Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар


Білімділік куәсі оқу орнын аяқтау туралы



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі95,97 Kb.
#21162
1   2   3   4
3. Білімділік куәсі оқу орнын аяқтау туралы.

4. Білім алу қорытынды ретінде оқу орнын аяқтау сертификатымен куәландырылады.

Білім беру мағынасына қарай әртүрлі қырынан қарастырылады:

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеяларынан (жан жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алу қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Бұл оқу үрдісі мен оқытушының жұмысына мынадай өзгерістер туғызады: біріншіден, оқушы мен оқытушы оқудың ұйымдастырушысына айналады; екіншіден, мұғалім сабаққа алдынала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші қызметін атқарады.

Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.

Мемлекеттік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаң талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің, педагогикалық тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді.

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі алға қойып отырған басты мәселелердің бірі – педагогикалық технология, яғни білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру.

Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

Бүгінде оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландрып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.

Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Соның нәтижесінде оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді.

Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі. Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет