Байланысты: Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-emirb.org
Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқиғалар
Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқиғалар.
Орындаған: Жарқынбекқызы Нұрай
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында.

Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер».
Мәдениеттің біртұтас дамуы — қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көзқарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп кәрсетілді. Қазіргі заман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылықтарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырған- дығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күштерінің біріне айнал¬ды. Адамзат санасында қалыптасқан «Шығысты Батысқа қарсы қою» идеясы (Батые — ол Батыс, Шығыс — ол Шығыс, сондықтан да олар бір-біріне үйлеспейді) қалыптасқан жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас сөзсіз біртұтас «жалпы-адамзаттық мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің» негізінде Батые Еуропа- да нарықтық экономиканы қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше мән берген болатын. Оған дәлел — нарықтық экономиканың әрекеті мен жер шарындағы мемлекеттердің мәдени айырмашылықтары жайында жүргізілген белгілі ғалым Хофстедтің классикалық зерттеулерінің қорытындылары болып табылады. Бүл қорытындылар дүниежүзінің 100 еліндегі трансұлттық компанияларының қызметкерлерінің арасында жүргізілген сұрақ-жауаптарға негізделген. Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
http://emirb.org