Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр



бет3/10
Дата31.12.2021
өлшемі248 Kb.
#22159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11-Лаб-Web-прог-каз

Лабораториялық жұмыс №2.
Тақырып: WWW қызметі.

Жұмыстың мақсаты: Интернеттің гипермәтіндік құжаттарымен танысу, Opera және Mozilla FireFox браузерлерімен жұмыс істеу, Интернетте ақпарат іздеу.
Қысқаша теориялық мәліметтер
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web – құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.

WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.

HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.

Web–браузерлер HTML тілінде Internet желісіне арнап жазылған Web-сайттар мен Web-құжаттарды парақтап көру, оқу мүмкіндігін береді. Web–браузерлер ішінде ең көп таралғандары Internet Explorer (Microsoft), Opera (Opera Software ASA) және Mozilla FireFox (Mozilla Corporation).

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:


  • құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.

  • HTML тілінің тэгтерін нұсқау ретінде орындау (интерпретациялау), Web-құжаттарды браузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.

  • Web-құжаттарды іздеу жолын автоматтандыруды қамтамасыз ету және бұрында жұмыс істеген Web-парақтарымен қатынас құруды жеңілдету.

  • Басқа интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.

Тапсырмалар




  • Домендік адрестермен танысу;

  • Opera және Mozilla FireFox браузерлері интерфейсімен танысу;

  • Интернетте ақпарат іздеу (www.yahoo.com, www.google.com, www.yandex.ru, www.rambler.ru , www.google.kz, ...).

Әдебиеттер




  1. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.

  2. Снелл Нед. Интернет. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2006. –384с.

  3. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.

  4. Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. –Шымкент: ОҚМУ, 2012. –128 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет