Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастырудың өзекті бағыттар Жоспар


Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі2,98 Mb.
#126439
1   2   3
Байланысты:
12.10.23

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:


мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
білім беру жүйесінің сапалылығы
мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады.

студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:

  • Мотивациялық — болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
  • Бағдарлаушылық — іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
  • Бағалаушылық — іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
  • Мазмұндық-операционалдық — екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану);
  • Еріктілік, зейінді — ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік


Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші 2.Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес 3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады. 4.Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет