Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата31.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#10841
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ  

 

Оқу-әдістемелік құрал  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2014 

 



 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2014 жылғы 29.05. № 4 хаттама).  

 

 



Қазіргі  сабақты  жобалау  және  ұйымдастыру.  Оқу-әдістемелік  құрал.

 

– 

Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 48 б.  



 

 

 



 

Бұл  әдістемелік  құралда  жалпы  білім  беретін  мектептерде  сабақтарға 

қойылатын  негізгі  талаптар  мен  заманауи  сабақты  жобалаудың  құрылымы, 

сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және оларды қолдану жолдары 

қарастырылған.  Сонымен  қатар  қазіргі  кезде  сабақты  жобалау  мен 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.  

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге 

арналған.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2014.  

 


КІРІСПЕ  

 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 



мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 

Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани  дамыған  азаматын 

қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның  табысты  болуын  қамтамасыз  ететін 

білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты 

үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту мәселесі атап көрсетілген [1].  

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман 

дайындау. Демек, қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті 

тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге 

бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну  –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті 

мәселелердің бірі. Осыған орай бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту 

үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.  

Білім  берудің  мақсаттары  мен  мазмұны  өзгеруде,  оқытудың  жаңа 

құралдары  мен  технологиялары  пайда  болуда,  осыған  қарамастан  сабақ  оқу 

үрдісін ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қала береді.  

Сабақ  –  оқу  процесінің  шешуші  буыны,  сондықтан  оқушылардың  пән 

бойынша  алған  білімдерінің  сапасы  да  ең  алдымен  әр  сабақтың  ғылыми-

әдістемелік  дәрежесіне  және  жалпы  алғанда  сабақтардың  бүкіл  жүйесіне 

байланысты. Оқу бағдарламаларымен және тұрақты сабақ кестесімен оқытуды 

ұйымдастыру формасы болып табылатын сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық 

компоненттері  –  мақсаты,  мазмұны,  құралдары,  әдістері,  тәсілдері, 

ұйымдастыру  мен  басқару  қызметтері  және  оның  барлық  дидактикалық 

элементтері қарастырылады. Ал оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу 

үдерісінде  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік  білігін  игеруіне  бағытталған 

негізгі қызмет түрлерінің бірі.  

Қазіргі  заманғы  сабақ  –  ол,  ең  алдымен  мұғалім  оқушының  тұлғалық 

дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның 

бойында  адамгершілік  негіздерін  қалыптастыруды  шебер  қолданылатын  оқу 

үрдісінің бір түрі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі 

білімді  меңгеруімен  шектелмей,  тұлғаның  жалпы  дамуымен,  оның  танымдық 

және  жасампаздық  қабілеттерінің  қалыптасуымен  байланысты  болуы  тиіс. 

Қазіргі  сабақ  баланың  ересектік  өмірге  белсенді  кіруіне  жағдай  жасайтын, 

қоғамның  заманауи  талаптарына  сәйкес  қасиеттердің  дамуын  қамтамасыз 

ететіндей болуы қажет.  

Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  бүгінгі  күннің  сабағына  өзінің  әсерін 

тигізуде,  инновациялық  педагогикалық  және  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.  



Қазіргі  сабақтың бірінші  моделі деп  дәстүрлі сыныптағы сабақты айтуға 

болады,  ол  мектеп  тәжірибесінде  жылдар  бойы  тиімді  іске  асып  келеді.  Бұл 

модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының 

мәдениеті  қалыптасқан,  сондай-ақ  сабақтың үштұғырлы  мақсаты  мен жоспар-

конспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және 

басқа терминдер қолданылады. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі 

 


заманауи  сабақты  өткізудің  және  ұйымдастырудың  негізін  қалаушысы 

болатынын  атап  кеткен  жөн.  Сабақ  өзгеріске  ұшырағанымен,  оның  негізінде 

классикалық педагогика мен әдістеме қалады.  

Қазіргі  сабақтың  екінші  моделі  білім  беруді  технологияландырылуымен 

байланысты.  Педагогикалық  технологиялар  білім  беру  саласына  өткен 

ғасырдың  90-шы  жылдарында  келе  бастады  және  оларға  тән  ұғымдарын 

(тақырыптық  және  күнделікті  сабақ  жоспарының  технологиялық  картасы, 

технологиялық  тәсілдер,  технологияның  кезеңдері,  кезеңдердің  міндеті) 

құрастыруға  мүмкіндік  берді.  Бұл  модельдің  пайда  болуының  нәтижесінде 

мектеп  оқушыларын  оқытудың  әдіс-тәсілдері  өзгерді,  олардың  белсенділігі 

және ең бастысы өзара байланысы артты.  

Қазіргі заман талабына сай білім беру саласын жетілдірудің өзекті мәселесі 

ретінде  оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыруға  негізделген  сабақты,  яғни 

сабақтың үшінші моделі туралы айту қажеттілігі туындады. Бұл дидактикалық 

модельдің  өзіне  тән  жобалау  мәдениеті  мен  ұғымдары  (негізгі  және  базалық 

құзыретіліктер,  баланың  тәжірибесі,  өмірлік  әртүрлі  жағдаяттарда  шешім 

қабылдай білуі, психологиялық-педагогикалық жағдайлар және тағы басқалар) 

бар.  

Сонымен,  қазіргі  сабақ  –  бұл  тану,  ашу,  іс-әрекет,  қарама-қайшылықтар, 



даму,  өсу,  білімге  апаратын  саты,  өзін-өзі  тану,  жетілдіру,  қызығушылық, 

таңдау,  кәсіпкершілік,  алға  бастау,  сенімділік,  қажеттілік  сабағы  және  қазіргі 

сабаққа  тән  ерекшелік  –  оқушылардың  белсенді  (өздігінен)  оқу  қызметі. 

Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  белсендендірудің  тәсілдерінің  бірі  – 

оларды  ойлаудың  түрлерін  (саралау,  жинақтау,  салыстыру,  маңыздысын 

белгілеу, қорытынды жасау) үйрету.  

Кез  келген  сабақтың  дүниеге  келуі  оның  соңғы  мақсаттарын  дұрыс 

анықтаудан,  оларға  қол  жеткізуге  көмектесетін  құралдардан,  сабақты  жүргізу 

тәсілін анықтаудан басталады. Оқыту үдерісін басқару педагогикалық үдерістің 

және  педагогикалық  қызметтің  берілген  құрылымына  сәйкес  белгілі  бір 

кезеңдерді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, нәтижені бағалау 

және талдауды өтуді қажет етеді.  

Әдістемелік  құралдың  мақсаты  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

сабақтарға  қойылатын  негізгі  талаптар  мен  заманауи  сабақты  жобалаудың 

құрылымын,  сабақты  ұйымдастырудың  жаңа  технологиялары  және  оларды 

қолдану  жолдарын  қарастыру  болып  табылады.  Сонымен  қатар  қазіргі  кезде 

сабақты жобалау мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру. Осы 

әдістемілік  құрал  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне,  әдіскерлерге 

әдістемелік көмек көрсету мақсатымен ұсынылып отыр.  

 

 



 

 

 



 

 

 



1 Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар  

 

Оқыту  –  ғылыми  білім,  білік  және  дағдыларды  игеруі  бойынша, 



шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды 

дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен 

ынталандырудың педагогикалық үрдісі [1].  

Оқыту  –  бұл  басқарылған  таным  үрдісінде  өтетін  қарым-қатынас, 

қоғамдық-тарихи  тәжірибені  меңгеру,  жаңғырту,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 

негізінде нақты іс-әрекетті игеру [2].  

Оқытудың  қоғамдағы  міндеттерінің  мәні  ұрпақтардың  сабақтастығы, 

қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруы, тұлғаның соған сәйкес дамуына 

мүмкіндік  жасауында  және  балалар  мен  ересектердің  өзара  бірлескен  іс-

әрекеттерін  мақсатқа  бағыттап  ұйымдастыруында.  Аталған  әрекеттерді  іске 

асыра отырып, оқыту үрдісін дамытудың ең негізгі көрсеткіштерін үш мақсатқа 

негіздеп топтастыруға болады:  

-

 

білімділік  –  оқушылар  ғылым  негіздерін,  білім,  білік  және  дағдыны 



меңгеру, өздерінің рухани және еңбек қабілеттерін дамыту, еңбек және кәсіби 

дағдыларының бастамасын игеруді көздейді;  

-

 

тәрбиелік  –  әр  оқушыны  адамгершілік  қасиетіне,  ғылыми-танымдық 



ұстанымы  бар,  шығармашылық  жағынан  белсенді  және  әлеуметтік  жетілген, 

үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Демек, білім берудің басты мақсаты – 

адал,  адамгершілігі  жоғары,  білікті,  өз  бетінше  жұмыс  істей  алатын,  өзінің 

адами мүмкіндіктерін іске асыра алатын адам тәрбиелеу;  

-

 

дамытушылық  –  жеке  тұлға  тілінің,  ойлауының  сенсорикалық  және 



қимылдық саласының, сезімдік-еріктік және қажетті-мотивациялық саласының 

дамуы [3]. Білім берудің мақсаты – оқыту процесін ұйымдастыру мен бағыттау, 

оның  мазмұны,  әдістері  мен  формаларын  анықтау.  Ол  өзінің  құрамына  білім 

берудің  жалпы  адамгершіліктік,  әлеуметтік-топтық,  жеке  тұлғалық 

мақсаттарды  да  қамтиды.  Қоғамның  өзгеру  және  даму  деңгейіне  сәйкес  білім 

берудің мақсаттары да өзгеріп отырады.  

Білім  беру  процесінің  негізі  –  оқыту.  Білім  беру  құрылымындағы  оқыту 

дегеніміз  мұғалімнің  оқушымен  тікелей  немесе  жанама  байланыстағы  іс-

әрекеті.  Бірақ  бұл  байланыс  қай  түрде  болғанына  қарамастан,  оқыту  процесі 

білім  алудың  белсенді  болуын  көздейді.  Оқушылардың  іс-әрекеті  мұғалім 

тарапынан  қамтамасыз  етілген,  ұйымдастырылған  және  бақылауға  алынған 

жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу дағдысы 

қалыптасқанда ғана білім алу процесі белсенді бола алады. Жалпы білім беру 

процесі барысында:  

-

 

мұғалімнің  ақпаратты  іріктеуі,  жүйелеуі,  құрылымдауы  және  оны 



оқушыларға жеткізе алуы;  

-

 



бұл  ақпаратты  және  онымен  жұмыс  істеу  жолдарын  оқушылардың 

қабылдауы,  түсінуі,  меңгеруі  сабақ  және  сабақтан  тыс  өз  бетінше  білім  алуы 

барысында жүзеге асырылады.  

Іс  жүзінде  оқыту  процесі  жалпы  және  нақты  заңдылықтарға  сәйкес  іске 

асырылады.  Оқыту  процесінің  нақты  заңдылықтары  деп  дидактикалық, 

 



психологиялық, әлеуметтік және ұйымдастыру заңдылықтарын айтуға болады. 

Оқытудың жалпы заңдылықтарын келесі топтарға бөлуге болады.  

Оқыту мақсаттарының заңдылығы:  

-

 



қоғамның даму деңгейі мен қарқынына;  

-

 



қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне;  

-

 



педагогика ғылымы мен тәжірибесінің даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне 

тәуелді.  

Оқыту мазмұнының заңдылығы:  

-

 



қоғамның қажеттіліктері мен білім берудің мақсаттарына;  

-

 



әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына;  

-

 



білім  беру  мекемелерінің  материалдық-техникалық  және  экономикалық 

мүмкіндіктеріне;  

-

 

оқытудың теория мен тәжірибесінің даму деңгейіне;  



-

 

жас ерекшеліктеріне тәуелді.  



Оқыту сапасының заңдылығы:  

-

 



алдыңғы кезеңнің жетістіктері мен нәтижелеріне;  

-

 



оқылатын материалдың сипаты мен көлеміне;  

-

 



білім алушыларға ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал жасауына;  

-

 



оқушылардың оқуға деген ынтасына;  

-

 



оқыту уақытына және оқытудың әр жаңа кезеңіне тәуелді.  

Оқыту әдістерінің заңдылығы:  

-

 

әдістерді қолдана білуі мен қолдану дағдысына;  



-

 

оқытудың мақсаттарына;  



-

 

оқытудың мазмұнына;  



-

 

оқушылардың жас ерекшеліктеріне;  



-

 

оқу процесінің ұйымдастырылуына тәуелді.  



Оқытуды басқарудың заңдылығы:  

-

 



оқыту жүйесіндегі кері байланыстардың қарқындылығына тәуелді.  

Оқушылардың  жеке  және  ұжымдық  іс-әрекеттеріне  мұғалім  әсерінің 

сәйкес болу зандылығы:  

-

 



баланың  қоршаған  дүниені  тануға  деген  ықыласын  жүзеге  асыруға 

жағдай жасауына;  

-

 

мұғалімнің  балаға өмірде  қажет болатын,  оларды  қызықтыратын білімді 



берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.  

Мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттерін  оқытудың  техникалық 

құралдарының (ОТҚ) мүмкіндіктеріне сәйкес болу заңдылығы:  

-

 



мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекетін  заманауи  талаптарға  сәйкес 

жоспарлауды,  ОТҚ  нақты  бір  сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттеріне 

сәйкестікпен қолданауды талап етеді.  

Оқытудың  заңдылықтары  тұлғаның  еркіне  тәуелді  емес,  олар  іс-әрекетті 

ұйымдастыру  барысында  ескерілуі  тиіс  жағдайлар.

 

Оқыту  заңдылықтары 



арқылы  оқыту  процесі  іске  асады.  Оқыту  заңдылықтарының  ерекшелігі  – 

мұғалімнің (оқыту), оқушының іс-әрекеті (оқу) және білім мазмұны арасындағы 

тұрақты  тәуелділіктер.  Оқыту  оқушының  белсенді  іс-әрекеті  және  білім 

мазмұнының  мақсатты  түрде  ықпал  етуі  арқылы  жүзеге  асады.

 

М

ұғалім 



 


оқытудың заңдылықтарынан дамитын оқытудың принциптерін басшылыққа ала 

отырып  білім  берудің  мазмұнын,  әдістерін  және  ұйымдастыру  формаларын 

таңдап,  оқушыларды  жоғары  нәтижелерге  жеткізуі  тиіс.  Мұғалім  оқытудың 

принциптерін дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және 

нәтижелі  болады.  Оқытудың  принциптері  көп  жылдық  тәжірибенің 

қортындыланған  түрі  және  қазіргі  таңдағы  мектептің  жағдайларында  оқыту 

процесінің  өзіне  тән  ерекшеліктерін  ескеріп  отырады.  Оқыту  принциптерін 

тұңғыш  ұсынған  Я.А.  Каменский  адам  табиғаттың  бір  бөлігі  болғандықтан, 

оқыту  да  табиғат  пен  адам  тәуелді  болатын  заңдарға  байланысты  деп 

дәлелдейді.  Сондықтан  оның  пікірінше,  оқытудық  ең  басты  принципі  – 

табиғатқа сай болу принципі. И.Г. Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін 

ерекше  бағалап,  оны  логикалық  ойлауды  дамытатын  маңызды  құрал  деп 

санаған.  К.Д.  Ушинский  оқытудың  халықтық  сипатына  баса  назар  аударып, 

оқытудың  принциптерін  психологиялық  тұрғыдан  қараған.  Ы.  Алтынсарин 

оқыту  ережелерін  қазақ  мектептеріндегі  білім  берудің  ерекшеліктеріне 

байланысты қолдану керектігін айтқан [4].  

А.П.  Пинкевич  ұсынған  принциптер:  оқытудың  өмірмен  және  қоғамдық 

еңбекпен  байланысы;  жас  ерекшелігі  принципін  сақтау;  оқытудың  белгілі  бір 

жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш 

жігерін  дамуға  жұмсау,  жұмыстың  жүйелілігі,  шығармашылық  – 

қызығушылықтың  басты  негізі);  пән  мазмұнының  ерекшеліктерін,  әдістерін 

анықтау [4].  

Оқыту  принциптері  –  оқыту  үрдістерінің  нақты  заңдары  мен 

заңдылықтарының  қозғалысын  бейнелейтін  және  оның  тұлғаны  дамытуға 

бағытталғанын  анықтайтын  негізгі  дидактикалық  ережелер,  оқыту 

принциптерінде  оқу  үрдісін  құруға  және  оны  басқаруға  теориялық  әдістер 

айқын  көрініс  табады.  Олар  мұғалімдер  мен  оқушылар  оқу  үрдісін 

ұйымдастыратын және оны оңтайландыру мүмкіндіктерін іздестіретін ұстаным 

мен бағытты анықтайды [2].  

Оқыту  принциптерін  білу  оқу  үрдісін  оның  заңдылықтарына  сәйкес 

ұйымдастыруға,  оқу  материалының  мақсаттарын  орынды  анықтауға  және 

мазмұнын таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті 

түрін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар оқушыға және оқытушыға 

оқу үрдісінің кезеңділігін сақтауға, өзара қатынас пен бірлесіп қызмет атқаруға 

мүмкіндік береді [2].  

Қазіргі  оқытуда  саналылық, белсенділік,  көрнекілік,  жүйелілік, бірізділік, 

беріктік,  түсініктілік,  ғылымилық,  теория  мен  тәжірибе  бірлігі,  оқытудың 

топтық  және  жеке  түрлерін  тиімді  пайдалану  сияқты  принциптер  кеңінен 

қолданылады. Бұл принциптерге тоқталатын болсақ:  

-

 



саналылық  принципінің  көмегімен  заңдылықтарды,  анықтамаларды, 

фактілерді  білу,  өз  ойын  қорытындылап  дұрыс  жеткізе  алу,  алынған  білімді 

өмірлік  жағдайларда  қолдана  білуді  қамтамасыз  етіледі.  Саналылық  принципі 

оқушының сөйлеу тілін ойлаумен ұштастыра алуымен, туындаған сұрақтарға өз 

бетімен жауап таба білумен сипатталады;  

-

 



белсенділік 

принципі 

оқушылардың 

өздік 


жұмыстарды 

 



шығармашылықпен  орындауын,  оқу  материалын  меңгеруде  белсенді  болуын, 

ойлау әрекетін белсендендіруін болжайды. Белсенділік өз бетімен жұмыс істеу 

қабілетін,  шығармашылық  ынтасын  және  сөйлеу  тілін  жетілдіру  жолында 

үздіксіз жұмыс істеуін қарастырады;  

-

 

көрнекілік  принципі  заттар  мен  құбылыстар  туралы  өзіндік  ойын, 



түсінігін  қалыптастыруға  көмектеседі.  Көрнекіліктің  көмегімен  оқушыларды 

нақты  өмірлік  жағдайларға  дайындайтын  және  тіл  байлығын  дамытуға  ықпал 

ететін оқу жағдаяттары жасалады. Көрнекілік принципі лингвистикалық (жаңа 

сөздерді,  контексті  талқылау,  синонимдер  мен  антонимдерді  іріктеу)  және 



экстралингвистикалық (қимылдар, заттарды көрсету және қоршаған ортадағы 

құбылыстарды бақылау) құралдары арқылы жүзеге асырылады;  

-

 

жүйелілік  принципі  материалды  меңгеруді  қарастырады.  Жүйелілік 



материалды ұсынуды ұйымдастыру мен бірізділігінен көрінеді және оқытудың 

түсініктілігін қамтамасыз етеді;  

-

 

нәтижелердің  беріктілігі  принципі  алынған  білім  оқушылардың 



санасында  сақталып  қалуын  талап  етеді.  Жақсы  меңгеру  үшін  оқылатын 

материалға қызығушылық тудыру қажет;  

-

 

ғылымилық  принципі  білім  мазмұнының  оқушыларды  ғылымның 



заманауи  жағдайын  көрсететін  нақты  ғылыми  фактілермен,  теориялармен, 

заңдылықтармен  таныстыруды  талап  етеді.  Бұл  принцип  оқу  бағдарламалары 

мен  оқулықтарда,  оқу  материалын  іріктеуде  көрініс  табады,  сонымен  қатар 

оқушыларды ғылыми ізденіс әдістерінің элементтерін меңгеруге үйретеді;  

-

 

оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану принципі мұғалім 



оқытуды  ұйымдастырудың  әртүрлі  тәсілдерін  қолдануына  болатынын  және 

қолдануы  тиіс  екенін  білдіреді.  Оқыту  сабақта,  сонымен  қатар  оқушылардың 

сабақтан  тыс  (саяхаттар,  экскурсиялар,  үйірмелер,  қызығушылығына  қарай 

ұйымдастырылған  ұйымдар)  алуан  түрлі  іс-әрекеттері  барысында  жүзеге 

асырылады.  

Оқытудың  бұл  принциптері  дидактиканың  заманауи  біртұтас,  біріккен 

жүйесін құрайды. Олардың бәрі бірігіп оқыту процесінің негізі сабақта жүзеге 

асырылады.  



Сабақ  – бір  пәнді оқытуға  арналған  оқу  сағаты  мектептегі  оқу  жұмысын 

ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты 

оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне 

ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің 

барлық  компоненттері  –  мақсат,  мазмұн,  құралдары,  әдістері,  ұйымдастыру, 

басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. 

Сабақ  арнаулы  оқу  кабинеттері  мен  зертханаларда,  оқу  шеберханалары  мен 

тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі 

(45  минут)  және  оқу  кестесі  бойынша  жүреді.  Сабақтың  басты  мақсаты  – 

мұғалімнің  басшылығымен  оқушыларға  ғылым  негіздерінен  берілетін 

мағлұматтарды  саналы  түрде  игерту,  алған  білімді  іс  жүзінде  қолдана  білуге 

дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттерді қалыптастыру [5]. 

Біртұтас  дидактикалық  жүйе  ретіндегі  оқыту  үрдісіндегі  сабақтың  мәні  мен 

мақсаты  мұғалім  мен  оқушының  ұжымдық-жекелей  өзара  қарым-қатынасына 

 


алып  келеді,  соның  нәтижесінде  оқушылар  білім,  білік  және  дағдыны 

иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары 

дамиды,  сонымен  қатар  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігі  жетіледі. 

Сонымен,  сабақ  –  бір  жағынан,  тұтастай  алғанда  оқытуды  қозғаушы  форма 

түрінде,  екінші  жағынан,  оқытудың  заңдылықтары  мен  принциптерінен 

туындайтын, мұғалімнің  сабақты өткізуді  ұйымдастыруына  қойылатын  негізгі 

талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастырудың формасы.  

«Сабақ» ұғымына берілетін анықтамалардың алуан түрлілігіне қарамастан, 

бұл түсініктің келесі ортақ белгілерін атауға болады:  

1.

 



Сабақ  –  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  негізгі 

формасы,  өйткені  сабақ  барысында  тұлғаның  дамуына  қатысты  білім  берудің 

барлық мақсаттары орындала алады.  

2.

 



Сабақ  –  оқыту  үрдісінің  мазмұнын  құрудың  қарапайым  түрі. 

Сондықтан сабақта бұл үрдістің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, 

әдістері, құралдары, ұйымдастыру мен басқаруға қажетті іс-әрекет және оның 

дидактикалық элементтері болады.  

3.

 

Сабақ  –  оқушыларды  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  қызметін 



атқарады. Сабақтың басты мақсаты аталған қызметтерді жүзеге асыру.  

Дәстүрлі сабақтың мақсаты нені және қалай үйрету мәселесі болса, қазіргі 

сабақ  қашан,  қай  жерде,  кімді  және  не  үшін  оқыту  қажет  екендігін 

қарастырады. Оны шартты түрде жүйеден «шығуды» реттеу дейді. Бұл жолдың 

ерекшелігі  неде?  Мәселе  «Не  үшін  оқытамыз?»  деген  сұраққа  жауап  алудан 

басталды.  Бұл  сұраққа  жауап  ретінде  алынатын  «соңғы  нәтижелер» 

нақтыланады.  Ол  нәтижелерге  жеке  пәндер  бойынша  меңгерген  білім,  білік 

және  дағды  емес,  өмірлік  дағдылар  жатады.  Осыдан  кейін  қарастырылатын 

мәселе  «Оқушыны  оқуға  қалай  үйрету?»  деген  сұрақпен  байланысты.  Демек, 

мұғалім,  негізінен,  оқушыларға  жүйеленіп  өңделген  оқу  материалды  дайын 

күйінде ұсынбайды, оқушыны өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге 

керекті  дағдылармен  (білік,  тәсіл,  т.б.)  қаруландырады.  Осындай  ұстанымда 

ұйымдастырылған  оқу  үрдісінің  нәтижесінде  оқушылар  өмірге  қажетті  кең 

ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады.  

Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақ беру барысында мектептің 

күнделікті оқыту жағдайында шешілуі тиісті дидактикалық міндеттердің (білім 

беру, тәрбиелеу, дамыту) жүйесі ретінде ұйымдастырады және осы міндеттерді 

ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасайды.  

Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты негізгі 

дидактикалық  талаптар  тұрғысынан,  сонымен  қатар  қазіргі  сабақты  өткізумен 

байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (1-кесте):  

Қазіргі  сабақ  дегеніміз  –  сол  кезеңнің,  сол  уақыттың  талаптарына, 

деңгейіне сай сабақ. Заман талабына сай сабақ – тұлғаны заман талабына сай 

бәсекеге  қабілетті  азамат  етіп  оқытуға  бағытталуы  тиіс.  Сабақ  әр  жас  тұлға 

өмірінің  бір  бөлігі,  сондықтан  бала  өмірінің  бұл  бөлігі  жалпы  адамзат 

мәдениетінің  жоғары  деңгейінде  өтуі  тиіс.  Сабақ  баланың  үйдегі  өмірімен, 

үйден  тыс  жерлерде  өзінің  достарының  арасындағы  өмірімен  сабақтасып, 

күнделікті өмірінің жалғасы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі күннің оқушылары 

 


«қазіргі сабақ дегеніміз не?» деген сұраққа:  

 

1-



кесте - Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндік ерекшеліктері  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет