«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі»



бет1/6
Дата13.11.2022
өлшемі1,91 Mb.
#49733
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі»

«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі»

Орындаған : Озғанбай Асхат

Тобы: 113А

Жоспары

|Кіріспе

|Негізігі бөлім

Халықаралық қатынастар мазмұны

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

|Қорытынды

|Қолданылған әдебиеттер

кіріспе

Қазіргі әлемдік процестер көптеген проблемаларды шешу мемлекеттердің ұжымдық әрекеттеріне байланысты екенін көрсетеді. Халықаралық қоғамдастық халықаралық ұйымдар мен өңірлік ұйымдар шеңберінде өз іс-қимылдарын үйлестіреді, әріптестік пен бітімгершілікті дамытады. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін және халықаралық қақтығыстардың алдын алудың сенімді тетіктерін құру жолындағы халықаралық ынтымақтастық қарқынды дамуда.

Негізгі бөлім

Халықаралық қатынастар-мемлекеттер, халықтар, халықаралық және үкіметтік ұйымдар арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, идеологиялық және өзге де байланыстар мен өзара қатынастардың жиынтығы. Халықаралық қатынастардың мазмұны мен мақсаты мемлекеттер мен мемлекеттер одақтары арасындағы қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен құралдарын табу, әлемдік қоғамдастықтағы мүдделер тепе-теңдігін сақтау болып табылады.

Халықаралық қатынастар белгілі бір бағыттар мен белгілі бір деңгейлерде дамитын халықаралық ынтымақтастыққа сүйенеді. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық екі жақты және көп жақты байланыстар негізінде жүзеге асырылады және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, әскери салаларды қамтиды. Халықаралық, ынтымақтастық, ақпараттық, технологиялық, экологиялық, құқықтық және т. б. сияқты барлық жаңа салаларға тарала отырып, үнемі кеңейіп және тереңдей түсуде. Халықаралық ынтымақтастық халықтар, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет