Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі
Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады.

Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам.
Даралық - бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.
Ынталандыру әдістері
Мақтау
Жазалау
Жарыс
Мақтау – тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сосын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.