ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Гулжанат Аманбаевна Жолдасова
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің экономика және құқық пәні оқытушысы
Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына білім мен ғылым жетістіктері ықпал ете отырып, мемлекеттің болашағы оның ұрпағының білімділігімен өлшенеді.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі қадап айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, Интернетті және электрондық почтаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет .
Әлемдік-ақпараттық білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген білім беруге көшудегі негізгі нысана - адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, құзыреттілігі дамыған, тәжірибелі ұрпақ қалыптастыру. Ол үшін мұғалім қазіргі ақпарат ғасырында кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, құзыреттілігін дамытып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Ақпараттандыру – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс.
Білім беруді ақпараттандыру - бiлiм беру жүйесінің барлық қызметiне АКТ-ны енгiзу, оны пайдалану, білім берудегі ұлттық модельдi дамыту, Қазақстанда бiлiм берудi сапалы деңгейге көтеру және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында оның мүмкiндiктерiн қолдану үрдісі.
Бүгінгі күні білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеруге қатысты, қоғамдық ақпаратты пайдалану және мойындаумен байланысты құзыреттіліктер, өмір бойы оқуға қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бара бағалай алу, проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. Бұл мақсатты білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған маман болу талап етілуде.
Білім беру жүйесі қызметкерлері мен болашақ мұғалімдерді даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттырудың жалпы педагогикалық проблемалары Б.А.Әлмұхамбетов, Я.С.Бенцион, Ш.Таубаева, А.А.Жайтапова, Б.А.Тұрғынбаева, Л.И.Колесниченко, М.С.Керімбаева, В.Н.Белолюдцева, Т.М.Баймолдаев, В.П.Топоровский, Е.Т.Гаевская және т.б. ғалымдардың ғылыми жұмыстарында зерттелген.
Білім беруді ақпараттандыру процесі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, мектеп мұғалімдерін АКТ-ны пайдалануға дайындаудың мақсатын, мазмұнын, принциптерін, психологиялық-педаогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруда бағалау ынталарының жүйесін дамытуды Ж.А.Қараев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Г.Қ.Нұрғалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.М.Кеңесбаев, М.Қ.Қаламқалиев, А.Тәжіғұлова және т.б. қазақстандық ғалымдар жан-жақты зерттеген.
Елімізде қазіргі заман талабына әр түрлі ғылымдар бойынша оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, А.Х.Аренова, И.В.Роберт, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Ы.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, В.Я.Ляудис, Ж.Ж.Нұржанова, Н.Ғ.Даумов, А.Б.Медешова т.б., сонымен қатар компьютерлік оқыту құралдарын енгізу бағытындағы жұмыстар Т.О.Балықбаев, Д.К.Сулеев, Н.Т.Ермеков, Н.Т.Данаев, К.Халықова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Білім саласында компьютерлердің қолданылуының алғашқы кезеңінің теориясы мен практикасы бағдарламаланған оқытуға негізделген. Бағдарламаланған оқытудың негізін салушы ғалымдар американдық дидактиктер және психологтар Н. Краудер, Б. Скиннер, С. Пресси. Бағдарламаланған оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану мәселесі В.П. Беспалько, А.И. Кузнецов, Г.К. Селевко және т.б. еңбектерінде ұсынылған. Компьютерлерді қолданудың психология-педагогикалық мәселелері Е.И. Машбиц, В.В Рубцов, Н.Ф. Талызина, О.К. Тихомиров және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Техникалық құралдарды қолданудың ортақ әдістемелік аспектілері, әсіресе, компьютерлік және олардың педагогикалық тиімділігі А.А. Андреев, В.П. Беспалько, И.Е. Вострокнутов, Б.С Гершунский, В.А. Извозчиков, П.И. Образцов, Е.С. Полат, И.В. Роберт, Т.В. Ежова, O.K. Филатов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Я.А. Ваграменко, В.И. Васильев, А.С. Демушкин, X. Зайнутдинов, В.И. Игнатов, И.Г. Карлащук, А.В. Соловов, Т.Н. Тягунов, Чурилов А.Н. және т.б. ғалымдар компьютерлік оқулықтарды және оқытушы жүйелерді әзірлеудің проблемаларын, компьютерлік тестілеудің бейімдік мәдениетін, оқуға байланысты бағдарламалық құралдардың сапасын бағалаудың нормативтік базасының дамуының келешегін зерттеген.
Оқыту үрдiсiнде АКТ-ны пайдалану мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын елеулі өзгерiстерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесiнде мұғалiм-оқушы-оқулық түрiнде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм-оқушы-компьютер-оқулық жүйесi пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқу-тәрбие үрдісінде компьютердi қолдану мұғалімнің бiлiмі мен бiлiктiлiгіне, ақпараттық құзыреттілігіне қойылатын талаптарды қайта қарап, жүйелеудi және жетiлдiруді талап етедi.
Өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Оның шешімі – оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды ендіру болып табылады.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты - ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары, тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім мазмұнына көшу болып табылады. Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты, қазіргі уақытта ерекше атап өтетін мәселе, зерттеулердің көптігіне қарамастан, электрондық оқытуды техникалық және кәсіптік білім беру үрдісінде қолдануға байланысты дидактикалық аспектілерінің толыққанды өңделмегені, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі орын алып отыр. Сондықтан студенттердің ғылыми негізделген «E-learning» электрондық оқыту технологиясын ұйымдастырудағы шынайы қажеттілігі мен оның колледждегі кәсіби дайындық барысындағы тиімді қолдануындағы педагогикалық шарттардың жеткіліксіз өңделуі, АКТ-ның білім беру жүйесіне кеңінен енуі, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуды іске асыруға негізделген жұмыстарының жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық орын алып отыр.
Осыған орай, зерттеудің негізгі мәселесі жоғарыдағы аталған қарама-қайшылықты шартты түрде шешуге және студенттердің кәсіптік даярлығында «E-learning» электрондық оқыту, АКТ қолдану арқылы ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін анықтауға бағытталған. Осы аталған қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және тақырыпты:
Достарыңызбен бөлісу: |