Байланысты: ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
«Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ мұғалімдер педагогикалық колледждің оқу-тәрбие үрдісінде «E-learning» электрондық оқытуды енгізу арқылы АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланса, онда техникалық және кәіби білім беру жүйесінде білім сапасы артады, өйткені «E-learning» болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың «E-learning» электрондық оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін нақтылау;
болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және құрылымдық моделін жасау;
болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруды эксперименттік- тәжірибе жолдармен тексеру және нәтижесін анықтау;
болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы: педагогикалық оқу орындарында «E-learning» электрондық оқытуды енгізу арқылы АКТ-ны пайдалану болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы, адамды ең жоғары құндылық ретінде танитын тұлғалық бағдарлы білім беру тұжырымдамалары, ғылыми танымдағы теория мен практиканың бірлігі мен диалектикалық өзара әсері қағидасы, педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістерінің негізгі ережелері, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, ақпараттық үрдістерді білім беру жүйесіне енгізудегі танымдық процестер мен философиялық көзқарастар, АКТ арқылы оқыту үрдістерін дамыту жолдары, ақпараттық құзыреттілікті дамыту теориясы, оқытудың ақпараттық технологиясының мәні және оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.
Зерттеу кезеңдері:
1- кезеңде (2007-2010жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, АКТ-ны ТжКБ жүйесіне қолдану мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалынды. Талдау негізінде АКТ-ны пайдаланып болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту мүмкіндіктері айқындалды. Педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге және ғылыми еңбектерге талдау жасалына отырып, зерттеу жұмысының тақырыбы және ғылыми аппараты анықталды.
2-кезеңде (2011-2014жж.) АКТ-ны пайдалануға байланысты жүргізілетін арнайы курстың оқу жоспарлары, «Экономика негіздері» оқулығы, «Экономика негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары, электрондық әдістемелік құралдар құрастырылып, оқу бағдарламалары, педагогикалық мүмкіндіктері зерделеніп, нәтижелері мен тиімділігі талданды. АКТ-ны пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту моделі құрастырылып, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеу нәтижелері бойынша болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған АКТ-ны оқу үрдісіне пайдалану жолдары туралы әдістемелік материалдар құрастырылып, жетілдірілді. Зерттеу жұмысының әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді. Жұмыстың қорытындылары негізінде әдістемелік құралдар мен арнайы курс бағдарламалары жасалды, диссертацияның рәсімделуі аяқталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
республикалық деңгейде педагогикалық колледж студенттеріне арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Экономика негіздері» оқулығы, «Экономика негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары, электрондық әдістемелік құралдар құрастырылып облыстық деңгейде тәжірибеге енгізілді;
«Бiлiм беру үрдісiне АКТ енгiзу», «Экономика негіздерінен АКТ қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыптарындағы арнайы курстардың оқу бағдарламалары құрылды;
АКТ-ны жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мақсатында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауға арналған курстардың бағдарламалары құрастырылып, сынақтан өткізілді.
АКТ-ны пайдалану арқылы ұйымдастырылатын педагогикалық колледждегі сабақтар мен электронды дәрістер жинағы және оған сәйкес таңдап алынған қолданбалы программалық құралдарды әдіскерлер, білім беру мекемелерінің басшылары мен барлық пән мұғалімдеріне пайдалануға болады.