыларын тәрбиелеуде жасалған нағыз әкелік қамқорлық.
Мектепте дене шынықтыру, физкультура оқуы да ерекше орын алады. Қазақ кеңес балалар әдебиетінде осы мәселенің айналасында: Қалмақан Әбдікадыровтың «Қажымұқан» (1955), Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» атты повестері т. б. бар.
Соңғы жылдары балалар әдебиетінде мемлекеттік ішкі тәртіпті сақтайтын милиция қызметкерлерінің ісі жайында жазылған оқиғалы шығармалар да көріне бастады. Бұл жөнінде алдымен Кемел Токаевтың “Таскын”, «Көш-кен үйдің қонысы қайда» (1959) деген екі повесі мен «Көмескі із» деген әңгімесін атауымызға болады.
Бұл кітап жастарды қандай қиыншылықтар болса да жеңуге ұмтылдырып, олардың жігер-кайратын шындауға, әрқашан кырағы, сақ болуға және оңай олжа табарлық жаман әрекеттерден, арзан қолды болудан аулақ жүруге үйретеді.
Балалар үшін түрлі жанрда өндірте шығарма жазып, балалар әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан орта буын акындарымыздың бірі, филология ғылымының кандидаты — Бүркіт Ысқақов. Ол Ұлы Отан соғысының отты жылдарын өз басынан өткеріп, әдебиетімізге қосылған қаламгердін бірі, содан бері онын бірнеше кітаптары жарық көріп, оқырмандар жүрегіне жол тапқан болатын.
Бүркіт Ысқақов әдебиеттің әр саласында қалам сілтегенімен, оқырман қауым оның есімін ең алдымен ақын ретінде біледі. Өйткені Бүркіт творчестзосының салмағы негізінен поэзияда жатыр. Бұған онын «Сенің Отанын» (1959), «Москваны тындаймын» (1962), «Өнерпаз болсаң» (1965), «Кішкене көмекші» (1967), «Сенің өлеңдерің» (1974) атты өлеңдер жинақтары мен «Достық дастаны» поэмасы дәлел бола алады. Ақын өзінін балаларға арналған өлеңдерінде жас жеткіншектердің бойында отаншылдық сезімді оятуға тырысады, оларды білім мен еңбекке баулиды, -үлкендерді сыйлауға, кішілерге кам-қорлық жасауға үйретеді. Сондай-ақ жас окырмандарды ерлік, достық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерге үндейді.
Отан — менің ата-анам, Отан — досың, бауырың, Отан —өлкен, астанаң. Отан — аудан, ауылың,—деп жырлайды ақын. Бүркіт поэзиясы туралы сөз болғанды, ең алдымен онда азаматтың әуен, отаншылдық үннің басым жататынын ескерте кеткен жөн.
Б. Ыскақов — қазақ балалар драматургиясын жасауға және оны дамытуға белсене ат салысып келе жатқан қаламгерлердің бірі. Оның мектеп сахнасына арналған «Екі оқушы», «Түймедейден түйедей», «Ағалық ақыл», «Жаңа жыл кешінде», «Бейбітшілік женеді» атты пьесалары мен инсценировкалары 1948-—1950 жылдары жазылып, «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» газеттерінің беттерінде жарық көрді. Бұл пьесалар қазақ балалар драматургиясынын, алғашқы қарлығаштарының бірі деуге болады. Ал 1959 жылы оның мектеп сахнасына арналған пьесалары «Кішкене театр» деген атпен өз алдына жеке кітап болып басылып шықты. Автордың бұл пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды окиғаларға құрылған. Оларда балалардың бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, адалдық, адамгершілік, ұйымшылдық сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі, ал кейбір балалардын бойында кездесіп қалатын тентектік, өтірікшілік, жалқаулық дөрекілік, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтар әшкереленеді. Бүркіт пьесаларының тағы бір ерекшелігі — бұлардың қайсысының болса да оқиғалары мектеп оқушылары мен пионерлердің өз өмірінен алынған және олардың өз күштерімен өз сахналарына қоюына лайықталып жазылған.
Б. Ыскақов — сонымен бірге халық арасына кең тараған көптеген ән текстерінін авторы, «Дүние жүзілік Демократияшыл жастар гимнінің казақша аудармашыларының бірі. Б. Ысқақов-әндері жас өспірімдердін ай- туыңа оңай, ұғымына жеңіл, көкейіне қонымды, жүрегіне жылы тиетін болып келеді.
Ақын Б. Ысқаковтың елеулі шығармаларының бірі — «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты өлеңмен жазылған ертегісі. 1968 жылы Қазақ ССР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, режиссер Ә. Хайдаров осы шығарманың негізінде осы аттас мультфильм жасап шығарды. Бұл — қазақ киноөнері тарихындағы тұңғыш мультфильм болатын. Фильм көрермендер тарапынан жоғары баға алды, Бүкіл одақтық экранға шықты, одақтық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Фильм негізінен гуманистік идеяға құрылған. Ол зұлымдықты әшкерелеп, ізгілікті уағыздайды, жастарды адамгершілік рухына тәр-биелейді.
Бүркіт Ысқақовтың таңдаулы туындылары — «Сенің Отанын», «Кремль жұлдызы», «Бүгін — Ұлы Октябрь», «Бұл — Ленин бабамыз».
Бар баланы бауыр басын, Сонша жақсы көрген кім? Барлық жерден мектеп ашып, Бақша салып берген кім? Бұл — Ленитн бабамыз, Бұл — Ленин данамыз
Үйімізде, төрімізде Портретте тұрған кім? Кімнің жүзі таныс бізге, Бізге жақын, туған кім? Бұл — Ленин бабамыз, Бұл — Ленин данамыз!
Бүркіт Ысқақовтың бұл өлеңі көп жылдардан бері бастауыш мектептердің оқулықтары мен оқу құралдарынан берік орын альш келеді. Өйткені, Бүркіт шығармалары жоғары идеялылығы мен көркемдік шеберлігінің үстіне, негізінен, мектептердің оқу-тәрбие жүмысындағы педагогикалық талап-тілектеріне толық сай келеді. Балалар бақшасында және бастауыш класс оқушылары мұндай өлеңдерді жаттап алып, ата-аналары алдында және коллектив ортасында мақтайышпен айтады.
Алтын танның аясында Бакытты өскен баламыз, Еркін өмір, шат заманда шырқап әнге саламыз.
«Жас ұрпаққа жақсы әдебиет жасайық»—деген Әбділдә Тәжібаевтың 1961 жылы жазушылар үйымынын пленумында сөйлеген сөзінде: «Ақыл мен ақындық, шеберлік қатар келгенде, дидактика көріктіліктін мазмұнына айналып, өз орнын табады. Ұстаз өз оқушысына өмірден алар орнын көрсетеді. Осының үстіне өлеңмен ақыл беру, оң тілек айту, сәт сапар тілеу — қазақ тіліндегі ең үлкен өнер, көнеден келе жатқан ұлттық дәс-түр»,— деген, еді. Тақырып жағынан жан-жақты, әр алуан салада жазылып отырған көп мәселені қамтыған балалар әдебиеті өлеңдердің өмірден алар орнын көрсетеді. Бірақ қандай тақырыпты камтыса да соның бәрі де көркемдік шеберліктің ең биігінде тұруы тиіс. Өйткені бала табиғаты өзінің ой-санасына, ішкі дүниесіне бірден әсер ететін күшті -де мағыналы сөздер айтылуын қажет етеді.
«Мектеп жасьша дейінгі балаларға ойын-сауық, әзіл боларлық әрі түсінікті, әрі шебер жазылған көркем өлеңдер керек»,— деп еді М. Горький. Соғыстан кейінгі жылдарда өріс алып келе жатқан мысалдар мен күлдіргі сықақ өлеңдер жанры да қазақ кеңес балалар әдебиетінен берік орын алды. Шона Смақанұлы «Тотияйын» (1959), деген өлендер жинағында өзінің қатты қалжың, өткір мысқылымен балаларды көңілді күлкіге бөлеп, оларды мәз-мейрам етеді. Күлкіден айықкан соң, оның ішінде тілі ашылау болғанмен, ойы тәттілеу келген, шындықпен айтылған уытты сөздерге мойын ұсынады. Бұл кітаптар жас өспірімдерге ұсынылған бағалы сый. «Үлкендерге де тамаша эстетикалық сезім беретін ең биік әдебиет —балалар әдебиеті» деген еді Михаил Пришвин. Жоғарыда аталған жазушылардың балаларға арнаған осы туындылары да Пришвин айтқандай жасөспірімдерді эстетикалық сезім тәрбиесіне баулитын елеулі еқбектер.
Балалар әдебиетімен шұғылдану барлық жазушының қолынан келе бермейді. Бұл — әрі қиын, әрі жауапты міндет. Балалар әдебиетімен шұғылданған жазушының өмірлік тәжірибесі мол, балалар арасында көбірек қызмет еткен, балалардың психологиясын жақсы білетін, педагогика ғылымынан мәліметі бар ірі талант болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет