Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШта) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің ӛзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс әрекеттерінің әртүрлі іс әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сӛздік 130 байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы.
Дәстүрлі оқыту
|
Модульдік оқыту
|
1. Оқытудың мақсаты айқын емес.
2. Оқыту нәтижесі ең соңында белгілі болады.
3. Оқу мәтіндерін жалпылама барлығы толық беріледі.
4. Мұғалім негізгі тұлға, өз пікірін жоғары қояды.
5. Оқушының қызығушылығы төмен, көп белсенділік танытпайды.
6. Мәтінді түсіндіру бір сарында өтеді. Оқушы кейде жалығып, тындамайды, өзіндік ізденіске түспейді.
7. Олардың білімі сабақта ғана тексеріледі.
|
2. Нәтиже белгілі болғандықтан, оқушылар соған жетуге тырысады.
3. Мәтіндер бөлікке, модульге бөлініп көрсетіледі.
4. Мұғалім – бағыт беруші студент пікірін үнемі ескереді.
5. Оқушы өз пікірін білдіруге қорғауға, дәлелдеуге белсенді.
6. Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай меңгереді. Қызығушылық танытып, тұжырымдар, қорытынды пікір айтуға дайын болады.
7. Оқушы білімі әр модульден кейін тексеріліп отырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |