Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет43/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Үйлесімділік:
Тауфих пен Үміттің бірге Қапшағайға қыдыруы:
«Ертеңінде екеуміз Қапшағайға кетпек болдық. Жаз бойы сонда демалмақпыз.
Қаладан аттап шықпаған Үміт үшін айналаның бәрі таңсық, гүл теріп, көбелек қуып мәз болып жүр. Менің әу бастан қара шаруаға қолым ұсынықты. Арасы құлаш созым дөңгеленіп өскен жас шіліктердің бастарын бір-бірімен айқұш-ұйқыш айқастырып өріп тастадым. Ойпаңның табаны қау боп қақалған түйежапырақ пен қозы көрінбес бидайық екен. Ерінбей жарты шөмеледей пышақпен орып әкеліп, үстін жауып едім, ұядай кәдімгі қос болып шыға келді.»
57. Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен ажал» драмасына композициялық талдау жасаңыз.
«Ажар мен ажал» пьесасы кезінде академиялық театр сахнасында табыспен жүріп өткен,авторды бүкіл- одақтық сыйлық деңгейіне көтерген де осы шығарма. Шығарма шымыр да ширақ жазылған. Жалпы, кейіпкер мінездемелерінің кілтін іздеп табудағы Жүнісов шеберлігі ерекше. Сол характерлерді тауып қана қоймай, олардың сахналық қақтығысын, пікір, ой таластарын пьеса арқауынан алыстатпай, бір деммен бір қолда ұстап отыру аз жүк емес. Оқиға өрбуін жіті бақыламаған кісіге аталмыш пьеса Ажар өмірінің жай ғана хро- никасы болып көрінуі мүмкін. Ал шындығында қаршадай кезінен егде тартқан шағына дейін өмірдің талай тауқыметін бастан кешірген Ажар драмасы қазақ әйелі жүріп өткен қарапайым өмірбаян тізбегі емес. Керісінше, шығармада Ажар өмірі сол кезеңдегі халық тұрмысының айнасы іспетті немесе халық кегі, халық ұмтылысы Ажар жан дүниесінің толысуы сияқты боп да- мып отырады. Жауқазын жастығын жаралаған Атан мырзаға деген Ажардың ыза-кегі пьесаның динамикалық тұрғыда қызғылықты дамуына тамаша әсер етіп отырады. Шыдамның да шегі бар емес пе? Қатерге басын тіге, жалаға тура қараған Ажар Атанды шауып өлтіреді. Бұған дейінгі «тек жауымнан кегімді қайтарсам» деп жанталасқан Ажар әрекетінің шарықтау кезеңі де осы.
Оқиғаның басталуы: Жұматайдың Ажардан кегімді аламын оны өлтірем деген ойы.
Оқиғаның байланысы: Атан мен Қатайдың пасық ойлары,Соқыр кемпірдің сеніміне кіруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет