Қазіргі оқу процесінде В.Ф.Шаталов технологиясының қандай мән-маңызы бар? "Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Табиғатта педагогикаға қарағанда анағұрлым күрделі ғылым жоқ. Және оның күрделілігі, ең алдымен, оның мыңдаған компоненттерінің өзара байланысында. Оның жауапкершілік шарасы - адам! Бұл туралы әр күн сайын, біздің ұстаздық өміріміздің әр минутында есте сақтағанымыз жөн", – деп В. Ф Шаталов өзі айтқандай, ең күрделі процессте аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар бар және олар өз сабақ беру тәжірибелерінде қандай әдістерді қолданып жүр?
Педагогикалық әдістемелік процестерде В.Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек – сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.
Дәл осы әдістің тиімділігі-уақыт үнемдеуде және нақты дәл есептелген оқу процесін құра білуде. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:
Мұғалім:
- оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады
- мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;
- баға қоры молаяды;
- оқушы білімі әділ бағаланады.
Оқушы:
• берік білім негізі қаланады;
• сөйлеу қабілеті дамиды;
• тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;
• танымдық процесі нығаяды;
• қарым – қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;
• пәнгедегенқызығушылығыартады;
• шығармашылығы шыңдалады.
Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,жаңашылдыққа бет бұрады.
Міне, әлемдік өркениеткеқ адам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.
Маратова Раушан Серікқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті.